Басты бет / Жаңалықтар / 4 маусым Қазақстан Республикасының рәміздері күні
4 маусым Қазақстан Республикасының рәміздері күні

Просмотров: 295

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заңы 2007 жылдың 4 маусымында қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтеді. Мемлекеттік рәміздер-мемлекет негізінің мызғымас бір бөлігі. Мемлекеттік рәміздер-бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейді. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба, Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздері болып табылады.

Осы мереке құрметіне кеше С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Мәдени-бұқаралық жұмыстар жөніндегі департаменті мен Әскери кафедрасының ұжымы бірлікте флешмоб ұйымдастырды.

Флешмобтың мақсаты - азаматтық пен патриоттыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, елдің мемлекеттік рәміздеріне деген құрметті қалыптастыру, сондай-ақ олардың мән-маңызын насихаттау.

Еліміздің барша азаматтарын атаулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!