Басты бет / Теологтың көмегі
Теологтың көмегі

Теолог маманның лауазымдық міндеттері:

-Теолог университетте діни-тәрбие жұмыстарына жетекшілік етеді;

-Университеттің теолог маманының шешімін әр факультеттің тәрбие істері жөніндегі декан орынбасарларының орындаулары міндетті болып саналады.

Университет теологының міндеттері

- студенттердің діни көзқарастарының бағыттарын анықтау мақсатында:

  1. Сауалнамалар алу;
  2. Жеке сұхбат жүргізу; 

- университетте діни тақырыпта әртүрлі іс-шаралар ұйымдастыру;

- Университет кітапханасындағы діни бағыттағы оқулықтар бойынша сараптамалық қорытынды әзірлеу;

- кураторлық сағаттарда діннің өзекті мәселелері тақырыбында дәрістер оқу; 

- рухани-адамгершiлiк мәселелері бойынша тәрбие жұмыстарын өткiзу;

- факультеттерде діни-тәрбие үдерісін ұйымдастыруға және жетілдіруге қатысу; кеңес отырысында діни-тәрбие жұмыстары бойынша және университеттің оқу кеңесінде  өзінің қызметі жайлы есеп беру.

Теологтың құқықтары:

-  Университеттің теолог  маманына университетте жастардың діни мәселелеріне өкілдік етуге уәкілдік берілген;

- жастардың діни көзқарастарын анықтау, сауаттылығын арттыру мақсатында университеттiң қызметтік мәселелерін талқылап шешуге қатынасу.

Жауапкершіліктері:

Теолог жауапты: 

- осы лауазымдық нұсқаулықпен қарастырылған құқықтар мен міндеттердің орындалуына; 

- діни бағытта әр студенттің дұрыс, заңды ақпарат алуына;

- университеттегі діни-тәрбие жұмыстарына;

- университеттен пайдалануға алынған материалдық құндылықтарды сақтауға шара қолданбағаны үшін жауапты;

- теолог маман университет жатақханаларында да жұмыс жүргізеді.

 

Теолог маман туралы ақпарат:   

Зайтхан Ерғали - Гуманитарлық ғылымдарының магистрі,

тел: 8707 368 05 30

 

Белгілі исламтанушы Арман Қуанышбаевпен «Жастар және бүгінгі діни мәселелер» тақырыбында кездесу өтті

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде елімізге белгілі исламтанушы Арман Қуанышбаевпен «Жастар және бүгінгі діни мәселелер» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында имам жастардың діни сауаттылығы қазіргі қоғамдағы күрделі әрі өзекті мәселелердің бірі екенін айта келе, жастардың рухани санасын оятуда діннің алар орны ерекше екеніне тоқталды. Адамға теріс мінез-құлықтарды туғызатын жаман әдеттерден жастық шағыңда сақтанып, беріліп тұрған үлкен мүмкіндік алтын уақыттарын зая кетірмей, мүмкіндігінше  тиімді пайдалануға кеңес берді.

Абай Құнанбайұлының «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық», - деген сөзін ескерсек, жастық шақта адам барынша білім алуға дағдылану керек,  «жастық шақта алған білім - тасқа таңба басқандай» мәңгі жадыңда қалады, - деген имам студент жастарды білім алуға, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге шақырды. Кездесу барысында жастардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауаптар берді.

  

«Діни экстремизм түсінігі және белгілері» тақырыбында кездесу өтті

30.11. 2023 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарына» сәйкес 1 курс студенттерімен кездесу өтті. Кездесуде Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Арман Нұрахметұлы дәріс оқыды. Жастарға теріс діни ағымдардың зияндылығы түсіндіріліп, тыйым салынған террористік және экстремистік ұйымдардың тізімі таныстырылды. Кездесудің басты мақсаты – діни экстремизмнің алдын алу және студент жастардың діни сауаттылығын арттыру. Жиын барысында дәстүрлі емес діни ағымдар, олардың себеп-салдары сөз болды. Нәтижесінде студенттер өздерін толғандырған сұрақтарға жан-жақты жауаптар алды.  Іс-шараға барлығы 154 студент қатысты.

