Басты бет / Жаңалықтар / ТДМ іске асыру жөніндегі іс-шараларда студенттердің қатысуы
ТДМ іске асыру жөніндегі іс-шараларда студенттердің қатысуы

Просмотров: 927

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (https://farabi.university/Экономика және Бизнес Жоғары мектебінде 2024 жылдың 19 сәуірінде жаһандық жылыну туралы көшбасшылық дәріс өтіп, студенттер мен сарапшылардың назарын біздің заманымыздың маңызды тақырыбына аударды.

Іс-шара Патрис Лумумба атындағы РХДУ өкілдерінің қатысуымен халықаралық деңгейде өткізілді.

Дәріске Қазақстанның 5 университеттерінің студенттері қатысты: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ, Almaty Management University, Magsut Narikbayev University.

Іс-шара спикерлерінің бірі Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Орман шаруашылық ісі» мамандығының 2 курс магистранты Хамит Лиза Борашқызы болды. Ол «Жетінші континент: ашылуы, алаңы, орналасқан жері» тақырыбында баяндама жасады. Онда ол жаһандық жылынуға әсер ететін қалыптасқан «Тынық мұхиты қоқыс дақтары» мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Баяндама тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. 

Қатысушылар қоршаған ортаны қорғау жағдайы, жаһандық климаттың өзгеруінің салдары, жағымсыз әсерлерді азайту үшін шаралар қабылдау қажеттілігі туралы сұрақтарға жауап алды. Іс-шара білім алмасу алаңына айналды және біздің планетамызды қорғауға ұмтылудағы бірлікті атап өтті, климаттың өзгеруіне байланысты мәселелерді шешу үшін бірлескен зерттеулер мен стратегияларды әзірлеудің маңыздылығы көрсетілді.