Басты бет / ЕО Эразмус+ «Un-Waste” жобасы бойынша екінші кездесу
ЕО Эразмус+ «Un-Waste” жобасы бойынша екінші кездесу

4 наурыз күні ЕОЭразмус+ 618715-EPP-1-2020-1-DE-EPPKA2-CBHE-JPUn-Waste «Қалдықтарды басқару» магистерлік бағдарламаны дайындау және енгізу негізінде серіктес мемлекеттерде тұйық шеңбер экономикасының дамуы» жобасына қатысушылардың кездесуі болды. Онлайн-сессия онлайн-контент мәселелеріне және жоба тақырыбына қатысты техникалық мәселелерді талқылауға арналды.

Кездесуде жоба серіктестері ұйымдастырушылар ұсынған үш жылға арналған күнтізбелік жоспарды бекітті. Сондай-ақ жұмыс ауқымы қарастырылып, соның аясында әрбір қатысушы-серіктес жұмыс тәсілдері  мен оны іске асыру туралы өз ұсыныстарын енгізді. Мысалы, жобаның алғашқы міндеттерінің бірі – қалдықтарды басқару бойынша әрбір университеттің қажеттіліктерін анықтау, мықты жақтарын білу, қолдағы бағдарламаны күшейтуге немесе еуропалық университеттердің ұсыныстарын ескере отырып жаңа бағдарламалар жасауға көмек болатын пәндер мен практикаларды таңдап алу болып табылады. Пікірталас барысында кейбір магистерлік бағдарламаның университеттің жұмыс бағдарламасына бағытталуы және стратегиясы бойынша мүмкіндіктері жағынан университеттер арасында айырмашылықтар бар екені анықталды. Мысалы, С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-дің магистерлік бағдарламасы аясында ауылшаруашылық қалдықтарына баса мән берілу керек, өйткені бұл біздің университетіміздің ерекшелігі болып табылады.

Мұнан басқа, білім беру бағдарламасының әдіснамасын талдауға байланысты үлкен жұмыстар атқарылды. Курстарды дайындау барысында еуропалық және ресейлік әріптестер ұсынған практикалар ішінен инновациялық әдістер мен тәсілдерді пайдалану қажет. Кросс-кейс-талдау жүргізіліп 3 бағытта оқыту ұсынылды: а) оқу бағдарламаларының мазмұны мен құрылымы; б) педагогикалық формалар мен әдістер; c) оқытушылардың қатысуы және студенттермен өзара байланысы.

Сонымен, кездесу барысында ауқымды мәселелер талқыланып, жоспарлар бекітіліп, болашақта университетте қалдықтарды басқару саласында мамандар даярлауда жақсы нәтижелерге жету үшін, бар күшті біріктіру үшін әрбір серіктес-университет орындайтын жұмыстың көлемі мен тапсырмалары айқындалды.