Басты бет / Жаңалықтар / Сейфуллин университетінде шығармашылық емтихандар басталды
Сейфуллин университетінде шығармашылық емтихандар басталды

Просмотров: 1954

2024 жылы шілденің 8-де С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде В073 «Сәулет» білім беру бағдарламасы бойынша шығармашылық емтихандарды тапсыру басталды. 200-ден астам үміткер өз тілектерін білдіріп, өтінім берді. 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген В073 «Сәулет» білім беру бағдарламасы бойынша «Жоғары оқу орындарға оқуға қабылдаудың үлгілік ережелеріне» сәйкес емтихандар екі кезеңнен тұрады – ҰБТ және шығармашылық емтихандар тапсыру. Ал шығармашылық емтихандарға сызу және бейнелеу кіреді.

Емтихан басталар алдында комиссия мүшелері және академиялық жөнінде департаментінің бас менеджері Ә.Ә. Төлбаев талапкерлерге емтихан тапсыру тәртібін түсіндіріп, сәттілік тіледі!