Басты бет / «21-ғасыр жастары» кездесу өтті
«21-ғасыр жастары» кездесу өтті

2021 жылдың 10 қарашасы  күні сағат 19:00-де, Zoom платформасы арқылы «Jastar city-2020» клубының ұйымдастыруымен Философия ғылымдарының докторы, академик профессоры Б.Карипбаевпен «21-ғасыр жастары» тақырыбында белсенді студенттермен  кездесу өтті.

Кездесуде профессор бүгінгі заман жастары қандай болуы, заманауи жастардың білімін кеңейтіп, қоғамға деген көзқарасы қандай екенін талдап ашық алаң құрып, әңгіме жүргізді.

Жастар – ел болашағы, ата-ана, Отанының үміті екенін сол үшінде жастар тәрбиелі, әрі білімді болуы қажет деді.

Профессор өз сөзін қорытындылай келе жастарғаөз ойларыңызды ашық айтып, анық жеткізгендеріңіз үшін ризашылығымды жеткізгім келеді.Білім ордасындағы әрбір  ұйымдастырылып жатқан іс-шара рухани жаңғыруға өз септігін тигізбей қоймасы анық емеспе, ендеше сіздер осы елдің азаматы ретінде өз елімізге, өз жерімізге әрбіріміз өзіндік қолтаңбамызды қалдырар патриот болуларыңыз шарт екенін ұмытпайық -деп қорытындылады.

Кездесу соңында университетіміздің белсенділері тақырыпты талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, осындай кездесулерді жиі өткізуді ұсынды.