SARUD жоба – «Тұрақты ауылшаруашылығы және ауыл территориясын дамыту» жоғары білім әлеуетінөсіру бойынша қазан 2015 ж.қазан 2018ж. кезеңінде Эразмус+ бағдарламасы шеңберінде Еуропалық комиссиямен қаржыландырылады.
SARUD тұрақты ауылшаруашылығы және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы білімге бағытталған қажеттілікке,сонымен қатарауылдық жерлерді тұрақты дамыту және интеграцияланған әкімшілік бағдарламалар дыеңгізу,өңдеу қажеттілігіне жауап береді.
Ресей және қазақстан университеттері әріптес-практиктар қолдауымен ауылшаруашылығы тұрақтылығы және ауылдық аумақтарды дамыту бойынша үшмамандық: экономика, агрономия, мемлекеттік және жергілікті басқару бойынша магистратураның жаңа оқубағдарламаларын өңдеп және еңгізіпжатыр.
Жобаның Ресей, Қазақстан және ЕО қатысушылары тұрақты ауылшаруашылығы және ауылдық аумақтарды дамыту бойынша белсенді зерттеп және тәжірбиелерді пайдаланып жатыр. Жоба дақұрылған Интернет базалық платформасындағы білім қызығушылықтанытқан факультеттер мен басқа даәлеуетті пайдалан ушыларға қолжетімді болады.
Хойенхайм университетіндегі жоба координаторы мен менеджері
Профессор, доктор Мартин Дитерих, Ландшафтық экология және өсімдік экология институты
Анна Войтенко, Халықаралық бөлім, Шығыс Еуропа және Азия
Мақсаттары
SARUD жобасының бірлескеніс-шаралары:
Болашақ мамандар экономика, менеджмент, әлеуметтік ғылым, агрономия және экология саласында білімге, жергілікті және халықаралық тәжірибеге қолжеткі зеалады, агроэкожүйені бағалаумен жерді пайдалануды, сонымен қатарәлеуметтік –мәдени және табиғи ресурстарды жоспарлаудың жаңа әдісін қолдануды үйренеді. SARUD жоба бағдарламасы бойынша оқуды бітірген түлектер жергілікті жағдайлардың ерекшеліктеріне байланысты ауылдықаумақтарды дамыту концепциясы нөздері қолданыла алады.
Жобаға қатысушылар:
Қосымша ақпараттар және байланыс: https://sarud.uni-hohenheim.de
2017 жылдың 21 сәуірінде С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде
Жоба Еуропалық комиссияның қолдауымен қаржыландырады. Бұл жариялым Еуропалық комиссияның көзқарасын көрсетпейді және университет жауапкершілігінің заты болып табылады.
2016 жылдың 29 ақпан мен 2 наурыз аралығында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетте Эразмус +- Еуропалық одақ бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын «Ауыл шаруашылығы және ауылдық аймақтардың тұрақты дамыту» SARUD жобасы аясында ЖОО-әріптестермен алғашқы үйлестіру кездесуі өтті.
Жоба мақсаты ауылдық аймақтарды дамыту бойынша өзекті, студенттерді қызықтыратын, Қазақстан жағдайларына бейімделген магистратура бағдарламасын әзірлеу. Жобаға Қазақстан, Германия, Ресей, Чехия және Польша елдерінен 11 университет қатысады.
Еуропадағы аграрлы бағыттағы жетекші зерттеу университеттердің бірі, Хойэнхайм Университеті (Германия, Штутгарт) жоба үйлестірушісі болып табылады.
Үйлестіру кездесуге Анна Войтенко, Хоййенхайм Университетінің (Германия) әкімшілік үйлестірушісі, жоба қатысушылары – А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, ҚАТУдың жұмыс топтарының мүшелері, сонымен қатар академиялық емес әріптестер: «Қазақстан фермерлер одағы» РҚБ және ҚР «Жасыл Орман» орман және орман өңдеу шаруашылығы қауымдастығы қатысты.
С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ Басқарма төрағасының орынбасары, Могильный С.В. кездесу қатысушыларға арнап алғысөз сөйледі және ҚАТУ туралы қысқаша презентацияны ұсынды.
Сонымен қатар, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» ҚАҚтың Басқарма төрағасының ғылым жөніндегі орынбасары, Сатенбаев Е.Н. үйлестіру кездесуінің қатысушыларына арнап алғысөз сөйледі және жоба қолдауын және оның табысты іске асырылуына сенімділікті білдірді.
Кездесу барысында Қазақстанда білім беру стандарттары, ауылдық аумақтардың даму саласындағы жағдайдың талдауы және жаңа магистрлік бағдарламаның болашақ түлектерге потенциалды жұмыс берушілердің талаптары талқыланды. Чех жаратылыстану ғылымдарының университеті, Хойэнхайм Университеті және К. А. Тимирязев атындағы Мәскеу ауылшаруашылық академиясының ғылыми сарапшылары пікірталастарға on –line режимінде белсене қатысты.
Кездесу нәтижесінде жобаны ілгері жылтыту бойынша ұсыныстар, жобаны іске асыру бойынша алдағы әрекеттердің жоспары келісілді. Келесі үйлестіру кездесуі осы жылдың сәуір айына жоспарланды және Омбы қ., Ресей Федерациясы, П.А. Столипин атындағы Омбы мемлекеттік аграрлық университет негізінде өтеді.
