«Топырақтану және агрохимия» кафедрасы 1958 жылы Целиноград ауылшаруашылық институтында құрылған алғашқы кафедралардың бірі болып табылады. Дербес құрылымдық бөлімше ретінде «Топырақтану және агрохимия» кафедрасы 2008 жылы ұйымдастырылған.
Кафедра «Топырақтану және агрохимия» мамандығы бойынша білім берудің үш деңгейінде білім беру бағдарламаларын іске асыруды жүзеге асырады.
«Топырақтану және агрохимия» кафедрасы жоғары ғылыми-педагогикалық кадрлық потенциалға ие. Кафедрада 2 ауылшаруашылық және биология ғылымдарының докторы, 3 қауымдастырылған профессор, 1 доцент, 4 философия докторы (PhD), 3 аға оқытушы және 2 оқытушы (ғылым магистрлері) қызмет атқарады. Кафедарада көмекші штатта 1 іс-жүргізуші және 4 лаборант бар. Кафедраның ғылыми дәрежелігі 73,0% құрайды. Кафедра ғалымдары бірнеше рет ҚР АМ, ҚР БжҒМ естелік марапаттарымен, төс белгілермен және мақтау қағаздарымен марапатталған: Р.Х. Рамазанова, В.Г. Черненок, А.П. Науанова, К.М. Мухаметкаримов.
Үш деңгей бойынша оқыту 20 шақты пәндер бойынша жүргізіледі.
1. Бакалавриат бойынша қазіргі кездегі пәндер:
2. Магистратура бойынша қазіргі кездегі пәндер:
3. Докторантура бойынша қазіргі кездегі пәндер:
2015 ж. магистратура мен докторантураның білім бағдарламалары бойынша үш тілді оқыту басталды.
![]() |
![]() |
Кафедраның оқу аудиториялары құрал-жабдықтармен және аспаптармен жабдықталған: фотоколориметрлер, муфельді пеш, термостаттар, кептіргіш шкафтар, ЦЛМН-Р10-01 зертханалық центрифуга (Элекон), «Эколаб» спектрофотометр, рН-метр, жалынды фотометр, мобильді топырақ зертханасы, автоклавтар, ламинар-бокс, МОТИК биологиялық, БИОЛАМ оқу микроскоптары, Биолам 5 компьютерлік қосымшамен стерео микроскоп, бактерицидтік лампалар, ультракүлгін бокс және т.б.
Кафедрада мамандандырылған агрохимиялық ғылыми-зерттеу зертханасы бар, онда магистранттар мен докторанттар диссертация тақырыбына сәйкес өзінің зерттеулерін жүргізеді.
Кафедрада өңірдегі жалғыз - Солтүстік Қазақстанның Топырақ мұражайы жұмыс істейді. Экспозицияның негізі физикалық, физика-химиялық және агрохимиялық қасиеттері егжей-тегжейлі сипатталған топырақ монолиттері болып табылады (Топырақ мұражайы).
![]() |
![]() |
![]() |
Студенттердің практикалық сабақтарын ұйымдастыру
• А.И. Бараев атындағы «Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС
• «Ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС
• А.Н. Бөкейхан атындағы «КазНИИЛХИА» ЖШС
• КазНИЛХАА Алтай филиалында жүзеге асады.
Кафедрада табиғи-климаттық белдеулер, топырақтың көлденең және тік белдеулері
• Солтүстік Қазақстан
• Шығыс Қазақстан
• Орталық Қазақстан аймақтары бойынша учаскелік зоналық тәжірибе жүргізеді.
6B08103 – «Топырақтану және агрохимия» білім беру бағдарламасының 3 курс білім алушылары 2023 жылдың 5-13 маусым аралығында “топырақтану және агрохимия” және 13-16 маусым аралығында “егін шаруашылығы” пәндері бойынша оқу (аймақтық) практикасынан өтті. "А.И. Бараев атындағы АШҒӨО" ЖШС; «Ә.Н. Бөкейхан атындағы ҚазОШАҒЗИ» ЖШС Алтай филиалы; "Солтүстік-Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибелік станциясы" ЖШС – Щучинск қаласы, Бурабай ауданы, Ақмола облысы; Шығыс Қазақстан облысына (Риддер қ.) барып, аймақтық тәжірибелер жүргізді. Бұл сапарлар студенттерге әртүрлі аграрлық жағдайларда құнды практикалық тәжірибе алуға мүмкіндік беріп, оларды Қазақстанның әртүрлі климаттық және географиялық аймақтарында топырақ қасиеттері мен ауылшаруашылық практикасын зерттеуге мүмкіндік берді.
