Басты бет / Жаңалықтар / 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын!
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын!

Просмотров: 551

Құрметті Сейфуллин университетінің оқытушылары, ата-аналар мен балалар! Баршаңызды 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Жаздың алғашқы күнімен келетін мереке балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты жəне жыл сайын асыға күтетін басты мерекелердің бірі.

Ата-ананың ең үлкен бақыты – баласының жақсы азамат болып өсуі.  Мемлекет пен қоғамның да басты мақсаты – ел мұратын алға жеткізетін білімді, отаншыл ұрпақ тәрбиелеу. Сондықтан бала қуанышын бағына балаған ата-ана үшін де, бар тілегі мен елдік мұратын балалармен байланыстырған мемлекет үшін де бұл мерекенің маңызы зор.

Бүгінде баршамыздың алдымызда тұрған зор міндет – ұрпаққа заманауи білім беріп, білікті маман дайындау. Сондықтан да, Сіздер, сапалы білім алып, еліміздің дәулетті, жеріміздің сәулетті болуы үшін белсенділік танытып, еліміздің одан әрі гүлденуіне өз үлестеріңізді қосуларыңыз керек.

Балаларымыздың оқуда озат болуларына, жарқын болашаққа нық қадам басып, еңсесі биік ел азаматтары атануларыңа тілектеспін!

Отбасынан басталған бақытты балалық шақ - Отанның адал азаматы болуға жетелесін. Болашақтарың жарқын, аспандарың ашық болсын! Әрқашан жүздеріңізден күлкі, жүректеріңізден мейірім кетпесін!

Құрметпен,

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Басқарма төрағасы-Ректоры, ҚР ҰҒА академигі Қ.М.Тіреуов