Басты бет / Жаңалықтар / Agritech Startup Ideas жобалар байқауының жеңімпаздары байқау туралы өз пікірлерімен бөлісті
Agritech Startup Ideas жобалар байқауының жеңімпаздары байқау туралы өз пікірлерімен бөлісті

Просмотров: 1142

         ҚазАТЗУ базасында өткізілген Agritech Startup Ideas – ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібін дамыту үшін инновациялық идеяларды ұсынудың бірегей мүмкіндігі болды.

        Agritech Startup Ideas жобалар байқауының жеңімпаздары, біздің талантты студенттеріміз жоба туралы өз ойларымен бөлісті.

 

- Конкурс өте қызықты және  пайдалы болды. Осындай жерлерде өз-өзіңді көрсетіп, нетворкинг орнату – инвестиция табу мен компаниялармен байланыс құруға керемет алаң. Болашақта осындай іс-шаралар университеттің тұрақты дәстүріне айналады деп үміттенемін. («Анализатор» командасы, Ерқанат Тәшен).

 

- Agritech Startup Ideas байқауы біздің команда үшін ауыл шаруашылығы саласындағы инновациялық идеялармен бөлісуге тамаша мүмкіндік. Бұл байқау өте жақсы ұйымдастырылған және агротехнологиялардың дамуын ынталандырады. Біз қазылар алқасының кәсібилігіне және іс-шараны ұйымдастыру деңгейіне тәнті болдық. Байқау бізге құнды тәжірибемен қоса, саладағы басқа қатысушылармен және сарапшылармен байланыс орнатуға мүмкіндік берді. («AgrоCashFlo» жобасының ұйымдастырушысы Адель Данияр).

 

- Менің білуімше, Agritech Startup Ideas байқауы ҚазАТЗУ-да бірінші рет өткізілген стартап байқауы болды. Байқаудың ең қызықты аспектісі біздің идеямыз туралы пікір білу болды. Идеялар әртүрлі, бірақ жақсы және шынымен пайдалы стартаптар сирек кездеседі және біздің жобаға ерекше көңіл бөлгені үшін өте қуаныштымыз. («HydroSwale Solutions/ Swale» жобасы, Захар Абель мен Мадина Мусахан).

 

- Іріктеуден өту қаншалықты қиын болды? Дайындыққа қанша уақыт кетті?

 

- Іріктеу біршама қиын болды. Соңына дейін өтпеймін деген күмәнім де болғанын жасырмаймын. Конкурс жайлы хабар естігенімде, бірден кірісіп кеттім. Алдымен, ақпарат жинадым. Көптеген ғылыми мақаларды оқып, қандай тәсіл тиімді екеніне анализ жасадым. Қазіргі таңда мен TensorFlow терең оқыту (Deep learning) технологиясына тоқталдым. Екіншіден, ол датасет жинау, яғни жасанды интеллекті оқыту үшін жоғары сапалы фотографияларды талап етеді. Бидай дәндерін ұсақ болған соң зертханада өзім түсіріп отырдым. Соңғы жұмыс – код жазу болды. Конкурсқа мен OpenCV кітапханасын қолдандым. Себебі ол оңай және тез жасалатын технология. («Анализатор» командасы, Ерқанат Тәшен).

 

- Байқаудың ұйымдастырушысы Болат Сұлтанғазиннің айтуынша, 30-дан астам команда өтінім берген, бірақ финалға 10-ы ғана өткен. Біздің куратор сәуір айының соңында байқау туралы бізге хабарлағаннан кейін, біз құнды идея іздедік. Дайындық мамырдың басында тіркеу формасын рәсімдеуден басталды. Әрі қарай біз іріктеу нәтижелерін күттік және 10 мамырда презентациямызды дайындай бастадық. Жалпы алғанда, стартап тұжырымдамасы туралы ойланбастан, жақсы нәтижеге жету үшін шамамен екі апта қажет болды («HydroSwale Solutions/ Swale» жобасынан Захар Абель мен Мадина Мусахан).