![]() |
![]() |
2024 жылдың 29 сәуірі мен 5 мамыры аралығында 6В08103 – «Топырақтану және агрохимия» білім беру бағдарламасы бойынша 3 курс білім алушылары (01-077-21-04 және 01-077-21-05 топтары) PhD, аға оқытушы Звягин Григорий Александрович және оқытушы Жеделбаева Айгуль Сериковнаның жетекшілігімен, сондай-ақ 2 курс докторанты Толеуов Адилбек Утешовичпен бірге оқу практикасынан (аймақтық) өтуге Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына іс-сапарға барып келді.
Іс-сапардың бірінші күні зерттеу жұмыстары Қаратау ауданы, Алматы трассасы мен Ипподром (конный клуб) маңында жүргізілді. Топырақтың тік кескіні аналық тау жынысына дейін 120 см тереңдікте қазылды. Топырақ қабаттарының сипаттамасы – түсі, ылғалдылығы, құрылымы, жайласуы, гранулометриялық құрамы, жаңа жарандылар, кірме заттар, бір қабаттың келесі қабатқа өту сипаты анықталды. Генетикалық қабаттарының шекаралары анықталып, қабаттардың түсінің ауысуы белгіленді.
Жұғын түсі алынды. Тұз қышқылынан (10% ерітінді) топырақ жоғары бетінен бастап қайнады. Төменгі қабаттардан бастап, жоғары топырақ қабатына дейін топырақ үлгілері алынып, үлгіге арналған қапшықтарға салынды. Этикеткаға арналған қағаздар толтырылды.
Жер бедері жазықты, жануарлар дүниесі мен өсімдік жамылғысы зерттелінді. Студенттер жергілікті өсімдіктер жамылғысынан гербарий жинады.
Іс-сапардың екінші күні 6В08103 – «Топырақтану және агрохимия» білім беру бағдарламасының 3 курс білім алушылары Асанбай Асқаров атындағы дендросаябақ ішін аралады. Бұл ағаш-бұта өсімдіктерін өңірімізде интродукциялауды жоспарлы түрде жүргізген алғашқы ғылыми мекеме болып есептеледі. Дендросаябақтың аумағы Қазақстан және Орта Азия зонасы, Еуропа, Қырым, Кавказ, Қиыр шығыс, Сібір, Шығыс Азия және Солтүстік Америка сияқты флористикалық аймаққа бөлінген.
Іс-сапардың үшінші күні Түркістан облысы, Төле би ауданы, Алатау ауылдық округі (Леңгір ауылы) маңында тау етегі топырақтары мен таулы аймақ топырақтарын зерттеу мақсатында бірнеше топырақ кескіндері қазылып, зерттелді.
Жалпы, төрт күнге созылған студенттердің дала жағдайында жүргізген тәжірибелік практикасы теориялық білімді бекіту үшін өте маңызды болды. Мамырдың 6-нан 8-не дейін Шортанды ауданы, Научный кенті, «А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығы» ЖШС-де 6В08103 – «Топырақтану және агрохимия» білім беру бағдарламасының 3 курс білім алушылары (қазақ және орыс топтары) «Егіншілік» пәнінен практика өтті. Білім алушылар практика соңында жазбаша есеп тапсырды.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
МАГИСТРАНТТАРЫМЫЗ ТАШКЕНТТЕ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТТІ
2024 жылы 7М08107 - «Агротопырақтану және өсімдіктің қоректенуі» білім беру бағдарламасы бойынша 2 курс магистранттары ғылыми тағлымдама бойынша Ташкент қаласына барды. Ташкент мемлекеттік аграрлық университеті – Орталық Азиядағы ең көне және ірі ауыл шаруашылық жоғары оқу орны (tdau.agro.uz). 10 күндік тағылымдама барысында магистранттарымыз Ташкент мемлекеттік аграрлық университетінің профессорлық-оқытушылар құрамымен тәжірибе алмасып, жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысты.
![]() |
![]() |
2025 жылы доктаранттарымыз ғылыми тағылымдамадан өтті. 8D08103 – «Өсімдіктер қоректенуінің және тыңайтқыш қолданудың ғылыми негізі» БББ бойынша Толеуов Адильбек Утешович Ресей Федерациясы, Ставрополь қаласы, Ставрополь мемлекеттік аграрлық университет өткен шетелдік ғылыми тағылымдамасында топырақтың құнарлылығын және агроэкожүйелердің экологиялық жағдайын басқару әдістері, зертханалық, вегетациялық және далалық тәжірибелердің, мониторингтік зерттеулердің бағдарламалары мен схемалары арқылы алынған мәліметтер ұсынылған әдістердің дәлдігі мен қолданылуының жоғары дәрежесін көрсетті және 2025 жылғы 17 наурыз бен 17 сәуір аралығында "Өсімдіктер қоректенуінің және тыңайтқыш қолданудың ғылыми негізі" білім беру бағдарламасының 2-ші курс докторанты Алгожина Асия Шариповна Ресейдің жетекші университетінде - "QS Top universities Ranking" әлемдік рейтингінде 316-шы орын иеленген "Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университеті" федералды мемлекеттік автономды жоғары білім беру мекемесінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдама бекітілген бағдарламаға сәйкес б.ғ.д., аграрлық-технологиялық институттың агробиотехнологиялық департаментінің профессоры С.Н. Еланскийдің басшылығымен өтті.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Организация I летней школы по почвоведению совместно с зарубежными учеными в 2022-2023 г. Ганноверского университета имени Готфрида Вильгельма Лейбница. Омского государственного аграрного университета им. П.А. Столыпина. В летней школе приняли участие 3 лектора из Казахстана, 1 к.с.х.н. из России, 2 профессора из Германии, 34 человека обучающихся (Казахстан и Германия).
