Басты бет / «Компомикс» ғылыми студенттік үйірмесі
«Компомикс» ғылыми студенттік үйірмесі

Агрономия факультетінің «Топырақтану және агрохимия» кафедрасында 2019 жылдың қыркүйек айында «Компомикс» ғылыми студенттік үйірмесі ұйымдастырылды. Үйірменің жетекші қызметің биология ғылымдарының докторы, «Топырақтану және агрохимия» кафедрасының профессоры Науанова А.П. атқарды.  2021 жылдың қыркүйек айынан бастап

 – б.ғ.к, доцент Оспанова С.Г. Үйірме мүшелері  1-4 курстың  студенттері мен  магистранттардан   ұйымдастырылды.

Үйірменің мақсаты: Оқушылардың ғылыми шығармашылығын дамыту.

Міндеттері:

• Студенттердің ғылыми және оқу жұмыстарың арттыру;

• Студенттердің кафедраның, факультеттің және университеттің ғылыми және оқу-әдістемелік іс шараларына қатысуы;

• Теория мен тәжірибенің  әрекеттесу негізінде кәсіби қасиеттерін дамыту;

• Белсенді студенттерді ғылыми жобаларға қатысуға талаптандыру.

Қыркүйек айында үйірме құрамы жаңартылды, 2021-2022 оқу жылына жұмыс жоспары құрылды. Үйірме төрағасы болып агрономия факультетінің «Топырақтану және агрохимия» мамандығының 1 курстың студенті Сокбаев Руслан Мұратұлы сайланды. Русланның ғылыми зерттеулерінің мақсаты  –өсімдіктерді пестицидтерсіз  өсіру.

 

   

Топырақ күніне арналган веб-конференция

Желтоқсанның 7-ші күні «Топырақтану және агрохимия» кафедрасында «Компомикс» ғылыми үйірмесі топырақ күніне арналган веб-конференция  өткізіді. Конференцияға  агрономиялық және орман шаруашылығы, жабайы табиғат және қоршаған орта факультеттерінің 1 және 2 курс студенттері қатысты.  Конференцияны үйірме төрағасы Сокбаев Руслан Мұратұлы ашты, өсірудің инновациялық әдістерін тәжірибе жүзінде зерттеп жүргенін айтты.

   

Келесі баяндамалар тыңдалды: Амиралиева Гүлнұр, агрономия факультетінің 2 курс студенті – «Топырақ қоршаған орта нысаны ретінде»; Ангелина Гамова, орман шаруашылығы, жабайы табиғат және қоршаған орта факультетінің  2 курс студенті – «Топырақтағы ағзалардың өзара әрекеттесуі».

  

Айдынбек Акнар, агрономиялық факультетің 2 курстың студенті - «Топырақтың түрлері, қорғау шаралары», Кальмаратова Альмара, агрономиялық факультетің 1 курстың студенті - «Почва - как среда обитания»

  

«Өсімдіктердің қорғау және қоріктенуіне арналған препараттар» деген тақырып бойынша үйірменің отырысы

16 ақпанда 2022 ж. «Өсімдіктердің қорғау және қоріктенуіне  арналған препараттар» деген тақырып бойынша «Компомикс» ұйірменің отырысы  жүргізілді. Отырысты ұйірменің мүшесі, 4 курстың студенті Маликова Аида бастады -  құрамында азот, фосфор, калий бар препараттар, олардың  биологиялық маңызы және тәжірибеде қолдану туралы  баяндама жасады.

Аида қосымша өндірістік тәжірибеде жүргізілген ғылыми-зерттеу және тәжірибелік агрономиялық іс-шаралар туралы ақпарат берді. Отырысқа 4 курстың студенттері қатысты. Шойынбаева Айдана  жалпы  топырақты зерттеу әдістері және топырақтың микробиоценозын  зерттеу туралы  мәлімет берді. Әбдісадыкова Ұлжан өсімдік шаруашылығында қолданатын технологиялар туралы айтты. 1 курстың студенттері технологиялық тәжірибе қалай өтеді, қандай  әдістерді нақты ұйренді,  заманауи  биопрепараттар  қандай деңгейде қолданалады деген сұрақтар қойды.