Басты бет / Жаңалықтар / Сейфуллин университетінің Ректоры Қ.М.Тіреуов Қытайдың Оңтүстік-Батыс университетімен ауыл шаруашылық саласындағы зерттеу орталығын ашу туралы меморандумға қол қойды
Сейфуллин университетінің Ректоры Қ.М.Тіреуов Қытайдың Оңтүстік-Батыс университетімен ауыл шаруашылық саласындағы зерттеу орталығын ашу туралы меморандумға қол қойды

Просмотров: 1953

Бүгін Сейфуллин университетінің басшылығы ҚХР Оңтүстік – Батыс университетінің өкілдерімен ғылыми негізге бағытталған кездесу өткізді.

Кездесуде Оңтүстік-Батыс университетінің Президенті Ван Цзиньцзюнь, Халықаралық ынтымақтастық және алмасу басқармасының директоры Ло Лэй, Ғылым және технология бөлімінің директоры  Ху Чанхуа, агрономия және биотехнологиялар факультетінің деканы  Люи Дианкью, Президент әкімшілігі мен партком директорының орынбасары мен Халықаралық ынтымақтастық және алмасу басқармасының бірлескен бағдарламалар бөлімінің басшысы Шу Юченг  С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Басқарма төрағасы-Ректоры, ҚР ҰҒА академигі Қ.М.Тіреуов бастаған Сейфуллин университеті басшылығымен алдағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Ректор меймандарға университет тарихынан қысқаша мағлұмат беріп, ҚХР жоғарғы оқу орындарымен университетте маңызды серіктестіктер орныққанын атап өтті.

- Қытай Халық Республикасы – еліміз үшін жан-жақты стратегиялық әріптестік, өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі басты көршілес елдердің бірі. ҚХР бірқатар ЖОО мен ғылыми орталықтарымен тығыз байланыстамыз, - деді Қанат Маратұлы кездесудің басында.

Өз кезегінде Оңтүстік – Батыс университетінің Президенті Ван Цзиньцзюнь кездесуге жиналғандарды оқу орнымен таныстырды. Ван Цзиньцзюнь мырза негізгі келудегі мақсатына тоқталып,  екі университет арасында ғылыми-зерттеу барысында нақты нәтиже беретін жобаларды бастауға дайын екендігін жеткізді.

Бұдан соң, Қонақтарға С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ туралы слайд көрсетіліп, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі проректор, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Р.Ж.Абишева университет жайлы егжей-тегжейлі баяндады.

Сапар аясында ҚХР келген делегация мүшелері Ауылшаруашылық биотехнологиясының ғылыми-өндірістік платформасына, Агроэкологиялық сынақ орталығына (зертхана), Жасанды интеллект зертханасына , Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу жөніндегі ғылыми-эксперименттік алаңға, Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру саласындағы технологиялық құзыреттілік орталығына /Қазақстан-Қытай/ үлкен деректерді талдау орталығына, Өсімдіктер биотехнологиясы зертханасына, «Микроорганизмдер биотехнологиясы» тәжірибелік-өндірістік зертханасына – «БиоҚазАТЗУ» ЖШС, Агрономия факультеті ғимаратының жанында орналасқан картоп өсіретін жылыжайларға, «БиоНорд» ЖШС базасында картоптың асыл тұқымды материалын сорт сынау бойынша тәжірибе алаңына барып, көрді.

ҚХР Оңтүстік-Батыс университеті кең ауқымдағы бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларын ұсынады. Сонымен қатар, кездесуде екі тарап оқытушыларды кәсіби және ғылыми тағлымдамаға жіберу мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді.

Аталған кездесу барысында С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ базасында - Өсімдік шаруашылығы бойынша Қытай-Қазақстан бірлескен зертханасын құру туралы келісімге қол қойылды.