За последние пять лет учеными кафедры опубликовано более 100 научных статей, рекомендаций, тезисов, получено множество инновационных патентов и авторских свидетельств.
![]() |
![]() |
![]() |
Готфрид Вильгельм Лейбниц атындағы Ганновер университетінде 2022-2023 жылдары шетелдік ғалымдармен бірлесіп топырақтанудан 1 жазғы мектеп ұйымдастырылды. П.А. Столыпин атындағы Омбы мемлекеттік аграрлық университеті. Қазақстаннан 3 оқытушы, Ресейден 1 ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Германиядан 2 профессор. Студенттер – 34 адам (Қазақстан және Германия)
Кафедраның ПОҚ-ы ғылыми зерттеулері нақты егіншілік жүйесіне қатысты топырақ құнарлылығын мақсатты түрде басқару әдістерін; дәстүрлі емес дәнді дақылдардың өнімділігін арттырудың ғылыми негіздерін; Солтүстік Қазақстанның құрғақ дала аймағы жағдайында ауыл аймағы территорияларындағы құлдыраған жерлерді биологиялық рекультивациялау технологиясын әзірлеу, топырақ-өсімдік жүйесінде азот тыңайтқыштары трансформациясын; Солтүстік Қазақстанның топырақтарындағы актиномицетттер мен оларды ластанған топырақтарды биоремедиациялауға және өсімдік қорғауда пайдалану мүмкіндігі; картоп пен күнбағысқа биоминералды және биоорганикалық тыңайтқыштарды қолдануды зерттеумен байланысты.Кафедра ғалымдарымен соңғы бес жылда республикалық және халықаралық басылымдарда 100-ден астам ғылыми мақалалар, ұсыныстар, тезистер жарияланды, инновацияллық патенттер мен авторлық куәліктер алынған.
|
|
Почва мен өсімдіктердегі негізгі қоректік элементтерді анықтау бойынша зертханалық талдаулар жүргізу |
|
|
Ячменнің жапырақ дақтылығын, бидайдың түбір шіруін басатын және ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыратын биопрепараттарды зерттеу бойынша далалық ұсақ учаскелі тәжірибелер «Кирол- Сарыарка» ЖШС тәжірибелік алқабында жүргізілуде. |
Біздің түлектер ҚР АШМ мен оның бөлімшелерінде, ҚР агрохимиқ (қызметінде, ғылыми-зерттеу институттарында), "ЖерҒӨО" РМК филиалдарында, экологиялық зертханаларда, шаруашылықтарда, ЖОО зертханаларында және т.б. жұмыс істейді.
1958 жылы Целиноград ауылшаруашылығы институтында құрылған алғашқы кафедралардың бірі «Топырақтану және агрохимия» кафедрасы. Кафедраны 1971 жылға дейін а.-ш. ғылымдарының кандидаты Половицкий И.Я. басқарды. Кафедраның алғашқы қызметкерлері Т.С. Штейнберг, Г.Д. Чернышенко, Г.Д. Тарасюк болды.
Агрохимия кафедрасының бірінші құрамы
1964 ж. кафедра екі жеке құрылымдық бөлімшелерге бөлінді: «Топырақтану» кафедрасы және «Агрохимия» кафедрасы; кафедраның меңгерушісі болып Воронеж ауылшаруашылығы институтынан келген а.-ш. ғылымдарының кандидаты М.В.Афанасьев тағайындалды. Осы ЖОО-нан доцент В.Н.Стебакова, ассистенттер Р.М.Савинова, В.М.Кан, А.Ф.Никулина шақырылды. Барлық жылдары кафедра оқу қызметімен қатар белсенді түрде ғылыми зерттеулер жүргізді.