2016 жылдың 1-2 наурызында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде (ҚАТУ), университет қатысушы болып табылатын, әлеуетті және кредиттік ұтқырлықты арттыру бойынша Эразмус + - ЕО бағдарламасының жобалар мониторингі өтті.
Проект «Тұрақты ауыл шаруашылығы және ауылдық аймақтардың дамуы» жобасы экономикалық факультетте іске асырылады. Жобаға Қазақстан, Германия, Ресей, Чехия және Польша елдерінен 11 университет қатысады. Еуропадағы аграрлы бағыттағы жетекші зерттеу университеттердің бірі, Хойэнхайм Университеті (Германия, Штутгарт) жоба үйлестірушісі болып табылады.
Эразмус+ бағдарламасының жоғары білім алудағы әлеуетті арттыру (ЖБАӘА) бойынша бүкіл жобалар үшін стандартты мониторинг процедуралар шеңберінде Еуропалық комиссияның (EACEA) білім беру, аудиовизуалды құралдар мен мәдениет бойынша атқарушы агенттігінің атынан Қазақстан бойынша Эразмус + бағдарламасының ұлттық үйлестірушісі, Тасбулатова Ш.У. жобаның мониторингін өткізді. 2016 жылға ЖБАӘА бойынша жобалардың мониторинг жоспарына сәйкес осы іс-шара өткізіледі.
«Тұрақты ауыл шаруашылығы және ауылдық аймақтардың дамуы» 561969-EPP-1-2015-1-DE-EPPKA2-CBHE-JP жобасының мониторинг мақсаты (ҚАТУ үйлестірушісі Мелешенко Н.Н.) осы уақытқа жобаның іске асыру үдерісін бағалау, сонымен қатар қойылған мақсаттардың жетістігі және нәтижелері туралы ақпаратты алу, жоба іске асырылатын нақты жағдаймен танысу, сондай-ақ кеңдеу мәнмәтінді түсіну болып табылады. Жоба қатысушылардың кездесу барысында Шайзада Умурзаковна жобаны бес белгілер бойынша бағалады: өзектілік және жобалық өтінімнің дизайн сапасы, жобаның іске асыру тиімділігі, нәтижелілік, ықпал әлеуеті және тұрақты дамудың әлеуеті.
Халықаралық кредиттік ұтқырлық (ХКҰ) бойынша жоба мониторингі келесі белгілер бойынша іске асырылады: қабылдайтын және бағыттаушы ЖОО-ға қол қоюға міндетті құжаттардың бар болуы, ұтқырлық үшін үміткерлерді іріктеу процедурасының айқындығы және ашықтығы, ұтқырлық алдында қатысушыларды лайықты қолдау, сонымен қатар қабылдайтын ЖОО-да оқу мерзімін мойындау. Мониторинг жұмысында ХЫжКОДО директоры Мейрамова С.А., жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша маманы Жагалбаев Б.Т., агрономия факультетінің декан орынбасары Байтеленова А.А. және университетте Эразмус+ бағдарламасының үйлестірушісі Китайбекова С.О. қатысты.
Осы жоба бойынша конкурстық іріктеу негізінде жылдық ұтқырлыққа 2016 жылдың 1 сәуірде агрономия факультетінің бірінші курс магистранттары Сагатбек Сумбиле және Аутелеева Рысгуль барады, «Ветеринарлық медицина» кафедрасының доценті Лидер Л.А. Хойенхайм университетінде екі апта бойы дәрістерді оқиды және біліктілікті арттырады.
19 және 22 сәуір аралығында П.А. Столыпин атындағы Омск мемлекеттік аграрлық университетінде «SARUD - Тұрақты ауыл шаруышылық және ауылдық аймақтардың дамуы» ERASMUS+ Еуропалық Одақ жобасы аясында үйлестіру кездесуі өтті. Кездесуге 15 университет қатысты: Қазақстан (АО «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті), Алмания, Ресей, Чехия және Польша. Еуропада аграрлы бағыттағы жетекші зерттеу университеттерінің бірі, Университет Хойенхайм (Алмания, Штутгарт) жоба үйлестірушісі болып табылады. Тұрақты ауыл шаруашылық бойынша білікті мамандар даярлауды және Қазақстан мен Ресейдің ерекше өзгешілік жағдайларда ауылдық аймақтардың дамуын қамтамасыз ететін, магистратура бағдарламасын әзірлеу жобаны жүзеге асыру нәтижесі болып табылады.
Кездесу бағдарламасы бойынша Қазақстанда және Ресейде ауылдық аймақтардың даму қағидалары талқыланды. Біздің университет атынан Могильный С.В.
Басқарма төрағасының стратегиялық жоспарлау, ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор ауылдық аймақтардың жағдайы және даму келешегі туралы баяндама жасады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылық саласының жұмыс берушілерімен және ауылдық аймақтардың даму мекелерімен белгіленген, еңбек нарығынын жағдаятын талдауы және басты құзыреттіліктер мен талаптарды бағалау ЖОО-әріптестермен өткізілген нәтижелер толық талқыланды. Аталған анализ SARUD жобасы бойынша бүкіл Қазақстандық ЖОО-әріптестерімен өткізілді. Жинақталған нәтижелерді Қазақстан жағынан елдің жоба үйлеструшісі Мелешенко Н.Н. баяндады.
Заманауи білім беру стандарттары және олардың Қазақстанда дамуын А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ғылым жөнінде проректоры Жарлыгасов Ж. сипаттады.
