Басты бет / Жаңалықтар / ҚазАТЗУ студенттері ENACTUS KAZAKHSTAN жартылай финалына өтті
ҚазАТЗУ студенттері ENACTUS KAZAKHSTAN жартылай финалына өтті

Просмотров: 795

2024 жылғы 25-26 сәуірде Астана қаласындағы Expo Конгресс-орталығында «ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO» студенттік және мектептік кәсіпкерліктің, стартаптар мен инновациялардың Ұлттық кубогы өтті.

ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2024 – еліміздің ең үздік студенттері БҰҰ-ның 17 тұрақты дамуының 17 мақсатына сәйкес халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған бизнес-жобаларының нәтижелерін ұсынатын бәсекелес алаңы.

Дүбірлі додоға Қазақстаннан 54 команда қатысты: оның 10-ы өтпей, ал 44-і іріктеуден өтті.

Биылғы жылдың қатысушылары арасында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің командасы болды. Біздің команда құрамында 21 студент World Cup League жарысу алаңына қатысып, жартылай финалға шығып, "ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2024 World CUP LEAGUE SEMI-FINALIST" кубогының иегерлері атанды!

ҚазАТЗУ құрамасы Қазақстандағы ауыл шаруашылығы мәселелеріне арналған "ЭкоКорм" жобасын ұсынды. Біздің команда сұрыпталмаған картопты өңдеудің оңтайлы әдісін тапты. Экструзия технологиясын қолдана отырып, байқауға қатысушылар астық компоненттерін сұрыпталмаған картоппен араластыру кезінде тағамдық құндылығы жоғары жеңіл сіңімді құрама жем алу тәсілін әзірледі.

Enactus Қазақстан студенттерге бүкіл ел бойынша университеттерде командалар құруға және ілгерілетуге көмектеседі. Enactus студенттері адамдарға өз өмірін жақсартуға және қатысушылардың кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін әлеуметтік-экономикалық жобаларды жүзеге асырады. Enactus оқытушылары мен іскери серіктестері студенттерге басшылық жасайды және командалардың тәлімгері болады.

Жоба 1975 жылы АҚШ-та басталды. 1995 жылы жоба жаңа қарқын ала бастады және оған Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан студенттері қатыса бастады. Бірнеше жылдан кейін Орталық Азияда ұлттық ұйым пайда болды, оның аясында алғашқы ұлттық жарыстар өтті.

Бүгінгі күнге дейін жобаның басты мақсаты – студенттер мен жастар арасында көшбасшылық пен кәсіпкерлікті ілгерілету болып табылады. Жобаны ұйымдастырушылар кәсіпкерлікті жетілдіретін студенттер айналамызда жақсы әлем жасайды деп сенеді.

Студенттер өз жобаларын бизнес көшбасшылары бағалайтын жыл сайынғы байқауларда ұсынады. Атап айтқанда, олар мұқтаж адамдардың өмір сүру сапасы мен деңгейін жақсарту үшін бизнес тұжырымдамаларын қаншалықты сәтті қолданғаны үшін бағаланады. Осы ұлттық байқаулардың жеңімпаздары Enactus Дүниежүзілік чемпионатына қатысуға шақырылады.

ҚазАТЗУ командасының қатысушылары (instagram: enactus_seifullin): Әбдінағи Ахмет, Әбдіхалық Ернұр, Айжарықова Амалья, Акрамов Данил, Әлжанова Адина, Аманкелдиева Жансұлу, Байғұл Ерлан, Ермағамбетова Айдана, Жақай Дәурен, Жалмұхамбетова Дина, Жантенова Алуа, Ыдырысова Әсем, Қуаныш Ибрагим, Құдайбахыт Қарақат, Құлжанова Тахмина, Недвига Виталий, Рымбеков Әлихан, Стрельцов Владислав, Тәшен Ерқанат, Төлендиев Жасұлан пен Юсупова Дарина.

Әр қатысушыға алғыс сертификаттар табысталды.

Команданы жартылай финалға шығуымен құттықтаймыз!

Ясмина Найзақұл