  

«Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу»

01.11.2023 ж. күні  2023-2024 оқу жылының жылдық жоспарына сәйкес С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің 1 курс студенттерімен «Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында кездесу өтті. Астана қаласы әкімдігі, Діндерді зерттеу орталығының дінтанушы маманы О.Синяков дәріс оқыды. Кездесу жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, идеологиялық деструктивті діни ағымдарға қарсы иммунитетті қалыптастыру, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау бағытында өтті. Экстремизммен күресудің бірден-бір жолы - дер кезінде нақты ақпарат беру. Шараның басты мақсаты - жастардың бойына еліміздің тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін терең меңгерту. Кездесуге барлығы 245 студент қатысты.

  

«Діни экстремизм, терроризм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп»

11.09 - 25.09. 2023 ж. теолог-маман Е.Зайтхан агрономия және орман шаруашылығы, жабайы табиғат және қоршаған орта  факультеттерінің 1 курс студенттеріне ​​«Діни экстремизм, терроризм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп» тақырыбында дәрістер оқыды. Әр оқу жылының басында студенттер Қазақстандағы дін туралы негізгі мәселелерді, оның ерекшеліктерін білуі және қоғамымыз бен мемлекетіміздің экстремистік діни ағымдарға қарсы күресінің мәнін түсінуі үшін тұрақты түрде кездесулер өткізіп тұрамыз. Еліміздің әрбір азаматы қоғамдық тыныштық жолында діни экстремизмге табанды түрде қарсы тұруы керек. Дәрістерге 357 студент қатысты.

  

«Жастар және дін: діннің қоғамдағы әлеуметтік функциялары» тақырыбында кездесу өтті

22.05.2023 – 29.05.2023 ж күндері аралығында барлық жатақхана студенттеріне арнап теолог-маман Ерғали Зайтханұлы «Жастар және дін:  діннің қоғамдағы әлеуметтік функциялары» тақырыбында дәрістер оқыды. Дәріс барысында елімізде зайырлы, құқықтық сипаттағы мемлекет ретінде адамдар мен азаматтардың дінді ұстануына еркіндік пен бостандық берілгені турасында сонымен қатар дін қоғамдағы мәдени, рухани және әлеуметтік салалармен байланысты болып келетіні жайында айтылды. Қазіргі таңда біздің еліміз үшін өзекті болып тұрған тақырыптардың бірі дәстүрлі емес діни қозғалыстар. Студенттерге олардың ерекшеліктері, түпкі мақсаттары, қоғамға зияны және миссионерік іс әрекеттері туралы ақпараттар берілді. Кездесу барысында қоғамдағы діни мәселелер талқыланып, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

  

«Діни экстремизм - тұрақтылыққа төнген қауіп» тақырыбында кездесу өтті

Бүгінгі күні әлемде елдерінде бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіріп тұрған мәселе - діни экстремизм мен терроризм. Экстремизмге қарсы күрестің бірден-бір жолы – олар туралы дер кезінде шынайы мәлімет беру. Жат ағымдардың, экстремистік топтардың қаупі туралы жастарды алдын ала көбірек хабардар етіп отыру қажет. Осы мақсатта  26.01.2023 ж.  күні С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінде Астана қаласы әкімдігі Дін мәселелерін зерттеу орталығы, ақпараттық түсіндіру жұмыстары бөлімінің жетекшісі А.Ерназаров, діндер зерттеу орталығының теолог маманы Арман Нұрахметұлы дәрістер оқыды. Дәрісте қазіргі қоғамдағы дәстүрлі дінге жат діни ағымдардың ұстанымдары мен ерекшеліктері, жаһандық ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы тарап жатқан экстремистік және террористік идеяларды белсенді насихаттайтын топтар және олардан сақтану жолдары жайлы кеңінен түсіндірілді. Жастар арасында кереғар діни ағымдарға еліктеушілік, түсінбеушілік бар екендігі айтылып, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Іс-шараға барлығы 156 студент қатысты.

«Діни сауаттылық – экстремизмге қарсы тұрудың маңызды аспектісі»

25.01.2023 ж. күні С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінде «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарына» сәйкес 1-курс студенттерімен кездесу өтті. Кездесуде Астана қаласы әкімдігі Дін мәселелерін зерттеу орталығы, ақпараттық түсіндіру жұмыстары бөлімінің жетекшісі А.Ерназаров, діндер зерттеу орталығының теолог маманы Арман Нұрахметұлы дәрістер оқыды. Жастарға теріс діни ағымдардың зияндығы жайлы түсіндіріліп, тыйым салынған террористік және экстремистік ұйымдардың тізімімен таныстырылды. Шараға барлығы 147 студент қатысты.