Кездесу барысында ЖОО-әріптестер және жоба бойынша академиялық емес серіктестер іске асырылған Еуропалық Одақ жобалары TEMPUS және ERASMUS+ жеткен нәтижелері бойынша тәжірибемен алмасуға көңіл бөлінді. Сондай жобалар RUDECO және EPASAT, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің әріптестері қазіргі жоба бойынша соңғы атқарылған жұмыс нәтижелерімен бөлісті. Шетел ЖОО-әріптестер өз университеттерінің (Прагадағы Чех жаратылыстану ғылымдары университеті, Польшаның Варшава жаратылыстану ғылымдар университеті, Германияның Nuertingen-Geislingen қолданбалы ғылымдар университеті) жоба тәжірибесін жинақтады
Бүкіл қатысушылар пікірі бойынша П.А. Столыпин атындағы Омск мемлекеттік аграрлық университетінде өткен SARUD жобасы бойынша үйлестіру кездесуі мазмұнды және жемісті өтті, сонымен қатар жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Жоба Еуропалық комиссияның қолдауымен қаржыландырады. Бұл жариялым Еуропалық комиссияның көзқарасын көрсетпейді және университет жауапкершілігінің заты болып табылады.
2017 жылы 26 ақпан - 12 наурыз аралығында С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-нің «Экономика» және «Экология» кафедраларының аға оқытушылары Е.Задворнева және У.Мукиянова «Тұрақты ауыл шаруашылық және ауылдық аймақтарды дамыту» (ЕО Эразмус +) SARUD жобасы шеңберінде Қазақстан мен Ресейдің серіктес оқу орындарының өкілдерімен бірге халықаралық тағылымдамаға қатысты.
SARUD серіктестерінің екінші оқу-зерттеу тағылымдамасы Германия мемлекетінің Хоэнхайм және Нюртинген жоғары оқу орындарында, ғылыми-зерттеу станцияларында, сонымен қатар Баден-Вюртемберг федералдық жерінің Ауыл шаруашылық және ауылды аймақтарды дамыту бойынша агенттігінде өтті. Бұл оқу-зерттеу тағылымдамасына Қостанай, Көкшетау (Қазақстан), Мичурин, Новосибирск, Омск, Улан-Удэ (Ресей) жоғары оқу орындарының серіктес өкілдері қатысты.
SARUD жобасының мақсаты – «Ауылдық аймақтарды дамыту» магистрлік бағдарламасын Қазақстан оқу бағдарламасына сәйкес студенттер үшін тартымды болуын дамыту. Жоба жетекшілігін Хоэнхайм университетінің өкілдері жүргізеді.
Екі апталық оқу тағылымдамасы қызықты кезеңдерге толы болды. Бағдарлама барысында, қатысушылар Нюртинген және Хоэнхайм университеттерінің «Тұрақты ауыл шаруашылық және азық-түлікпен қамтамасыздандыру» және «Биоэкономика» магистрлік бағдарламаларымен; Хоэнхайм университетінің эксперименттік станциясы мен Нюртинген технология институтының жұмысымен танысты. Хоэнхайм университетінің профессорларымен «Биоалуантүрлілікті сақтау», «Өсімдіктерді биологиялық тұрғыдан қорғау», «Ауыл шаруашылық кәсіпорындарын басқару», «Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық» және басқа тақырыптар шеңберінде сараптамалық басқосулар ұйымдастырылды. Ауыл шаруашылығы саласындағы шараларды қолдауға үлкен көңіл бөлінді. Баден-Вюртемберг жерінің ауылшаруашылығы және ауылдық аймақтарды дамыту жөніндегі агенттігінің дидактикалық тренингтері тыңдаушыларға өте пайдалы болды.
Хоэнхайм университетінің атынан жоба координаторы - Анна Войтенконың жоғары деңгейде ұйымдастырылған шаралары аталынып өтті. Екінші оқу - тағылымдама нәтижесінде жобаны іске асыру үшін іс-шаралар жоспары бекітілді.
Жоба Еуропалық комиссияның қолдауымен қаржыландырады. Бұл жариялым Еуропалық комиссияның көзқарасын көрсетпейді және университет жауапкершілігінің заты болып табылады.
2 мамырдан 5 мамыр 2017 жылы Мичурин мемлекеттік аграрлық университетінде «Тұрақты ауыл шаруашылығы және ауылдық аумақтарды дамыту» Еуропалық Одақ Erasmus+ жобасы (SARUD) шеңберінде үшінші біріккен аймақтық үйлестіру жиналысы өткізілді. Үйлестіру жиналысы жоба қызметі және нәтижелерін шолуға арналды. Хоенхайм университетінің координаторлары жоба құрылымы мен механизміне, барлық қатысушылар арасында коммуникация каналдарына, жоба сапасын басқару жоспары мен нәтижелерін тарату стратегиясына презентация жасалды. Соңғы іс шара өзекті болып табылады, өйткені SARUD жобасын жүзеге асыру шеңберінде 2017 жылы 6M050600 – Экономика мамандығына «Тұрақты ауыл шаруашылығы және ауылдық аумақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша алғашқы магистранттарды қабылдау жүзеге асырылады. Осы бағдарлама түлектері мемлекеттік қызмет органдарына, әр түрлі деңгейдегі ауыл шаруашылық басқармаларында, ғылыми-зерттеу институттарында, жоғары және орта оқу орындарында жұмыс істей алады.
Жиналыстың бірінші күні Мичурин мемлекеттік аграрлық университетінің ректоры В.А.Бабушкин құттықтау сөзінде қазақстандық жоо – әріптестерімен ынтымақтастық нәтижелері мен жобаны қолдау бойынша оң көз қарасын айтты.
