574099-EPP-1-2016-1-ITEPPKA2-CBHE-SP PAWER

Өңіраралық ұтқырлыққа және сәйкестікті, сапа мен қолжетімділік теңдігін қамтамасыз етуге жол салу

Жоба үйлестірушісі: Л'Аквила университеті, Италия

Бағдарламаға өатысушы елдері: Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Польша

Қазақстаннандық серіктестер:

  1. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  2. Қазақ ұлттық аграрлық университеті
  3. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
  4. Еуразия Инновациялық университеті
  5. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 

Жоба мақсаты: Жоғары білім беру жүйелерінің халықаралық өлшемін және олардың үйлесімділігін, 4 өңір мен Жоғары білімнің еуропалық кеңістігі арасында нығайту үшін сенімді ортақ құралдарды дамыту арқылы өңіраралық интеграция мен ынтымақтастықты нығайту; 4 түрлі аймақтарға тиесілі 8 серіктес елдерден 24 университеттеің модернизациясын, жетімділігін және интернационалдандыруды қолдау. 

Жоба міндеттері:

  1. Әрбір серіктес елде пайдаланылатын кредиттік жүйе туралы біліммен бөлісу, әрбір серіктес ЖОО-да «несие» мәнін талдау, сонымен қатар «оқу нәтижелерін» және «оқу жүктемесін» анықтау үшін «жалпы тұжырымдаманы» дамыту.
  2. Серіктес елдерде ECTS қолдану және пайдалану туралы ақпаратпен алмасу.
  3. ЕО-та 111 қызметкерді нақты 1 апталық қайта даярлауды пайдалана отырып, жоспарлау, ұсыну және курстарды бағалау деңгей саласында кадрлық әлеуетті жақсарту.
  4. Алдыңғы бірлескен жобалар аясында әзірленген кейбір курстарда нақты пилоттық мысалдарды іске асыру.
  5. Әрбір серіктес университетте бағалау жүйесін талдау, сонымен қатар таңдалған курстарда нақты салыстыруды қамтамасыз ету.
  6. 4 аймақта жоба аясында кредиттерді мойындау мен бағаларды қайта есептеу туралы деректерді жинау.
  7. Пилоттық курстар арасында кем дегенде 5 оқу салаларында, соңғы 3 жыл ішінде студенттердің оқу нәтижелері туралы пайыздық мәліметтермен кестені ұсыну.
  8. Жоба қызметін және нәтижелерін бағалау мақсатымен сапа жоспарын құру, сонымен қатар мерзімді бағалауды жүргізу.
  9. «Кредиттік ұтқырлық» бағдарламасы және ведомствоаралық ынтымақтастыққа сәйкес екіжақты келісімдерге қол қою арқылы ЕО университеттермен ынтымақтастықта келесі əрекеттерді орнату.
  10. Жоба бойы басқа аймақтық университеттер, жергілікті билік органдары және министрліктердің қызметкерлері үшін тиісті тарату стратегиясын, нәтижелер құралын және құжаттарды орнату мен қолдану.

 

Жоба Еуропалық комиссияның қолдауымен қаржыландырады. Бұл жариялым Еуропалық комиссияның көзқарасын көрсетпейді және университет жауапкершілігінің заты болып табылады

PAWER жобасы аясында бірінші координациялық кездесу

2017 жылдың 27-сі мен 28-і аралығында Вроцлавта (Вроцлав қаласы, Польша) жаратылыстану ғылымдары университетінде  «Өңіраралық ұтқырлыққа және сапа мен қолжетімділіктің сәйкестігін қамтамасыз етуге жол салу» жобасы аясында алғашқы координациялық кездесу (Kick-off meeting) өтті. Осы кездесуге Италияның, Болгарияның, Польшаның және Ұлыбританияның университетері, сондай-ақ әртүрлі 4 аумаққа (ОA, Ресей, Кавказ және Азия) жататын 8 елден серіктес университеттер қатысты.

