Басты бет / Жаңалықтар / Познань қаласындағы Жаратылыстану ғылымдары университетінің профессоры Роман Холубовичтің ҚазАТЗУ-ға сапары
Познань қаласындағы Жаратылыстану ғылымдары университетінің профессоры Роман Холубовичтің ҚазАТЗУ-ға сапары

Просмотров: 634

Познань қаласындағы Жаратылыстану ғылымдары университетінің ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессоры Роман Холубович ҚазАТЗУ-ға іс-сапармен келді.

Профессор Роман Холубович пен университет ректоры Қанат Маратұлы Тіреуов мырзаның кездесуінде студенттерді оқыту саласындағы нақты міндеттер мен ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Роман Холубович мырза Мемлекет басшысының ынтымақтастықты дамыту жөніндегі ресми өкілі бола отырып, халықаралық деңгейде білім беру сапасын арттыру бойынша дәйекті қадамдар жасауды, мамандарды бірлесіп даярлауды, оның ішінде Познаньдағы Жаратылыстану ғылымдары университетінде магистранттарды даярлауға гранттар бөлуді ұсынды.

Іс-сапар барысында профессор Роман Холубович «Агрономия» бағыты бойынша студенттерге «Тұқымтану және тұқым шаруашылығы» бағыты бойынша дәрістер оқыды, сонымен қатар агрономия факультетінің жас ғалымдары мен профессорлық-оқытушылар құрамы үшін семинарлар өткізді. Семинар барысында Қазақстан мен Еуропа елдерінің өндірісіндегі тұқым ғылымының мәселелері және оларды шешу жолдары талқыланды. Ғалымдар мен студенттердің профессор Роман Холубовичпен өткізген семинарлары жемісті болды, нәтижесінде ғылыми жобаларға белгілі міндеттер қалыптастырылды.

Профессор Роман Холубович жылы қабылдауы үшін университет басшылығына, сондай-ақ ректордың жеке өзі әр түрлі материалдардан жасалған және терең мағынаға ие экпозициялар Қазақстан Республикасының Президенттік орталығына баруын ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді.