Басты бет / Студенттік емхана
Студенттік емхана

«ASTANA CLINIC» ЖШС

Сіздерге «ASTANA CLINIC» ЖШС медициналық қызметтерді ұсынатынын хабарлаймыз. Медициналық орталық  №2А жатақхананың 2 қабатында орналасқан.

Клиника 2018-жылдан бастап жұмыс жасайды.

Аймақтық дәрігерлердің қабылдауы Молдағұлова көшесі 29а, 2 қабатта жүргізіледі. Дәрігерге қаралу үшін, Сіз клиникаға E-gov арқылы тіркелу қажет.

Қабылдауға Call-центр 87010333536 номері арқылы жазыла аласыздар.

Мамандар қабылдауы, күндізгі стационар, амбулаторлық хирургия орталығы, реабилитациялық орталық емхананың Кенесары 52 бөлімшесінде орналасқан, аймақтық дәрігердің тағайындауы және көрсеткіш бойынша емді тегін қабылдай аласыз.

Медициналық орталықта Жасөспірімдердің денсаулық  орталығы орналасқан. Орталықта науқастарға медициналық мекемеге тіркеуге қарамастан 10 жастан 28 жас аралығында медициналық, психо-әлеуметтік, заңгерлік көмек көрсетіледі.

Медициналық орталыққа келесі автобустармен жете аласыздар: 19, 33, 48, 14

Емханада келесі мамандар қабылдау жүргізеді: уролог, хирург, гастроэнтеролог, лор, стоматолог, эндокринолог, кардиолог, дерматовенеролог, пульмонолог, невропатолог, инфекционист, функционалдық диагностика дәрігері, ультрадыбыстық зерртеу дәрігері.

Емшара кабинеті 8:00-10:00 аралығында Молдағұлова 29а адресі бойынша жұмыс жасайды

Сенбі және мейрам күндері емхана сағат 8:00-18:00 дейін кезекші дәрігер жұмыс атқарады.

Фильтр кабинет сағат 8:00 - 18:00-ге дейін жұмыс жасайды.

Жексенбі демалыс.

Медициналық қызметкердің сапасы жайлы ішкі аудит және науқастарды қолдау қызметіне 87765211222 жүгіне аласыз.

Қосымша ақпараттарды инстаграмм @ASTANA.CLINIC ала аласыз

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ (МӘМС)