Басты бет / Еуропалық Одақтың Эразмус+ «UnWaste» жобасы бойынша алғашқы жұмыс кездесуі
Еуропалық Одақтың Эразмус+ «UnWaste» жобасы бойынша алғашқы жұмыс кездесуі

2021 жылдың ақпан айының 11 жұлдызында Еуропалық Одақтың Эразмус + 618715-EPP-1-2020-1-DE-EPPKA2-CBHE-JP «Қалдықтарды басқару» магистерлік бағдарламасын әзірлеу және енгізу негізінде серіктес елдерде айналма экономиканы (тұйық шеңбер экономикасын) дамыту «UnWaste»  жобасы  бойынша алғашқы жұмыс кездесуі өтті. Жоба С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің экология кафедрасында жүзеге асуда. Жобаның жергілікті үйлестірушісі экология кафедрасының меңгерушісі Сатыбалдиева Г.К. Жобаның үйлестірушісі Висмар университеті (Германия). Жобаның серіктестері Латвия университеті (Латвия), Таллин технологиялық университеті (Эстония), Татарстан Республикасының бизнесті дамыту институты (РФ), Санкт-Петербург политехникалық университеті (РФ), Ростов мемлекеттік экономика университеті (РФ), А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті.

Кездесуде Еуропалық Комиссияның жоба офицері Carlo Giuseppe, Висмар университетінің жоба менеджері Gunnar Prause, жоба үйлестірушісі  Анатолий Байферт, сондай-ақ Қазақстан және Ресей Эразмус+ бағдарламасының ұлттық кеңсесінің өкілдері құттықтау сөздерін сөйлеп жобаны іске асыруда сәттілік тіледі.

Кездесу барысында жобаның мақсаты мен міндеттері, кафедралардың  қажеттіліктері, білімнің әртүрлі деңгейлеріндегі дағдылар мен құзыреттілігі, оқу курстардың синхронды және асинхронды компоненттері, кафедраның жетістіктері мен әлсіз жақтарына талдау жүргізіліп, ынтымақтастық құрылымы туралы шешім қабылдау мақсатында көптеген мәселелер қарастырылды.