Басты бет / ЕО Эразмус+ UnWaste жобасы бойынша мониторинг
ЕО Эразмус+ UnWaste жобасы бойынша мониторинг

2021 жылдың 29 сәуірінде ЕО Эразмус+ UnWaste жобасы бойынша «Жоғары білім беру саласының әлеуетін көтеру» №618715-EPP-1-2020-1-DE-EPPKA2-CBHE-JP «Қалдықтарды басқару» - UnWaste Магистрлік бағдарламаны даярлау және енгізу негізінде серіктес елдерде айналмалы экономиканы  (тұйық циклды экономиканың дамуы) дамыту» жобасына алдын-ала мониторинг жүргізілді.

Мониторинг осы жобаның қатысушысы болып табылатын Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің базасында өтті. Қазақстандағы С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ және А.Байтұрсынов атындағы Қостанай аймақтық университеті жоғары оқу орны-серіктестерінің команда мүшелері мониторингке онлайн форматта қатысты.

Мониторингті Білім беру, аудиовизуалды құралдар мен мәдениет бойынша атқарушы Агенттік атынан Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының Ұлттық Кеңсесінің директоры Ш.У.Тасболатова жүргізді. Еуропа Комиссиясының Білім беру, аудиовизуалды құралдар мен мәдениет бойынша атқарушы Агенттігінің жалпы саясаты аясында қатысушы ЖОО және қызығушылық танытқан басқа да өкілдері туралы нақты ақпараттарды алу және олардың іске асуымен танысу үшін жүйелі түрде мониторинг жүргізілуіне ерекше мән береді. Сапардың мақсаты – жүргізілген іс-шаралармен және жобаның нәтижелерімен танысу, туындаған операциялық және қаржылық мәселелерді талқылау және олардың шешу жолдарын анықтау.

Жоба нәтижелері туралы есеп бойынша үйлестірушісі, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай аймақтық университетіндегі экология және география кафедрасының меңгерушісі Г.Б. Юнусова сөз алды. Талқылауға жергілікті үйлестірушілер – С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, экология кафедрасының меңгерушісі Г.К.Сатыбалдиева, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетіндегі география, экология және туризм кафедрасының доценті  А.С. Құрманбаева белсене қатысты.

Мониторингтің жұмысы жемісті болды. Барлық қатысушылар Шайзада Өмірзаққызының сұрақтарына жауап бере отырып, жобадағы өздерінің атқаратын қызметі мен жасалған жұмыстары туралы есеп берді.

Мониторинг барысында жоба нәтижелері бойынша ұтымды және әлсіз жақтары анықталып, қойылған мақсатқа жетуі және болашақты орнықты болуы үшін командалар мен қатысушылар жұмысын жақсарту мақсатында пікірлер айтылып, ұсыныстар берілді.