 

- Стартапқа келуге қандай шешім/оқиға түрткі болды?

 

- Жарты жыл бұрын дуалды оқытумен КазАгроЭкс компаниясында технолог ретінде тағылымдамадан өттім. Тағылымдама маған дәнді-дақылдарға экспертиза жасалатын тәсілдер туралы терең білім берді. Бірақ ГОСТ бойынша жасалатын қалдықтарды анықтау тәсілі қарапайым екенін түсіндім. Сол үшін мен оны автоматизациялау тәсілін ойлауға кірістім. Нәтижесінде машиналық оқыту және оны компьютерлік көру тәсілін анықтадым («Анализатор» командасы, Ерқанат Тәшен).

 

- Біздің оқытушы Гүлмира Қуанышқызының арқасында біз байқау туралы білдік. Жетекшіміз бізді байқауға қатысуға шабыттандырды. Біздің стартап құру туралы шешім біздің агротехнологияға деген құштарлығымыздан және ауыл шаруашылығының дамуына үлес қосуға деген ұмтылысымыздан туындады. Біз қарапайым адамдардың алдында тұрған қиындықтар мен мәселелерді көрдік және оларға тиімділікті арттыруға және қаржыны басқаруды жақсартуға көмектесетін инновациялық шешім әзірлеуді ұйғардық.  («AgrоCashFlo» жобасының ұйымдастырушысы Адель Данияр).

 

- Біздің идеямыз – талшықтарды салу. Бұл еріген суды жинайтын және құнарлы топырақтың жоғарғы қабатын жууға жол бермейтін арықтар. Бұл идея тек аграрлық сектор үшін ғана емес, сонымен қатар кейбір өзгерістер енгізілсе, қалалар үшін де жақсы. Биыл Қазақстанның көптеген өңірлері су тасқынына ұшырап, тұрғындар мен кәсіпорындарға айтарлықтай зиян келтірді. Сондықтан біз осындай өзекті мәселені шешуге шабыттандық. Өйткені оның салдарын шешуден гөрі мәселені ескерту оңайырақ. («HydroSwale Solutions/ Swale» жобасынан Захар Абель мен Мадина Мусахан).

 

- Болашаққа деген жоспарыңыз қандай?

 

- Болашаққа деген бірнеше жобаларым бар. Стартаптың лозунгі – «Зертханалық жабдықта компьютерлік көру». Сондықтан жобаларды әрі қарай жалғастырып, жаңа әзірлемелердің тізімін жасаймын. («Анализатор» командасы, Ерқанат Тәшен).

 

- Біздің болашақ жоспарларымыз – стартапты дамытуды жалғастыру және оны коммерциялық табысқа жеткізу. Біз өз жобамызда үлкен әлеуетті көріп отырмыз және агротехнология саласындағы негізгі ойыншылар болуға ұмтыламыз. Сондай-ақ инвестиция тартуға, клиенттік базамызды кеңейтуге ниеттіміз. Ерекше ынтамыз бен адалдықтың арқасында агротехнология нарығында табысқа жететінімізге сенімдіміз. («AgrоCashFlo» жобасының ұйымдастырушысы Адель Данияр).

 

- Ең алдымен мен оқуды аяқтағым келеді, содан кейін қажетті тәжірибе мен білімге ие бола отырып, үлкен стартаптарды бастауды жоспарлаймын. Әзірге бірінші курс студенттері екендігімізді ескере отырып, жобалауға әлі ерте болса да, бірақ бір нәрсе анық студенттер қазір өзекті мәселелерді шешудің жолдарын іздеп жатқанын біле отырып, болашақ бізге соншалықты сұр болып көрінбейді. («HydroSwale Solutions/ Swale» жобасынан Захар Абель мен Мадина Мусахан).

 

Сұхбатты жүргізген Ясмина Найзақұл