Жиналыста, жоба қорытындысынан басқа, сонымен қатар Қазақстан жоо (С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ) және Ресей жоо (Мичурин атындағы МАУ, Буряттық мемлекеттік ауылшаруашылығы академиясы, Новосібір МАУ) бағдарламаның жүзеге асыруы бойынша қорытындылары талқыланды. 2017 жылы 3-5 маусымында біздің университет базасында Астана қаласында SARUD жобасында консорциум құрамының кеңейтілген жоо – әріптестерінің болашақта кездесуін талқылауға көп уақыт бөлінді.
12 мамыр 2017 жылы экономикалық факультетінің барлық бакалавриат мамандықтары бітірушілерімен жоғары білім беруден кейінгі бөлімінің басшысының міндетін атқарушы А.Ш.Имашева, экономикалық факультетінің деканы А.С.Исмаиловамен және кафедра меңгерушілерімен кездесу болды. Экономикалық факультетінің бакалавриат түлектері қазіргі уақытта дипломдық жұмыстарын аяқтап жатыр, яғни олардың оқуы соңғы сатысында тұр және арықарай болашақта магистратурада білім алу туралы ойланып жатыр. Осыған байланысты орталықтандырылған түсу емтихандарының нәтижелерін жақсарту мақсатында магистратураға түсудің жалпы ережелері туралы, белгілі бір ақыға университетпен ұйымдастырылған ағылшын тілін үйренуге дайындайтын курстар туралы толық ақпарат берілді.
Экономикалық факультетінің кафедра меңгерушілері мамандықтарға түсу үшін түсушілерге талаптар мен ерекшеліктерді түсіндірді. Экономика кафедрасының меңгерушісі Н.Н. Мелешенко тағы бір рет халықаралық жобасы SARUD ERASMUS + аясында серіктес жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықта әзірленген «Тұрақты ауыл шаруашылығы және ауылдық аумақтарды дамыту» M050600-Экономика мамандығы бойынша ғылыми және педагогикалық магистратура артықшылықтары туралы толық ақпаратты айтты.
«Тұрақты ауыл шаруашылығы және ауылдық аумақтарды дамыту» оқу бағдарламасы негізінде экономика, экология және әлеуметтанумен бірге тұрақтылық тұжырымдамасы жатыр. Аталған магистратурада потенциалды білім алушыларға технологиялық пәндерден сабақ беріледі, себебі жүргізілген талдау нәтижесі бойынша ауылдық әкімшілікке, аудандық және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына, ҚР ауыл шаруашылығы министрлігіне – базалық білімі бар, осы кәсіби салада білімді мамандар қажет.
2017 жылы «Тұрақты ауыл шаруашылығы және ауылдық аумақтарды дамыту» SARUD магистратурасына қабылдауды қазақстандық жоо-әріптестері (С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ) және Ресей жоо-әріптестері (Мичурин атындағы МАУ, Буряттық мемлекеттік ауылшаруашылығы академиясы, Новосібір МАУ) жүзеге асырады. Оқу бағдарламасының мазмұны жобаға қатысушы шетелдіктер жағынан сараптамадан өтті: жаратылыстану ғалымдарының Чех университеті (Прага), жаратылыстану ғалымдарының Варшава университеті (Польша), Тимирязев академиясы (Мәскеу, Ресей). Сонымен қатар білім алушылардың академиялық ұтқырлығы SARUD жоба жоо-әрптестерінде өткізу жоспарлануда.
Жоба Еуропалық комиссияның қолдауымен қаржыландырады. Бұл жариялым Еуропалық комиссияның көзқарасын көрсетпейді және университет жауапкершілігінің заты болып табылады.
«Тұрақты ауыл шаруашылығы жəне ауылдық аумақтарды дамыту» 6M050600-Экономика мамандығы бойынша ғылыми-педагогикалық магистратураға қабылдау жүргізіледі, оның оқу бағдарламасы Германия, Чехия, Польша жəне Ресейдің шетелдік университеттерінің қатысуымен Erasmus+ SARUD халықаралық жобасын жүзеге асыру шеңберінде дайындалған. Жобаның үйлестірушісі ретінде Хойенхайм университеті (Германия, Штутгарт) қатысады.
Аталған магистартурада оқу Қазақстанның ерекшеліктері жағдайында тұрақты ауыл шаруашылығы жəне ауылдық аумақтарды дамыту бойынша білікті мамандарды дайындауды қамтамасыз етеді.
Жоба Еуропалық комиссияның қолдауымен қаржыландырады. Бұл жариялым Еуропалық комиссияның көзқарасын көрсетпейді және университет жауапкершілігінің заты болып табылады.
1-2 наурызда Ставрополь мемлекеттік аграрлық университетінде «Саруд» тұрақты ауыл шаруашылығы және ауылдық аумақтарды дамыту жобасы бойынша 4-ші аймақтық үйлестіру жиналысы өтті, онда жұмысқа экономика факультетінің деканы А.С. Исмаилова және экономика кафедрасының меңгерушісі Н.Н. Мелешенко қатысты.
Жиналыс жұмысына барлық жоғары оқу орындарының өкілдері - Ресей мен Қазақстанның консорциум қатысушыларының серіктестері, сондай-ақ жоба жетекшісі университет профессоры Хойенхайм Мартин Дитерих және жобаның үйлестірушісі Анна Войтенко қатысты. Жиналыс бағдарламасы өте бай болды.