Афанасьев М.В. |
Канивец Н.С. |
Жандаев М.С. |
1958-1970 жылдар аралығында «Топырақтану» кафедрасында И.Я. Половицкидің жетекшілігімен іргелі және қолданбалы топырақтану мәселелері бойынша алғашқы зерттеулер ұйымдастырылған: әр түрлі кебір топырақтардың генезисі және мелиорациясы. Сол уақытта кебірлі стационар ұйымдастырылды, оның базасында тек қана зерттеулер емес, бүкілодақтық семинарлар, республикалық кеңестер және т. б. жүргізілген.
1971-1976 жылдары «Топырақтану» кафедрасын а.-ш. ғылымдарының кандидаты, доцент Л.В. Носкова меңгерді, оның зерттеу саласы кебірлер мен қара-қоңыр топырақтардың су-физикалық қасиеттерін зерттеу мәселелерін қамтыды.
1970 жылдан бастап 1977 жылға дейін кафедраны Украина, Молдавияда жұмыс істеген а.-ш. ғылымдарының докторы, профессор И.И.Канивец меңгерді. Бұл кезеңде кафедрада В.Н.Стебакова және аспирант Г.И.Уваров бастаған кебірлерді мелиорациялаудың химиялық әдістері (1969-1974 жж.), әртүрлі тыңайтқыштардың тиімділігі мен ауыл шаруашылығында лазерді пайдалану (Д.Г.Куприянова, 1971-1977 жж.), топырақтың қоректену режиміне топырақ өңдеу әдістерінің әсері (В.Н.Фомина, 1972-1975 жж.) бойынша зерттеулер жалғасты.
Осы уақытта доцент В.Г. Черненок дәнді дақылдарды тыңайту жүйесін әзірлеу (1970-1972 жж.) бойынша 40 га алаңға алғашқы рет агрохимиялық стационар құрды, бұл стационар тыңайтқыштармен жүргізілген тәжірибелердің Бүкілодақтық Жағрафиялық жүйесіне қосылды және ғылым мен техника бойынша СССР Мемлекеттік комитетінде бекітілген тапсырмалар бойынша ғылыми жұмыстар жүргізуде база болды. Осы кезеңнің зерттеу нәтижелері «Солтүстік Қазақстан топырақтарының құнарлылығы мен тыңайтқыштардың тиімділігі» атты монографияда жарық көрді (1977 ж.).
1977 жылы екі кафедра: «Агрохимия» және «Топырақтану» қайта біріктірілді. Меңгеруші болып М.С.Жандаев сайланды, ол бұл қызметте 1985 жылға дейін еңбек етті. Бұл кезеңде оның жетекшілігімен Қарағанды, содан кейін және Екібастұз көмір бассейндерінде топырақ құрылымы бұзылған жерлерді (шахталық опырылулар) қайта қалпына келтіру тәсілдерін әзірлеу бағытында зерттеу жұмыстары жалғастырылып, одан әрі дамыды.
Черненок В.Г. |
Байдюсен У.Ж. |
Науанова А.П. |
1985 жылдан бастап 1998 жылдарға дейін «Топырақтану және агрохимия» кафедрасын доцент В.Г.Черненок басқарды. Оның белсенді қызметінің арқасында осы кезеңде кафедра агрономиялық факультет корпусына ауыстырылды, топырақ-агрохимиялық зертханаға бейімделмеген бөлмелерді қайта жабдықтау және оларды қажетті жабдықтармен, материалдармен және зертханалық құралдармен жабдықтау бойынша үлкен жұмыс атқарылды. 1986 ж. корпустың жертөлесінде ғылыми агрохимиялық зертхана ұйымдастырылып, бұл зертхана қазіргі уақытқа дейін жұмыс атқаруда.
1987-1988 жылдары университетте Солтүстік Қазақстандағы бірінші және әзірге жалғыз топырақ мұражайы ашылды. Оның ашылуына доцент М.С.Жандаев, ғылыми кызметкер Н.Г.Кондратюк, доцент С.В.Азаров, ассистент А.Ф.Никулина, «Жерге орналастыру» факультетінің архитекторлары өз еңбектерін сіңірді.
Осы кезеңде В.Г. Черненокпен агрохимия саласында кең ауқымды стационарлы зерттеулер жүргізілді, 1989 ж. оқу-тәжірибе шаруашылығында жаңа стационар құрылды.
Кафедраның ғылыми зерттеулер материалдары бойынша барлығы 500-ден астам жұмыстар жарияланған, 15 кандидаттық (В. Кан, В.Г. Черненок, В.И. Рылушкин, В.М. Володин, М.С. Жандаев, В.П. Стрельченко, Л.И. Нагулевич, В.А. Фомин, Г.И. Уваров, С.В. Азаров, Д.Т. Куприянова, В.Н. Фомина) және 7 докторлық (И.Я. Половицкий, Е.П. Воронова, В.М. Володин, В.П. Стрельченко, В.Г. Черненок, Г.И. Уваров, Т.И. Володина) диссертация қорғалған.
