Басты бет / Жаңалықтар / Өзара ынтымақтастық аясында
Өзара ынтымақтастық аясында

Просмотров: 279

       С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ көптеген жылдар бойы Вайенштефан - Триздорф қолданбалы ғылымдар университетімен аграрлық менеджмент саласында ынтымақтастықта жұмыс атқарып келеді. Әр жыл сайын неміс тілді екі жақты диплом бағдарламасы аясында, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ білім берудің соңғы оқыту жылының студенттері, Германия елінің жетекші фермерлік шаруашылықтары мен кәсіпорындарында студенттердің теориялық және тәжірибелік дайындығы бағдарламасына қатысып келеді. Ағымдағы тәжірибелік семестрде, мамыр айынан қазан айына дейін, студенттер ауыл шаруашылық кәсіпорындарында тәжірибеден өтеді, сонымен бірге мынадай пәндер бойынша: мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, аграрлық техника, өндіріс экономикасы және бизнес менеджменті пәндері семинарларына қатысады. Тәжірибелік семинардан соң, студенттер Вайенштефан - Триздорф қолданбалы ғылымдар университетінің; Аграрлық менеджемент; магистратура бөліміне түсу үшін емтихан тапсырады.

Ынтымақтастық үдерісінде, сабақ жүргізу үшін аталған жоғарығы оқу орынынан, біздің университетке оқытушылар мен қызметкерлер іс-сапарға келіп отырады.

2018 жылдан бастап Вайенштефан - Триздорф қолданбалы ғылымдар университетінің доценті Георг Шауер жылына 2 рет, 1 және 2 семестрде келуде. Осы жолы келген уақытында, 22.04.2024-26.04.2024 аралығында экономика факультетінің Менеджмент және маркетинг кафедрасында сабақтар жүргізді. Сабақтар Аграрлық менеджмент 1-курс магистратнтарына өндіріс экономикасы бойынша семинар түрінде жүргізді.

Сондай-ақ, семинар-сабаққа қызығушылық танытқан өзге де тұлғалар қатысты. Сонымен бірге ғалым университетіміздің басшылығымен әртүрлі форматтағы іскерлік кездесулер өткізілді. Сөйтіп, қонақтарымызға екі жақты тиімді ынтымақтастықтың жаңа бағыттары ұсынылды. Атап айтқанда, біздің білім алушылардың базалық тәжірибе орыны болып табылатын шаруашылықтар, мал шаруашылығы саласындағы іскерлік фермерлерді Германия еліне тәжірибе алмасу үшін ынтымақтастыққа тарту болып саналады.