Бірінші күні ресми ашылуда Вроцлавта жаратылыстану ғылымдары университетінің өкілі құттықтау  сөз сөйледі. Бас координатор Анна Тоцци ханым PAWER жобасының мақсаты, міндеттері және жұмыс жоспары жөнінде презентациясымен баяндама жасады. Әр серіктес елдердің ұлттық координаторлары ұлттық және институттық деңгейдегі ұтқырлық пен таным жөнінде презентациямен сөз сөйледі. Сессия жобаның жұмыс жоспарын талқылаумен аяқталды. 

Екінші күні PAWER жобасының қаржы менеджері Марко Калабрезе сөз сөйледі. Ол бағдарламаның қаржылық ережелерін айқындау мақсатында есепті және барлық қаржылық жетекшілікті түсіндірді.

Алғашқы жұмыстық кездесуде жергілікті координатор Байтеленова А.А. қатысты.

Кездесудің соңында барлық қатысушыларға кездесуге қатысуы туралы сертификаттар табысталды.

PAWER SP жобасы аясындағы екінші кездесу

Кездесу Монғолия ұлттық университетінің проректоры профессор Б.Очиргуягтың құттықтау сөзімен басталды. Өз сөзінде ол университет үшін және монғол студенттерінің жаңа буыны арасында интернационалдандыру және әлеуетті арттыру жөніндегі стратегия үшін PAWER жобасының маңыздылығын атап өтті.

Алғашқы құттықтау сөзден кейін Л'Акуил университетінің халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры және жобаның бас координаторы профессор Анна Тоцци жобаның негізгі мақсаттарына қысқаша тоқталып өтті. Профессор Тоцци "мобильділік", "кредиттерді тану", "жалпы тіл"мәндерін ерекше атап өтті.

Жобаға жалпы шолуды Л'Акуил университетінің өкілі доктор Массимилиано Д'Нонкоцено жасады, ол жобаның негізгі қызметтері мен жобаның бірінші және екінші дылына арналған жоспарды баяндады. Сонымен бірге доктор Д'Нонкоценосеріктестік келісімдер, қаржылық сәйкестендіру нысандары жөніндегі және Кавказ университетін ауыстыруды мақұлдау жөніндегі хат туралы жетіспейтін әкімшілік құжаттарды атап өтті.

«ЕК-ке оқу сапарларын ұйымдастыру» бойынша (Даму) Мидлсекс университетінің (Англия) өкілі доктор Георгиос Дафулас баяндады.ол жалпы жүргізілген іс-шаралар жөнінде және Еуропада 2017 жылдың қазан айының соңында ұйымдастырылатын оқыту аптасына дайындық жөнінде хабарлады. Талқылау барысында оқыту аптасы жобаның алғашқы формасында қарастырылғандай химиялық технология және металлургия университетінде (Болгария) емес,  Мидлсекс университетінде (Ұлыбритания), Сегеда университетінде (Венгрия) және Вроцлавта қолданбалы ғылымдар университетінде (Польша) өтетіні жөнінде ресми шешім қабылданды. Барлық жұмыс пакеттері бойынша жұмыс пакеттерінің жетекшілері дедлайнды жүзеге асыру мен сақтаудың маңыздылығын атай  отырып баяндама жасады.

Күн тәртібіне сәйкес кездесудің соңғы күні Л'Акуил университеті мен әрбәр серіктестің арасындағы жеке кездесулерге арналды. Бұл жиында серіктестер құжаттарды толтыру кезінде, ақша аударуда, құжаттарды ұсынуда тап болатын бірнеше мәселелер негізгі назарға алынды. Барлық жеке кездесулер «Сұрақтар және Жауаптар» қысқа сессиясынан кейін аяқталды.

Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

Мидлсекс университетінде өткен семинар-тренинг, Ұлыбритания

2017 жылдың қарашасында Middlesex London университетінде (Ұлыбритания) Еуропалық кеңестің Эразмус+ + PAWER «574099-EPP-1-2016-1-IT-EPPKA-CBHE-SP «Өңіраралық ұтқырлыққа және сапа мен қолжетімділіктің сәйкестігін қамтамасыз етуге жол салу» жобасы аясында оқыту семинар-тренингі болып өтті. Жобаның координаторы Лаквил Университеті болды, Италия. Бұл семинар тренингке серіктес ЖОО -нан 34 өкіл  қатысты, соның ішінде С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-дың атынан агрономиялық факультеттің деканы Стыбаев Ғ.Ж. және халықаралық қатынастар мен көптілді білім беруді дамыту орталығының халықаралық бағдарламалар координаторы Китайбекова С.О. қатысты.

«Кредиттерді бөлу және жіктеу жүйелерін тану және тарату» семинарында келесі сұрақтар қарастырылды: ЕС елдерінің (Ұлыбритания, Польша, Венгрия, Италия), Орталық Азия елдерінің (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан), Кавказдың (Азербайджан, Грузия), Монғолия және Ресейдің оқыту жүйелері, Болондық процестің циклі, ECTS кредиттерін қайта жабу, академиялық ұтқырлық бойынша ЖОО-ның саясаты.

Семинар-тренинг интерактивті формада өтті. Әрбір ЖОО өз портфолиосын құрады, ол семинар барысында қолдау тапты. Әр презентация нақты талаптарға негізделді, яғни жалпы аспектілер және ЖОО арасындағы айырмашылықтар анықталды.Тренинг кезінде алған білімдерін таратуға қатысушыларды дайындауға ерекше көңіл бөлінді. Семинардың соңында қатысушыларға серитификаттар берілді. Ғылым мектебі ұйымдастыру комитетінің мүшесі  доктор Georgios Dafoulas семинарға келген қатысушыларды Middlesex London университетімен таныстырып, кампуста экскурсия жүргізді. Семинар-тренинг Лондон қаласындағы Middlesex графтығының Мэри ғимаратында өтті. Барлық семинарға қатысушыларға қатысуы туралы сертификаттар берілді.

PAWER жобасы аясындағы үшінші кездесу және мониторинг ҚазҰАУ

574099-EPP-1-2016-1-ITEPPKA2-CBHE-SP PAWER «Өңіраралық ұтқырлыққа және сапа мен қолжетімділіктің сәйкестігін қамтамасыз етуге жол салу» жобасы аясындағы үшінші кездесу және мониторинг ҚазҰАУ (Алматы)

2018 жылдың 16-сы мен 17-ші мамыр аралығында Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде (Алматы қаласы) 574099-EPP-1-2016-1-ITEPPKA2-CBHE-SP PAWER «Өңіраралық ұтқырлыққа және сапа мен қолжетімділіктің сәйкестігін қамтамасыз етуге жол салу» жобасы аясындағы үшінші кездесу өтті. Бұл кездесуге Италияның, Болгарияның, Польшаның және Ұлыбританияның университетері, әртүрлі 4 аумаққа (ЦA, Ресей, Кавказ және Азия) жататын 8 елден серіктес университеттер, сонымен бірге Қазақстандағы Эразмус+ ұлттық кеңсесінің координаторы Тасбулатова Ш.У. қатысты. С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-дың атынан жобаның жергілікті координаторы Байтеленова А.А., «Топырақтану» кафедрасының меңгерушісі Рамазанова Р.Х., «Топырақтану» кафедрасының аға оқытушысы Кульжанова С.М.,  ЦРМСиПЯО халықаралық бағдарламаның координаторы Китайбекова С.О. қатысты.

Кездесу университет ректоры профессор Т.Есполовтың құттықтау сөзімен басталды. Өз сөзінде ол университеттің жетістіктері жөнінде айтты және PAWER жобасының маңыздылығына тоқталып өтті. Одан кейін Қазақстандағы Эразмус+ ұлттық кеңсесінің координаторы Тасбулатова Ш.У. құттықтау сөзін сөйледі.