1997 жылы «Топырақтану, агрохимия және егіншілік» кафедрасы құрылды, оны 2001 жылға дейін а.-ш. ғылымдарының кандидаты, доцент Н.В. Шрамко басқарды.
2001 жылы жаңадан «Агроэкология» мамандығының ашылуына сәйкес «Агрохимия және агроэкология» кафедрасы құрылып, оған жетекшілік ету профессор В.Г. Черненокқа жүктелген. Топырақтану «Егіншілік» кафедрасы құрамында қалды.
2002 ж. бастап 2007 ж. дейін кафедраны а.-ш. ғылымдарының кандидаты, доцент Ұ.Ж. Байдүйсен басқарды және осы кезеңде кафедра қызметкерлері Р.Ш.Кузданова, Е.Т.Нурманов, Ж.К.Серекпаева, А.Б.Кудашев, Н.Б.Мустафаева профессор В.Г.Черненок жетекшілігімен ауылшаруашылық дақылдарының қоректенуін оңтайландыру тәсілдерін әзірлеу бойынша зерттеу жұмыстарын жалғастырды. Сонымен қатар, кафедрада микробиологиялық зерттеу жұмыстары дамыды.
2008 жылы «Топырақтану және агрохимия» кафедрасы қайта құрылды және кафедра меңгерушісі қызметіне биология ғылымдарының докторы, профессор А.П. Науанова тағайындалды.
Сулейменов С.З. |
Рамазанова Р.Х. |
Алманова Ж.С. |
2012 ж. қыркүйектен бастап кафедраны а.-ш. ғылымдарының кандидаты С.З. Сулейменов басқарды, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ түлегі (2004).
2013 ж. қыркүйекте кафедра меңгерушісі болып а.-ш. ғылымдарының кандидаты, доцент Р.Х. Рамазанова тағайындалды.
2021-2024 жж. кафедра меңгерушісі қызметін Ж.С.Алманова басқарды.
2024 жылдың қыркүйек айынан бастап 2024 жылдың желтоқсан айына дейін кафедра меңгерушісі болып А. А. Қашқаров қызмет атқарды.
2025 жылдың ақпан айынан бастап кафедра меңгерушісі Э.М. Баимбетова тағайындалды.
![]() |
![]() |
КАШКАРОВ А.А. | БАИМБЕТОВА Э.М. |
2014 жылы ҚР БҒМ орталық Балон үдерісімен академиялық ұтқырлық жүргізген Ұлттық рейтинг қорытындысы бойынша жоғары оқу орындарының ішінде С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ университетінің 080800 – «Топырақтану және агрохимия» мамандығы бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша 3 - орынды иемденді. 2015 жылы Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агентігінің нәтижесі бойынша жоғары оқу орындарының ішінде С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ университетінің 080800 – «Топырақтану және агрохимия» мамандығы бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша 1- орынды, ал 2016 жылы – 2 - орынды иемденді.
Кафедра оқытушылары әр жылдары ЖОО-ның «Үздік оқытушы» мемлекеттік грантының иегерлері болды (А. П. Науанова, 2006, 2014, Р. Х. Рамазанова, 2009, К. М. Мухаметкаримов, 2010).
Кафедра оқытушылары ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне қосқан үлестері үшін Мемлекеттік марапаттармен, құрмет белгілерімен және алғыс хаттармен марапаталып отырды.
Кафедрада ПОҚ - ың кәсіби біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінген. Біліктілікті арттыру қысқа және ұзақ мерзімдік курстарда республикалық және халықаралық деңгейде ғылыми орталықтарда өткізіледі: ҚР БҒМ микробиология және вирусология институты, ҚР АШМ ММ "Агрохимқызмет", Путра Малайзия Университеті, Чех Даму орталығы, Кастамону Университеті, Ардахан Университеті (Түркия), Көкөніс шаруашылығы және танаптану институті (Сербия), Мәскеу орман академиясы (Ресей), Гуанджоу Университеті, Солтүстік – Батыс университеті (Қытай) және т. б.
Кафедра оқытушылары республикалық және халықаралық деңгейдегі конференциялар мен симпозиумдарға қатысып отырады: Азияның халықаралық агрохимиялық форумы; «Роль целины и перспективы развития земледелия и растениеводства Казахстана» тың және тыңайған жерлерді игерудің 60 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы; 9 th International Soil Science Congress on «The Soul of Soil and Civilization» - 14-16 қазан 2014 ж. - Turkey / Antalya, Side;
International Conference on Emereging Trends In Academic Research. (Онлайн-конференциясы) - 25-26 қараша 2014 ж. Индонезия, Бали; «Проблемы микологии и фитопатологии в ХХІ веке» халықаралық ғылыми конференциясы – Санкт-Петербург; Қоршаған ортаны қорғау бойынша Түрік ұлттық конгресі - Афьонкарахисар және т. б.