  

«Діни сауаттылық – қоғамдық қауіпсіздік» тақырыбында кездесу өтті

27.01.2023 ж. күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде студенттердің діни сауатын арттыруға арналған кездесу өтті. Кездесуде Астана қаласы әкімдігі Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы О. Синяков дәріс оқыды. Кездесу жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастыру, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау бағытында өтті. Жастар арасында кереғар діни ағымдарға еліктеушілік, түсінбеушілік бар екендігі айтылып, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Іс-шараға барлығы 85 студент қатысты.

  

«Құқықтық сауаттылықты арттыру және діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында техникалық факультеттің 1-курс студенттеріне дәріс

10.10.2022-14.10.2022 ж. күндері аралығында «Құқықтық сауаттылықты арттыру және діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында техникалық факультеттің 1-курс студенттеріне  теолог-маман Е.Зайтхан дәріс оқыды. Кездесу барысында қазіргі қоғамдағы дәстүрлі дінге жат діни ағымдардың ұстанымдары мен ерекшеліктері, сондай-ақ қазіргі заманғы электронды бағдарламалық қосымшаларды қоса алғанда, жаһандық ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы тарап жатқан экстремистік және террористік идеяларды белсенді насихаттайтын топтар және олардан сақтану жолдары жайлы кеңінен түсіндірілді.Дәріске 416 студент қатысты.

   

«Құқықтық сауаттылықты арттыру және діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінің 1-курс студенттеріне дәріс

03.10.2022 - 12.10.2022 ж. аралығында  «Құқықтық сауаттылықты арттыру және діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінің 1-курс студенттеріне теолог-маман Е.Зайтхан дәріс оқыды. Дәрісте экстремизм және терроризм ұғымдары, экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет ресурстарының қауіптілігі, дәстүрлі емес діни ағымдардың зияны және қылмыстық жауапкершілік  жөнінде ақпараттар берілді. Дәріске 207 студент қатысты.

«Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында кездесулер өтті

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны негізге ала отырып, С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінде 26. 09. 2022, 10.10. 2022 ж күндері  «Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында  1-курс студенттерімен кездесу өтті. Шараға жер ресурстарын басқару, сәулет және дизайн, техникалық, энергетикалық және экономикалық факультеттерінің  студенттері  қатысты «Астана қаласы әкімдігі Дін проблемаларын зерттеу орталығының дінтанушы, сарапшы мамандары О.Синяков, Т.Советов, А.Шонгараев баяндама жасады. Мамандар қазіргі қоғамдағы дәстүрлі дінге жат діни ағымдардың ұстанымдары мен ерекшеліктері, сондай-ақ экстремистік және террористік идеяларды белсенді насихаттайтын топтар және олардан сақтану жолдары жайлы ақпараттар берді. Сұхбат барысында әлеуметтік желілерді дұрыс пайдаланбай әртүрлі кереғар діни ағымдардың шырмауына түсіп, қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатқан азаматтар  жайлы да деректер келтірілді. Іс-шараға барлығы - 542 студент қатысты.

  

Жер ресурстарын басқару, сәулет және дизайн факультетінің 1-курс студенттерімен кездесу өтті 03.10.2022-7.10.2022

03.10.2022-7.10.2022 ж. күндері аралығында «Құқықтық сауаттылықты арттыру және діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті жер ресурстарын басқару, сәулет және дизайн факультетінің 1-курс студенттерімен кездесу өтті. Кездесуде теолог-маман Е.Зайтхан дәріс оқыды. Кездесу барысында қазіргі қоғамдағы дәстүрлі дінге жат діни ағымдардың ұстанымдары мен ерекшеліктері, сондай-ақ қазіргі заманғы электронды бағдарламалық қосымшаларды қоса алғанда, жаһандық ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы тарап жатқан экстремистік және террористік идеяларды белсенді насихаттайтын топтар және олардан сақтану жолдары жайлы кеңінен түсіндірілді. Дәріске 352 студент қатысты.

  

«Құқықтық сауаттылықты арттыру және діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында агрономия факультетінің 1-курс студенттеріне дәріс

26.09.2022 - 30.09.2022 ж. аралығында «Құқықтық сауаттылықты арттыру және діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында агрономия факультетінің 1-курс студенттеріне теолог-маман Е.Зайтхан дәріс оқыды. Дәрісте экстремизм және терроризм ұғымдары, экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет ресурстарының қауіптілігі, дәстүрлі емес діни ағымдардың зияны және қылмыстық жауапкершілік  жөнінде ақпараттар берілді. Дәріске 73 студент қатысты.