Жобаға жалпы шолуды Л'Акуил университетінен келген доктор Массимилиано Д'Нонкоцено өз презентациясында көрсетті, жобаның негізгі қызмет түрлерін, жобаның екінші және үшінші жылдарына арналған жоспарды қысқаша шолып өтті.

Бағдарламаға сәйкес  күн тәртібінің 2-3 сұрақтары бойынша  Мидлсекс университетінен (Англия) келген доктор Георгиос Дафулас сөз сөйледі. Ол 2017 жылдың соңында жүргізілген іс-шаралар мен оқыту тренингтері жөнінде хабарлап өтті. Талқылау барысында, университеттің әкімшілік және академиялық қызметкерлері үшін ретренинг жүргізілуі қажет екендігін айтты.

4- сұрақ бойынша Сегед университетінен келген (Венгрия) Т.Моностори баяндама жасады. Өз презентациясында ол пилотты дайындық үшін 5 бағытты таңдау керектігі жөнінде айтты. Талқылау барысында пилотты дайындықты 2018-2019 оқу жылында бастау жайлы шешім қабылданды.

5- сұрақ бойынша Вроцлав (Вроцлав қаласы, Польша) жаратылыстану ғылымдары университетінің өкілі К.Кафарски баяндады. Ол өз сөзінде жобаның және жоба бойынша кездесулердің  мониторингі мен сапасын бағалау үшін сауалнамалар дайындалғанын айтты. Әр іс-шарадан кейін сауалнамалар толтырылып, сауалнамаларды өңдеу және талдау жүргізіледі.

Екінші күні PAWER жобасының қаржы менеджері Марко Калабрез сөз сөйледі. Ол жоба бойынша есептер мен барлық қаржылық жетекшілікті  толықтай түсіндірді.

Күн тәртібіне сәйкес кездесудің соңғы күні Л'Акуил университеті мен әрбір серіктестің арасындағы жеке кездесулерге арналды. Барлық жеке кездесулер «Сұрақтар мен Жауаптар» қысқа сессиясынан кейін аяқталды.

2018 жылдың 17 мамырында Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде (Алматы қаласы) 574099-EPP-1-2016-1-ITEPPKA2-CBHE-SP PAWER «Өңіраралық ұтқырлыққа және сапа мен қолжетімділіктің сәйкестігін қамтамасыз етуге жол салу» жобасы аясындағы мониторинг өтті. Мониторингке Қазақстандағы Эразмус+ ұлттық кеңсесінің координаторы Тасбулатова Ш.У., жобаның барлық Қазақстандық серіктестері және  Л'Акуил университетінің өкілдері Массимилиано Д'Нонкоцено және Марко Калабрезе қатысты.

Мониторингті өткізудің мақсаты PAWER жобасының қазіргі уақыттағы іске асуы сатыларын бағалау, сонымен бірге жобаның логикалық-құрылымдық матрицасына сәйкес нәтижелер және жетістіктер жөнінде  ақпарат алу, жобаның іске асырулының шынайы жағдайымен танысу, сонымен бірге ұлттық деңгейдегі жобаның әсері мен тұрақтылығын бағалау болып табылады.

Мониторинг кезінде жобаның өзектілігі, ұлттық деңдейдегі әсері мен тұрақтылығы, жүзеге асырудың тиімділігі, қазіргі уақыттағы нәтижелігі және жоба нәтижелерін тарату стратегиясы жөніндегі сұрақтар қозғалды. ЖОО -ның қатысушылары координаторға өз нәтижелерін көрсетіп, жобадағы өз рөлін негіздеді.

Мониторинг нәтижесі бойынша Эразмус+ бағдарламасының ұлттық кеңсесінің координаторы Шайзада Умурзакова өз пікірі мен ескертулерін айтты, мұны мониторингтің барлық қатысушылары назарға алды, сонымен бірге жобаның дамуына қатысты өз үміттерін айтты.