Басты бет / Университет / Студенттік өмір / «Электрондық бақылау бекеттері адамзаттың жер бетінде бұрын болған фактісін жасыру үшін роботтарды бағдарламалайды» атты пікір сайыс өтті
«Электрондық бақылау бекеттері адамзаттың жер бетінде бұрын болған фактісін жасыру үшін роботтарды бағдарламалайды» атты пікір сайыс өтті

2021 жылдың 8 қарашасы күні ҚазАТУ-ң  «Аманат» дебат клубыКАЗГЮУ пікір- сайысшыларымен бірге пікір сайыс  ұйымдастырды.

Пікір сайыстың басында жоғарғы курс студенттері демонстрациялық ойын жүргізді, бұл жаңадан келген 1-курс студенттеріне дебаттың мәнін түсінуге көмектесті.

Жаңадан қосылған студенттермен екі университеттің пікір сайысшылары «Электрондық бақылау бекеттері адамзаттың жер бетінде бұрын болған фактісін жасыру үшін роботтарды бағдарламалайды» тақырыбында пікір- сайыс жүргізді.

Пікір- сайыстың соңында  әділ қазылар пікір сайысқа белсене қатысқан студенттердің қорытынды бағасын  шығарып, нәтижесі бойынша  І және ІІ рангтарды ҚазАТУ «Аманат» дебат клубының пікірсайысшылары иеленді.