Кафедраға дәріс оқуға шет ел оқытушылары шақырылды: профессор Кристофер Те Бун Сунг (Путра Университеті, Малайзия) РҒА академигі В.И.Кирюшин (АШМ К.Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университет), PhD доктор Темел Сарыилдыз (Кастамону Университеті, Түркия), Б.М. Когут, а.ш.ғ. докторы, профессор, В. Докучаев атындағы топырақ институты.
Кафедраның алғашқы ғылыми жұмысы 1960 жылы іргелі және қолданбалы топырақтану мәселелері - кебірлердің генезисі мен мелиорациясын дамыту бойынша ұйымдастырылды.
1964 жылы кафедраның сол кездегі доценті В.Г. Черненок өсімдік қорегіне байланысты Солтүстік Қазақстанның құрғақ дала аймағындағы күңгірт қара-қоңыр топырақтардың фосфор және азот құбылымдарын зерттеу бойынша жұмыстар жүргізуді бастады. Осы кезеңде дәнді дақылдарды тыңайту жүйесін өңдеу бойынша алғашқы агрохимиялық стационардың негізі қаланып, Бүкілодақтық географиялық тыңайтқыштармен тәжірибелер желісіне қосылды.
Ары қарай В.Г. Черненок зерттеулері жалғасын тауып, Солтүстік Қазақстанның құрғақ дала аймағында тыңайтқыш қолданудың жаңа теориялары мен тәжірибесі алынды, топырақтағы азот пен фосфор мөлшерінің оңтайлы көрсеткіштері анықталынып, дақылдардың қоректену жағдайларын диагностикалауға, олардың тыңайтқыштарға деген қажеттілігін анықтайтын түбегейлі жаңа тәсілдер ұсынылды.
Қарағанды және Екібастұз көмір бассейндерінде бұзылған жерлерді (шахталар үйіндісі) қалпына келтіру әдістерін жетілдіру бойынша зерттеулерді доцент М.С. Жандаев жүргізді.
2000 жылдан бері кафедраның негізгі зерттеулері - құрғақ дала аймағындағы күңгірт қара-қоныр топырақтарында ауыл-шаруашылық дақылдарының тыңайтқыштарға ықыластылығын болжау және оларды азотты-фосфорлы тыңайтқыштармен қореқтендіруін сараптау әдістерін өндеу сұрақтары (В.Г. Черненок), сонымен қатар дәнді дақылдардың саңырауқұлақтық ауру қоздырғыштарының экологиясы мен биологиясы тақырыптарында жүргізіледі. Кафедра профессорлары З.П. Карамшук және А.П. Науанова топырақтың құнарлылығын арттыратын және өсімдіктің ауруларға қарсы тұру иммунитетін күшейтетін өсімдік экстракттары және микробтық консорциумдар негізінде дайындалған биопрепараттарды жасау әдістерін өңдеді. Сонымен қатар дәнді дақылдылардың ауру қоздырушыларының және целлюлоза ыдыратушы микроағзаларының, миколитикалық және азотты сіңіруші бактерияларының коллекциясын жинақтады.
2015-2017 жылдардан бастап кафедра ПОҚ нүктелік егіншілік жүйесінде, өнеркәсіпті әртараптандыру жағдайында оңтайлы қоректенуді қамтамасыз ететін және майлы дақылдардың өнімділігінің әлеуетін жүзеге асыруда қолданбалы топырақ құнарлылығын басқаруға бағытталған әдістерді өңдеу бойынша зерттеулер жүргізді (профессор В.Г. Черненок); Топырақ – тыңайтқыш жүйесінде тыңайтқыштардағы азоттың ауысуын зерттеу және тритикаленің өнімділігін минералдық қоректенуін оңтайландыру жолымен арттыру тәсілдерін жетілдіру (профессор А.К. Қүрішбаев, доцент Р.Х. Рамазанова); Солтүстік Қазақстан топырақтарындағы актиномицеттердің түрлерін топырақ биоремедиация және өсімдік қорғау мақсатында зерттеу (профессор А.П. Науанова); бұзылған жерлерді биологиялық рекультивациялау технологияларын өңдеу және күнбағыс пен картоп өсіру кезінде дәстүрлі емес, биоминералдық және биоорганикалық тыңайтқыштардың тиімділігін зерттеу (аға оқытушылар С.М. Кульжанова, Е.Т. Нурманов).
2016 жылы кафедрада Халықаралық қайта құру және Даму банктің қолдауымен «Отандық биопрепараттар көмегімен құс саңғырығынан органикалық биотыңайтқыш жасау технологиясын өңдеу және оларды өсімдік шаруашылығына енгізу» жобасы жүзеге асырыла бастады (жетекшісі профессор А.П. Науанова).
