Басты бет / Жаңалықтар / Біліктілікті арттыру курсы өтуде
Біліктілікті арттыру курсы өтуде

Просмотров: 658

2024 жылдың 10 маусымында С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ Профессорлы-оқытушылық жұмыс орталығы мен «Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы» факультетінің  «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу технологиясы» кафедрасының бірлескен ұйымдастыруымен «Етті бағыттағы ірі қара малын кешенді бағалау (бонитерлеу)» тақырыбында мал шаруашылығы саласының мамандарының  кәсіби біліктіліктерін арттыру курсы басталды. (72 сағ.)

Біліктілік арттыру курсының тыңдаушылары қатарын Қазақстанның әр өңірінің, атап айтқанда Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Алматы және Ақмола облыстарының мал шаруашылығы саласының білікті мамандары құрайды.

Курс жетекшісі - ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент Н.Ж. Қажығалиев.

Курстың негізгі мақсаты – етті бағыттағы ірі қара малын селекциялық белгілер жиынтығы бойынша кешенді бағалаудың (бонитерлеу) замануи әдістері мен тәсілдерін меңгерту.  

Біліктілік курсын өту барысында тыңдаушылар етті бағыттағы ірі қара малының тұқымдары мен стандарттарын, өсіру әдістерін зерделейді, бағалау барысында қолданылатын нормативтік құжаттармен танысады. Сондай-ақ дене құрылысы мен экстерьерін бағалау (3D интерактивті технология тәсілдерімен) талаптарына сәйкес жалпы дамуының баптарын дұрыс анықтап, бағалау және ақпараттық талдау жүйесіне бонитировка нәтижелерін тіркеу жолдарын жетік меңгеретін болады. Сондай-ақ, тыңдаушылар курс аясында етті малды бағалау бойынша  шаруашылық базасында практикалық тренингтен өтеді.