Басты бет / Жаңалықтар / «Есеп және қаржы» кафедрасының 60 жылдық мерейтойы аясында «Жаңа Қазақстан жағдайында бухгалтерлер мен аудиторларды даярлау» атты дөңгелек үстел өтті
«Есеп және қаржы» кафедрасының 60 жылдық мерейтойы аясында «Жаңа Қазақстан жағдайында бухгалтерлер мен аудиторларды даярлау» атты дөңгелек үстел өтті

Просмотров: 565

2024 жылғы 26 сәуірде «Есеп және қаржы» кафедрасының 60 жылдығына арналған «Жаңа Қазақстан жағдайында бухгалтерлер мен аудиторларды дайындау» тақырыбында дөңгелек үстел университет деңгейінде өткізілді.

Дөңгелек үстелге университетіміздің Басқарма мүшесі - операциондық қызмет бойынша проректоры Омаров С.К., қаржы директоры Арпабаев Е.К., Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Еsil University» мекемесі, «Тұран-Астана» университетінің кафедра меңгерушілері мен профессорлық-ұстаздар қауымы және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бухгалтерлік есеп және бюджеттік жоспарлау Басқармасының басшысы Шакутова З.А., «Аlpha Security Group» ЖШС директоры Льянов Х.М., кафедраның түлектері: «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ корпоративтік қаржы департаментінің директоры Жунусова А.С., «B&M Global Company» ЖШС бас директоры Абдрахманова Б.Т., С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ түлектері клубының төрағасы Майер А.В., Астана қаласы әкімшілігі «Руханият» КГУ басшысы Орынбасарұлы Ә., экономика факультетінің деканы Сабырова М.Е., сонымен қатар экономика факультетінің оқытушылары мен студенттері қатысты.

Дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтті. Шараға қатысқан барлық әріптестер, арнайы шақырылған қонақтар «Есеп және қаржы» кафедрасына толағай табыс пен халықаралық деңгейде өркендеп дамуына ізгі тілектерін жеткізді.