2018 жылдан бастап «Ғылымды дамыту» 217 бюджеттік бағдарламасы аясында профессор В.Г. Черненок «Қазақстанның құрғақ дала аймағы үшін келешегі бар жасымық сұрыптарының әлеуетті өнімділігін жүзеге асыру әдістерін өңдеу, оларға оңтайлы топырақтың агрохимиялық қасиеттер көрсеткіштерін және астық өнеркәсібі әртараптандыру жағдайында бәсекеге қабілетті жетістіктерін қамтамасыз ететін әдістерді анықтау» тақырыбында зерттеу жүргізуде.
Соңғы үш жылда кафедра ғалымдарымен 100-ден астам ғылыми еңбектер жарық көрді, оның ішінде 6 ұсыныс, 5 монография, 9 оқу құралы, 84 ғылыми мақалалар, 2 инновациялық патент және 5 авторлық куәлік алынған.
Қазіргі таңда кафедра құрамында 2 доктор, 5 ғылым кандидаты, 5 PhD доктор, 3 аға оқытушы және 2 оқытушы, ғылым магистрлары жұмыс жасайды.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Кафедра поддерживает тесные академические связи с зарубежными университетами и научными центрами. Кафедра почвоведения и агрохимии сотрудничает с ведущими вузами ближнего и дальнего зарубежья, среди которых: Белорусская государственная сельскохозяйственная академия, Университет Альберты (Канада, г. Эдмонтон), Томский государственный университет, Московский государственный университет имени М.В. Ломоносова, Российский университет дружбы народов имени Патриса Лумумбы, Ташкентский государственный аграрный университет (Узбекистан, г. Ташкент).
Международное сотрудничество кафедры по подготовке докторантов, участие в проектах, прохождение стажировок ППС и др.: Ганноверский университет имени Готфрида Вильгельма Лейбница (Германия), Вагенингенский университет (Нидерланды), Почвенный институт им. В.В. Докучаева (Россия), Университет Ондокуз Майис (Турция), БГСХА (Беларусь), Калифорнийский университет в Дейвисе (США), Университет AgroParisTech (Франция), Омский государственный аграрный университет им. П.А. Столыпина (Россия) и другие. ППС кафедры прошли стажировки за рубежом: Ганноверский университет имени Готфрида Вильгельма Лейбница (Германия); Почвенный институт им. В.В. Докучаева; Международный центр образовательных технологий ICET (Республика Беларусь).
С 29 мая по 6 июня 2022 года на базе КАТИУ им. С. Сейфуллина PhD Чохура Петр (Польша) прочитал лекции по агрохимии на тему «Питание садовых растений. Выращивание овощей в теплицах».
В 2022 году поступил в магистратуру Diri Kelvin Harrison из Нигерии. По международной программе «Болашак» выиграла грант и с 10 января 2024 г. по 15 января 2025 г. проходила научную стажировку за рубежом (Австралия) к.с.х.н., старший преподаватель кафедры Кенжегулова Саягуль Олжабаевна.
Топырақтанушы агрохимиктер - агроөнеркәсіптік кешен жүйесінде, жерге орналастыру жобалау ұйымдарында, жер комитеттерінде және кадастрлық қызметте, агрохимсервис және экология зертханаларында, экологиялық бақылау қызметтерінде, қорықтар мен орман шаруашылықтарында, ҒЗИ мен жоғары оқу орындарында және т.б. жұмыс істеді. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, гранттық қаржыландырудың және шаруашылық-шарт жұмыстарының ғылыми жобаларына белсенді қатысты. Агроэкологиялық сынақ орталығы мен BioKATU зертханалар базасында ғылыми зерттеулер жүргізді.
СҒЗЖ ұйымдастыру мен нәтижелерін шығаруды жетілдіруде студенттік ғылыми конференция маңызды орын алады. Жас ғалымдар мен студенттерге арналған конференцияларға қатысып, мамандық студенттері публикациялар бойынша жақсы көрсеткіштерге ие.
2024-2025 оқу жылында ЛОГО бағдарламасы бойынша Германия елінде тәжірибеге баруға 3 курс студентері Абдуносирова Юлдуз Руслан кизи, Абенова Улпан Баймановна, Әбдысалық Қарақат Асыланқызы және Көлбай Асылзат Бақытжанқызы құжаттарын тапсырып, «Deula-Nienburg», «LOGO e.V.» тәжірибеден өтуде, мамандар топырақ құнарлылығын арттыру бағытында еңбек етпек.
