Басты бет / Жаңалықтар / Бақытты балалар әлемі
Бақытты балалар әлемі

Просмотров: 470

Бүгін С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ-да  1-маусым Халықаралық балалар күні мерекесіне орай «Бақытты балалар әлемі» атты бүлдіршіндерге арналған мерекелік бағдарламалық шарасы өтті. Қай халықтың болмасын, елдігін, салт-дәстүрін, ата-мекенін болашаққа апаратын бүгінгі жас ұрпағы. Дүниеде баладан асыл, сәбидің күлкісінен қымбат қазына жоқ. Бала-біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Өнерлі бүлдіршіндер шарада өз өнерлерімен жиналған қауымның ықыласына бөленді. Мәдени-бұқаралық жұмыстар және тәрбие -әлеуметтік департаменті, спорт клуб және әскери кафедраның ұйымдастыруымен ең кішкентай қонақтар үшін мерекелік концерттік бағдарлама, интерактивті ойындар,  бүлдіршіндерге арналған би, театрдан арнайы келген қуыршақтар мен кейіпкерлер, әскери кафедраның шеберлік сағаты, ұлттық ойындардан сайыстар, көңілді старт ойындары мен “Балалар әлемі” сурет салу байқауы ұйымдастырылды.

Мерекелік шараның соңында барлық белсенді қатысқан бүлдіршіндерді университет атынан  алғыс хаттар табысталып,  тәттілер таратылды.