Жиналыста қатысшылар алдында құттықтау сөзімен Ставрополь мемлекеттік аграрлық университетінің ректоры, РҒА академигі Трухачев Владимир Иванович өзінің университеті туралы, соңғы жылдардағы университетің жетістіктері туралы, Ресейдегі аграрлық білім берудегі көшбасшы екенін айтты.
Ресей және Қазақстан жоғары оқу орындарында «Тұрақты ауыл шаруашылығы және ауылдық аумақтарды дамыту» оқу бағдарламасын бастауға ерекше назар аударылды.Осы мәселе бойынша Ресей университетіндегі агрономия, экономика, мемлекеттік және муниципалды басқару мамандықтары бойынша бағдарлама іске қосылу туралы есеп тыңдалды және Қазақстаннан «Экономика» мамандығы бойынша жаңа білім беру бағдарламасын іске қосу бойынша жобаның ұлттық үйлестірушісі С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-нің экономика кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к. доцент Н.Н. Мелешенко айтты. Қатысушылар білім беру бағдарламасы барлық талқылау кезеңдерінен өткенін және университеттің ғылымыи кеңесінде сәтті бекітіліп және іске асыруға қабылданғанын айтты.
Сондай-ақ, 2017-2018 оқу жылының 1 курсына қабылдау туралы нақты мәліметтер берілді, Ресейдің жоғары оқу орындарында әр мамандыққа 1-ші курсқа 10-нан 20-ға жуық адам қабылданғанын атап өту керек, ал Ресейдің жоғары оқу орындарында магистр дәрежесі сырттай нысанда қабылданатынын айтылды. Қазақстанның жоғары оқу орындарына 1-ден 5 –ге дейін адам қабылданды, кеңеске қатысушылардың пікірлері бойынша бұл Қазақстан Университеттеріне байланысты, әлеуетті магистранттарда таңдау бар: ғылыми педагогикалық бағытта (2 жыл) немесе бейнді (1жыл) және екінші жағдай –Экономика мамандығы бойынша бөлінетін гранттар саны аз.
Талқылауға Н. Қазыдуб, Е.Емескенова, Г. Коротков, А. Исмаилов, Н.Нұрмұханбетов және басқалар қатысты. Соған қарамастан, «Тұрақты ауыл шаруашылығы және ауылдық аумақтарды дамыту» атты оқыту бағдарламасы іске қосылып, Ресейдің төрт жоғары оқу орындарында және Қазақстанның үшеуінде сәтті жүзеге асырылуда.
Басқа мәселе бойынша ұлттық желі және білім платформасын құру туралы қарастырылды, осы жұмыс пакетіне жауапты Ресей мемлекеттік университеті- Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясы өкілдері профессор Мерзлов А.В. және Воронцова Н. болып табылады. Олар платформаның үлгі құрылымын ұсынды және әрбір университетке әр университеттің материалдарымен толтыру үшін не істеу керектігі анықталды.
Сонымен қатар жиналыста жабдықтарды және әдебиеттерді сатып алу арқылы университеттің әлеуетін көтеру бойынша мәселелер көтерілді. Сондай-ақ, жобаға қатысушыларға оқу бағдарламасының модульдері бойынша тағылымдамадан өту жоспарланып отыр, онда тренинг өткізу үшін Германияның, Чехияның және Польшаның шетелдік серіктес жоғары оқу орындарының оқытушылары қатыстырылады.
Сонымен қатар кездесу аясында Варшава жаратылыстану ғылымдар университетінің профессоры Шверк Акселмен зерттеу және жоба нәтижесі туралы, Саурд жобасын жүзеге асыру нәтижесін Прагадағы халықаралық конференция материалдарында және импакт-фактор журналында басылымды дайындау туралы онлайн –сессия өткізілді. Жиналыс соңында Новосибирск мемлекеттік аграрлық университетінің Л. Шмидттің 2018 жылдың 3-4 мамырында жоспарланған Новосибирск қаласында мемлекеттік аграрлық университетінде өтетін қорытынды конференцияға дайындық туралы ақпараты тыңдалды.
Қорытынды конференция барысында «нарықтық аймақ» форматында пәнаралық білім беру бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылатын экология, әлеуметтану, экономика және агротехнология мәселелері бойынша пікір талас ұйымдастыру жоспарлануда. Омбы және Новосибирск университеттерінде, мүдделі тараптарда, Ресей мен Қазақстанның Ауыл шаруашылық министрліктерінде, жобаның шетелдік сарапшылары мен академиялық емес әріптестеріне арналған осы білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған конференцияға қатысу жоспарланып отыр.
Жоба Еуропалық комиссияның қолдауымен қаржыландырады. Бұл жариялым Еуропалық комиссияның көзқарасын көрсетпейді және университет жауапкершілігінің заты болып табылады.
2018 жылдың 3 мамыры мен 5 мамыры аралығында Новосибирск мемлекеттік аграрлық университетінде «Саруд» жобасының қорытынды конференциясы өтті. Конференцияға ресей және қазақстандық жоо-жобаға қатысушылары, сонымен қатар жобаның академиялық емес әріптестері қатысты. Қазақстандық жоо конференцияға Н.Н.Мелешенко., А.С Исмаилова., Е.П. Задворнева (С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті), Ж Жарылгасов, Н Калимов. Н Сартанова (А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті), А Бельгибаева., Н Нурмуханбетова., Л Бермаганбетова (Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті) қатысты. Қазақстаннан академиялық емес серіктестерден А Сатаева (Жасыл Орман), Ж.Умерзаков (Қазақстан фермерлер қауымдастығы), М.Мусабаев (Қостанай облысының ауыл шаруашылығы басқармасы), Д.Таласбаев (Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы) қатысты.