Көлбай Асылзат Бақытжанқызы Медиа этика және басқару тақырыбында (an online non-credit course authorized by University of Amsterdam and offered through Coursera) 26.05.2024 және HUAWEI ICT Academy базасы бар Huawei платформасында қолжетімді жасанды интеллект бойынша 21.03.2025 «Жасанды интеллектке шолу» Al Basics: Overview of Al (Kazakh) курсынан өтті. Абдуносирова Юлдуз Руслан кизи Мансаптық даму жобасы тақырыбында (an online non-credit course authorized by University of California, Irvine and offered) through Coursera 25.05.2024 және HUAWEI ICT Academy базасы бар Huawei платформасында қолжетімді жасанды интеллект бойынша 01.04.2025 «Жасанды интеллектке шолу» Al Basics: Overview of Al (Kazakh) курсынан өтті.
Көлбай Асылзат Бақытжанқызы Медиа этика және басқару тақырыбында (an online non-credit course authorized by University of Amsterdam and offered through Coursera) 26.05.2024 және HUAWEI ICT Academy базасы бар Huawei платформасында қолжетімді жасанды интеллект бойынша 21.03.2025 «Жасанды интеллектке шолу» Al Basics: Overview of Al (Kazakh) курсынан өтті. Абдуносирова Юлдуз Руслан кизи Мансаптық даму жобасы тақырыбында (an online non-credit course authorized by University of California, Irvine and offered) through Coursera 25.05.2024 және HUAWEI ICT Academy базасы бар Huawei платформасында қолжетімді жасанды интеллект бойынша 01.04.2025 «Жасанды интеллектке шолу» Al Basics: Overview of Al (Kazakh) курсынан өтті.
Университетте сондай-ақ, жыл сайын «Сейфуллин тағылымы» ғылыми-практикалық конференциясы шеңберінде студенттік ғылыми жұмыстар байқауы өткізіледі, онда студенттердің, олардың ғылыми жетекшілерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ынталандыру механизмдері жетілдірілген.
Әртүрлі ғылыми конференциялар, олимпиада нәтижелері бойынша кафедра студенттері жыл сайын дипломдар, құрмет грамоталары мен алғыс хаттар алып отырады. Жалпы студенттердің конференция, студенттік жұмыстар байқауына қатысу үлесі жыл сайын 10-15% кем емес.
Профессор, биология ғылымдарының докторы А.П.Науанова 5 биология ғылымдарының кандидатын, 4 философия докторын, 40-тан астам ауылшаруашылық магистрлерін дайындады.
Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор В.Г. Черненок 20-дан астам ауылшаруашылық магистрлерін, 1 докторант дайындады.
Кафедрада академиялық ұтқырлық даму үстінде. Соңғы жылдар ішінде мамандықтың студенттері Шығыс Финляндияда, Қазақ ұлттық аграрлық универсететіңде, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік универсететіңде оқудан өтті. Осы уақыттар арасында С. Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ – інде басқа да университеттерден студенттер академиялық ұтқырлық аясында білім алады: М. Әуезов атындағы Оңтүстік – Қазақстан мемлекеттік универсететі, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық универсететі т.б.
Кафедра атауы |
Мамандық атауы
|
Студенттің аты-жөні
|
Алған орын
|
Өткізілген орын
|
2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫ |
||||
Топырақтанужəне агрохимия |
6В08103 – «Топырақтанужəне агрохимия» |
Бекназарова Рабиға Жалғасбекқызы |
2 |
Алматы қ. |
Топырақтанужəне агрохимия |
6В08103 – «Топырақтанужəне агрохимия» |
Еримбет Сана Қайырғалиқызы |
3 |
Алматы қ. |
2023-2024 оқу жылы |
||||
Топырақтанужəне агрохимия |
6В08103 – «Топырақтанужəне агрохимия» |
Қуанай Гүлназ Орынбекқызы |
2 |
Алматы қ. |
Топырақтанужəне агрохимия |
6В08103 – «Топырақтанужəне агрохимия» |
Орынова Таншолпан Бауыржанкызы |
3 |
Алматы қ. |
2024-2025 оқу жылы |
||||
Топырақтанужəне агрохимия |
6В08103 – «Топырақтанужəне агрохимия» |
Абдурахманова Сабина Абдурашит кизи |
1 |
Астана қ. |
Топырақтанужəне агрохимия |
6В08103 – «Топырақтанужəне агрохимия» |
Кушербек Мәдина Құланбекқызы |
2 |
Астана қ. |
|
|
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ.,
Молдағұлова к-сі 27 , Агрономиялық факультет, корпус №5
тел.: +7 (7172) 31 13 08
6B081 Агрономия
6B08102 Селекция және тұқым шаруашылығы
6B08103 Топырақтану және агрохимия
6B08105 Озық агрономиялық ғылым
7М081 Агрономия
7М08101 Танаптық дақылдар селекциясы
7M08107 Агротонырақтану және өсімдіктің коректенуі
8D081 Агрономия
8D08103 Өсімдіктерді кәректендіру және тыңайтқыштарды қолданудың ғылыми негіздері