   

«Құқықтық сауаттылықты арттыру және діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру  факультетінің 1-курс студенттеріне дәріс

26.09.2022 - 30.09.2022 ж.  аралығында  «Құқықтық сауаттылықты арттыру және діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру  факультетінің 1-курс студенттеріне теолог-маман Е.Зайтхан дәріс оқыды. Дәрісте экстремизм және терроризм ұғымдары, экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет ресурстарының қауіптілігі, дәстүрлі емес діни ағымдардың зияны және қылмыстық жауапкершілік  жөнінде ақпараттар берілді. Дәріске 110 студент қатысты.

  

Студенттердің діни сауаттылығын арттыру мақсатында өткен іс-шаралардың үшінші кезеңі аяқталды

Бүгінгі күні әлемде елдерінде бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіріп тұрған мәселе - діни экстремизм мен терроризм. Қазақстан үшін де діни экстремизмге қарсы тұру және оның алдын алу – мемлекеттік саясаттың басым-бағыттарының бірі. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018–2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны негізге ала отырып,  С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінде 2021-2022 оқу жылының жоспарына сәйкес студенттердің діни сауаттылығын арттыру мақсатында өткен  іс-шаралардың үшінші кезеңі аяқталды. Экстремизмге қарсы күрестің бірден-бір жолы шынайы ақпаратты дер кезінде беру. Іс-шаралардың негізгі мақсаты жастардың бойында экстремизмге қарсы иммуннитет қалыптастыра отырып, ел тарихын, мәдениетін,  салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын терең білуге баулу. Іс-шараға барлығы - 2270 студент қатысты.

 

 

Жастардың діни танымын арттыру мақсатында кездесу өтті

2022 жылы сәуірдің 28-і күні Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің  студенттеріне діни ахуалды түсіндіру мақсатында жиын өтті. Кездесуде дін мәселелері жөніндегі түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы - маман Т.Советов және  исламтанушы Р. Қабдысылым дәріс оқыды. Кездесуде «Деструктивті діни ағымдардың зиянды әсері», «Қазақстан Республикасындағы діни ахуалдың ерекшеліктері» атты дін саласындағы өзекті тақырыптар талқыланды. Сонымен қатар баяндамашылар Қазақстан Республикасының зайырлылық терминінің анықтамасын, Нұр-Сұлтан қаласындағы конфессиялық палитра туралы ақпарат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық базасынан үзінді мәліметтер берді.

  

«Құқықтық сауаттылықты арттыру және діни экстремизмнің алдын алу»тақырыбында кездесулер өтті

Бүгінгі күні әлем елдерінде бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіріп тұрған мәселе - діни экстремизм мен терроризм. Қазақстан үшін де діни экстремизмге қарсы тұру және оның алдын алу – мемлекеттік саясаттың басым-бағыттарының бірі. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018–2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны негізге ала отырып, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде 2021-2022 оқу жылының жоспарына сәйкес 26.01.22 -  16.02.22  күндері аралығында  «Құқықтық сауаттылықты арттыру және діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында  1-курс студенттерімен кездесу өтті. Кездесуде «Нұр-сұлтан қаласы әкімдігі Дін проблемаларын зерттеу орталығының дінтанушы, сарапшы мамандары дәріс оқыды. Атап айтар болсақ, дінтанушы  И.Г. Бекишева - қазіргі қоғамдағы дәстүрлі дінге жат діни ағымдардың ұстанымдары мен ерекшеліктері, сондай-ақ, экстремистік және террористік идеяларды белсенді насихаттайтын топтар және олардан сақтану жолдары жайлы ақпараттар берді. Сұхбат барысында әлеуметтік желілерді дұрыс пайдаланбай әртүрлі кереғар діни ағымдардың шырмауына түсіп, қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатқан азаматтар  жайлы да деректер келтірілді. Эстремистік топтар тарапынан жаңа жақтастарды қатарына тарту үшін, барлық мүмкіндіктерді қолданатынын, оның ішіне  әлеуметтік желілер, мессенджерлер, онлайн ойындар және т.б. кіретінін ескертті. Жалпы іс-шаралардың негізгі мақсаты жастардың бойында экстремизмге қарсы иммуннитет қалыптастыра отырып, ел тарихын, мәдениетін,  салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын терең білуге баулу. Іс-шараға барлығы - 766 студент қатысты.