Новосибирск мемлекеттік университетінің ректоры, профессор А.Д.Денисов құттықтау сөзін айтып, барлықтарын конференцияның басталуымен құттықтап және бәріне жемісті еңбек тіледі.
Сонымен қатар, конференцияға қатысушыларды «Саруд» жобасының жетекшісі - М. Дитрих (Хойенхайм университеті, Германия), Е.М Лещенко- Новосибирск облысының ауыл шаруашылығы министрлігінің м.а. қарсы алды.
Бірінші сессияда қызықты баяндамалар ұсынылды. Мысалы, «Неміс-ресейлік диалог – екі жақты ауыл шаруашылық саяси қатынастардың ауылдық аумақтарды дамытудың басты аспектісі», Новосибирск облысының Маслянин ауданының басшысы В.В. Ярманованың Маслянин ауданы мысалында ауылдық аумақтарды кешенді дамыту туралы. Профессор А.Мерзлованың «Ресейдің ең әдемі ауылдары» баяндамасы,сонымен қатар профессор А.Емельянованың «RUDECO және SARUD жобаларының нәтижесі ретінде биоресурстарды басқару технологиясын беру орталығы» атты баяндамалары үлкен қызығушылық тудырды.
Қазақстанның жоо-әріптестерінде жобаны жүзеге асыру туралы ұлттық үйлестіруші, С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-нің экономика кафедрасының меңгерушісі Н.Н.Мелешенко айтты, ол «Тұрақты ауыл шаруашылығы және ауылдық аумақтарды дамыту» оқу бағдарламасын әзірлеу және жағдайды талдау бойынша жүргізілген жұмыстарды ұсынды. Сондай-ақ, осы бағдарлама бойынша оқып жүрген Ресейлік және Қазақстандық магистранттар өздерінің әсерлерімен бөлісті, олар осы бағдарламадан үміттерін, бағдарламаны жүзеге асырудағы орны туралы және болашақ кәсіби қызметінің келешегі туралы айтып берді.
Конференцияның ерекшелігі «Сауда алаңы» форматында жалпы жұртшылықтың қатысуымен ашық іс- шаралар, келесідей пікір талас алаңдары бойынша өткізілді: бірінші -«Тұрақты ауыл шаруашылығы және ауылдық аумақтарды дамыту- неге баланс тұрақтылық тіректерінің арасында маңызды рөл атқарады?», екінші – «Ауыл шаруашылығы және Ресей мен Қазақстанның өңірлік дамуы тұрақтылық жолында- қазіргі заман мәселелеріне жауап».Сондай – ақ конфернеция шеңберінде басқарушы комитетінің отырысы болды,оның жұмысына Н.Н. Мелешенко және А.С Исмаилова қатысты., мұнда білім беру платформасы, сапа жоспары және ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды, бұл жоба аяқталғанға дейін шешілуі тиіс.Жалпы алғанда, конференция өте жоғары деңгейде өткізілді және «Саурд» жобасы мақсаттары мен міндеттері шешілді.
Жоба Еуропалық комиссияның қолдауымен қаржыландырады. Бұл жариялым Еуропалық комиссияның көзқарасын көрсетпейді және университет жауапкершілігінің заты болып табылады.
5-7 мамыр аралығында Новосибир мемлекеттік аграрлық университетінде 5M050600 - «Тұрақты ауыл шаруашылығы және ауылдық аумақтарды дамыту» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасына енгізілген пәндер-олар «Ауыл шаруашылығын ақпараттық-кеңестік қамтамасыз ету» және «Ауыл тұрғындарын ауылдық жерлерді дамытуға тарту» бойынша SARUD жобасының қатысушыларына арналған тренинг өтті. Жаттықтырушылар ретінде Ангелик Томас, В.Кошелев – э.ғ.д, Тимирязев атындағы МАША профессоры сөз сөйледі. Бұл тренингтің тыңдаушылары Ресей және Қазақстанның әріптес – жоо жобаға қатысушы оқытушылары болды.
«Ауыл аумақтарын дамытуға ауыл тұрғындарын тарту» тренингіне С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-нің экономика кафедрасының аға оқытушысы Е.П. Задворнева қатысты. Э.ғ.д., профессор А.Мерзлов ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламаларын дайындауда әр түрлі кезеңдерінде ауыл халқын қатыстыру бойынша мысалдар келтірді, ауылдық аумақтарды дамытуды басқарудың альтернативті әкімшілік және субсидиялы модельдерін көрсетті;Тренингтің қатысушылары ауыл тұрғындарының белсенді қатысуы демократияны нығайту сияқты міндеттерді шешуге үлес қосады деген қорытындыға келді; өз өкілеттіктерін кеңейту; ресурстарды жұмылдыру; аумақтарды дамытуға кешенді тәсілді дайындау; оңтайлы және тиімді шешімдерді қабылдау; бағдарламаларды дайындау және оны жүзеге асыру.
