Басты бет / «Жасыл экономикадағы табиғи ресурстарды интеграциялық басқару» VII Халықаралық жазғы мектебіндегі «UnWaste» жобасы үйлестірушісінің сөйлеген сөзі
«Жасыл экономикадағы табиғи ресурстарды интеграциялық басқару» VII Халықаралық жазғы мектебіндегі «UnWaste» жобасы үйлестірушісінің сөйлеген сөзі

Жыл сайынғы VII Халықаралық «Жасыл экономикадағы табиғи ресурстарды интеграциялық басқару» онлайн жазғы мектебі С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті базасында ұйымдастырылды. 2021 жылғы 21 маусым мен 2 шілде аралығында әлемнің 13 елінен 100-ден астам – студенттер, магистранттар, докторанттар, сондай-ақ оқытушылар келді. Атап айтқанда Италия, Германия, Польша, Түркия, Марокко, Ирландия, Чех Республикасы, Швеция, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Түрікменстан елдердең қатысты. Мектептің ұйымдастырушысы С. Сейфуллин атындағы КАТУ «Орман шаруашылығы, жабайы табиғат және қоршаған орта» факультеті болды.

Күн сайын алыс және жақын шетелдердің жасыл экономика, нақты ауыл шаруашылығы саласындағы серіктес жоғары оқу орындарының лекторлары, профессорлары дәрістер мен практикалық сабақтар өткізді.

Мектеп дәріскерлері С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ-да іске асырылып жатқан ЕО Эразмус+ жобаларының нәтижелерін ұсынды. Германияның Висмар университетінен келген Prof. Dr. Gunnar Prause, жоба үйлестірушісі «қалдықтарды басқару» магистрлік бағдарламасын (EU Erasmus+ project UnWaste «Advancing Circular Economy in Partner Countries by Development and Implementation of Master Programme «Waste Management») әзірлеу және іске асыру жолымен серіктес елдерде тұйық циклді экономиканы дамыту «UnWaste» жаңа жобасы туралы ақпарат ұсынды. Сондай-ақ, Ростов мемлекеттік экономикалық университетінің тұрақты даму және қоршаған ортаны қорғау институтының директоры, UnWaste жобасының ресейлік серіктесі, профессор Сергей Тяглов «Жасыл экономика негіздерін қолданудағы перспективалық бағыттар» (promising trends in the application of the foundations of a green economy) баяндамасымен сөз сөйледі. Дәріскерлер UnWaste жобасының бағыты мүлдем жаңа екенін және университет жаңадан құрылған Орман шаруашылығы, жабайы табиғат және қоршаған орта факультетінің «Экология» және «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» кафедраларында жүзеге асырылатын «қалдықтарды басқару» модулін әзірлеу бойынша жұмыс істейтінін атап өтті.

Факультет деканы Дани Сәрсекованың айтуынша, жазғы мектептің қатысушылары үшін жаңа білім алу, Орман шаруашылығы, экология және жабайы табиғат саласында ғылыми зерттеулер жүргізудің инновациялық технологиялары мен әдістемелерін игеру басты мақсат болып табылады.