«Ауыл шаруашылығын ақпараттық-кеңестік қамтамасыз ету» тренингіне С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-нің экономика кафедрасының меңгерушісі Н.Н. Мелешенко және есеп және аудит кафедрасының доценті А.С. Исмаилова қатысты. «Ауыл шаруашылығын ақпараттық-кеңестік қамтамасыз ету» пәні бойынша тренинг жалпы мағынада кеңес берудің маңыздылығын сипаттайды және курстың қатысушыларына кеңес берушіден талап етілетін кеңес беру сияқты сұрақтарға, қоғамға және клиентке кеңес беру не әкелетіне жауапберу.Мұны істеу үшін тренер Ангелика Томас қызықты ми шабул және топтарда жұмыс жасау әдістерін қолданды. Осы сабақтың соңында тыңдаушылар өз сабақтарын жүргізу кезінде міндетті түрде бұл әдісті қолданатындығына келісті. Профессор В.М. Кошелев өзінің дәрісінде инвестиция тиімділігін сипаттайтын, жобалық талдау түсінігі және негізгі категорияларын, сонымен қатар негізгі көрсеткіштерді берді. Тренинг соңында жобаны талдау негізінде басқару шешімдерін қабылдау үшін іскерлік ойын өткізілді. Барлық тыңдаушылар қызығушылық білдірді және тренинг нәтижелерін талқылағанда өткен курстың сөзсіз пайдасын атап өтті.
Жоба Еуропалық комиссияның қолдауымен қаржыландырады. Бұл жариялым Еуропалық комиссияның көзқарасын көрсетпейді және университет жауапкершілігінің заты болып табылады.
Еуропалық Одақтың Эразмус + SARUD жобасының шеңберінде, 2018 жылдың 17-18 мамырында Ресейдің Мәскеу қаласындағы К.А.Тимирязев атындағы РМАУ МАА-да, «Биоэкономика» тақырыбында семинар өтті. Нюртенген университетінің (Германия) докторы Juergen Braun «Биоэкономика» курсын назарымызға ұсынды, баяндамада негізгі түсініктер мен анықтамалардан бастап биоэкономика мәселелеріне қатысты материалдар берілді. Бүгінгі күні биоэкономиканың маңыздылығы, өсіп келе жатқан халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру, ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту және өндірістің табиғи ресурстық әлеуетіне қол жеткізуге ұмтылған кезде қоршаған ортаны қорғауға болатын ұлттық экономикалық кешеннің тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму үрдісіне байланысты. Осылайша, биоэкономика инновацияны қолдана алатын, экономикалық өсуге ықпал ететін балама шешімдерді ұсынады, және ең бастысы, қоғам мен қоршаған ортаға пайдалы нәтиже береді.
Өте мазмұнды материал философия докторы, Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің, экономика факультетінің биоэкономика және эко-инновация орталығының директоры П.А.Кирюшинмен ұсынылды. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің «Биотехнология менеджменті» магистрлік бағдарламасының меңгерушісі - Пётр Алексеевич, осындай жобаларды (білім беру бағдарламаларын) әзірлеудегі өз тәжірибесімен бөлісті, биоэкономиканың тұжырымдамалары мен анықтамаларын, оның өзектілігі мен маңыздылығын түсіндірді. Қорытынды курста – К.А.Тимирязев атындағы РМАУ-дың, АӨК басқару және экономика институтының кафедра меңгерушісі, э.ғ.д. Кошелев В.М. органикалық ауыл шаруашылығы тақырыбын ұсынды. Органикалық ауыл шаруашылығының қазіргі заманғы жағдайларда маңыздылығы, өзектілігін, дұрыс тамақтану қажеттілігімен анықталады. Органикалық ауыл шаруашылығы - бұл қоршаған ортаны сақтау мен қолдауға және табиғи капиталды жинақтауға ықпал ететін ауыл шаруашылық өндірісін басқарудың тұтас жүйесі. В.М.Кошелевтің баяндамасында агрономиялық, биологиялық және механикалық әдістердің қолданылуымен бірге жүретін әр аймақтың өзінің бейімделген нақты аймақтық жағдай талаптарын ескере отырып, басқару тәжірибесіне баса назар аударылды. Сонымен қатар, қазіргі заманғы органикалық ауыл шаруашылығының негізінде - ғылыми тұрғыдан, өсімдіктің тамақтану процестері, топырақтану, ландшафтық ғылым, жемшөп өндірісі, мал шаруашылығы және т.б. жатыр.
Осылайша, биоэкономика ауылдық елді мекендердің тұрақты дамуына қол жеткізудің негізгі элементтерінің бірі болып табылады, бұл қазіргі және болашақ ұрпақтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Жоба Еуропалық комиссияның қолдауымен қаржыландырады. Бұл жариялым Еуропалық комиссияның көзқарасын көрсетпейді және университет жауапкершілігінің заты болып табылады.
2018 жылдың 29 маусым мен 03 шілде аралығында «В.Р.Филиппов атындағы Бурят мемлекеттік ауылшаруашылық академиясы» Федералдық мемлекеттік бюджетті білім берудің жоғары білім мекемесінде (Улан-Удэ қ, Ресей) SARUD - «Тұрақты ауыл шаруашылық және ауылдық аумақтардың дамуы» ERASMUS+ халықаралық жоба аясында «Аграрлы экономика», «Агротуризм», «Гастрономия», «Ауылдық аумақтарды дамытуға тұрғындарды тарту», «Аймақтық бағдарламаларды өңдеу тәсілдері» атты оқыту бағытындағы тренингтер өтті. «Тұрақты ауыл шаруашылық және ауылдық аумақтардың дамуы» (SARUD) халықаралық тренингтерді өткізуде Германия, Польша, Чехия, Қазақстан және Ресей университеттері; РФ ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, «Самые красивые деревни России» Ассоциациясы, «Бурятия Республикасының Халықтық Хурал», Бурятия Республикасының Туризм министрлігі, Бурятия Республикасының Мәдени министрлігі, «ЖАССО-ТУР» ЖШҚ, «Центр старообрядцев» ЖШҚ өкілдері қатысты.
Ал С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінен тренинг жұмысында SARUD - «Тұрақты ауыл шаруашылық және ауылдық аумақтардың дамуы» ERASMUS+ халықаралық жоба координаторы, «Экономика» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к. Н.Н. Мелешенко, «Экономика» факультетінің деканы А.С. Исмаилова, «Экология» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к. Г.К. Сатыбалдиева, «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы Е.П. Задворнева қатысқан. Тренигте негізінен «Агротуризм», «Ауылдық туризмді дамытудағы гастрономия ролі», «Экологиялық және аймақтық өнімдердің маркетингі», «Ауыл экономикасы» тақырыптары қарастырылды.
2018 жылдың 29 маусым мен 03 шілде аралығында «В.Р.Филиппов атындағы Бурят мемлекеттік ауылшаруашылық академиясы» Федералдық мемлекеттік бюджетті білім берудің жоғары білім мекемесінде (Улан-Удэ қ, Ресей) SARUD - «Тұрақты ауыл шаруашылық және ауылдық аумақтардың дамуы» ERASMUS+ халықаралық жоба аясында «Аграрлы экономика», «Агротуризм», «Гастрономия», «Ауылдық аумақтарды дамытуға тұрғындарды тарту», «Аймақтық бағдарламаларды өңдеу тәсілдері» атты оқыту бағытындағы тренингтер өтті. «Тұрақты ауыл шаруашылық және ауылдық аумақтардың дамуы» (SARUD) халықаралық тренингтерді өткізуде Германия, Польша, Чехия, Қазақстан және Ресей университеттері; РФ ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, «Самые красивые деревни России» Ассоциациясы, «Бурятия Республикасының Халықтық Хурал», Бурятия Республикасының Туризм министрлігі, Бурятия Республикасының Мәдени министрлігі, «ЖАССО-ТУР» ЖШҚ, «Центр старообрядцев» ЖШҚ өкілдері қатысты.
Ал С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінен тренинг жұмысында SARUD - «Тұрақты ауыл шаруашылық және ауылдық аумақтардың дамуы» ERASMUS+ халықаралық жоба координаторы, «Экономика» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к. Н.Н. Мелешенко, «Экономика» факультетінің деканы А.С. Исмаилова, «Экология» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к. Г.К. Сатыбалдиева, «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы Е.П. Задворнева қатысқан. Тренигте негізінен «Агротуризм», «Ауылдық туризмді дамытудағы гастрономия ролі», «Экологиялық және аймақтық өнімдердің маркетингі», «Ауыл экономикасы» тақырыптары қарастырылды.
Жоба Еуропалық комиссияның қолдауымен қаржыландырады. Бұл жариялым Еуропалық комиссияның көзқарасын көрсетпейді және университет жауапкершілігінің заты болып табылады.
2018 жылдың 7 қарашасы экономика кафедрасының ПОҚ және SARUD* білім беру бағдарламасы «Экономика» мамандығының магистранттарымен Александраса Стульгинскиса атындағы университеттің PhD докторы, профессор Вильма Аткочюненмен кездесу болды, «ҚР жоо шетел ғалымдарын шақыру» ҚР БҒМ бағдарламасы бойынша біздің университетке келді.
Профессор Вильма Аткочюнен Литвада Каунас қаласында орналасқан Александраса Стульгинскиса атындағы университет туралы презентация жасады.
Келген доктор, профессордың ғылыми зерттеу саласы: ауыл аумақтарының әлеуметтік инфрақұрылымн бағалау және басқару, ауыл аумақтарын стратегиялық басқару, ауылдық инициативтік топтарды ұйымдастыру және басқару, ауылдық инициативтік топтар деңгейінде жергілікті дамыту, ауылдық аумақтарды инновациялық дамыту және т.б.,бұл
«SARUD» халықаралық бағдарламасы шеңберінде дайындалған 6М050600 – экономика мамандығы бойынша «Тұрақты ауыл шаруашылығы және ауыл аумақтарын дамыту» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы 1 және 2 курс магистранттар үшін қызықты болып табылады .
Аудиториямен тұрақты ауыл шаруашылығы және ауыл аумақтарын дамытуға арналған негізгі жобалар мақсаттары мен міндеттері қарастырылды, келесідей: «Шағын және отбасылық фермерлердің тұрақтылығы», «Шағын ферма, тамақ өнеркәсібінің шағын кәсіпорындары және азық түлік қауіпсіздігі» жобасы, «Фермерлік шаруашылықты жаңғырту, ауыл аудандарын дамыту және әлемде өсіп келе жатқан қажеттіліктер мен соңғы ресурстар арасындағы байланыстарды қайта қарастыру» халықаралық ғылыми жоба.
Профессор В.Аткочунене магистранттар мен оқытушылардың барлық сұрақтарына жауап берді. Кездесу барлығы үшін қызықты және пайдалы болды.
* Жоба Еуропалық комиссияның қолдауымен қаржыландырылады. Бұл басылым мазмұны университет жауапкершілік пәні болып табылады және Еуропалық Комиссия пікірін көрсетпейді.