Басты бет / Жаңалықтар / Білім алу мен үйрену жас талғамайды
Білім алу мен үйрену жас талғамайды

Просмотров: 209

           Ардагерлер мен зейнеткерлерге қамқорлық жасау, егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, оның ішінде жүйелі бос уақытты ұйымдастыру, ішкі шығармашылық әлеуетті іске асыру үшін жағдай жасау, оларды қоғамның белсенді өміріне тарту мемлекеттік саясаттың басым бағытттарының бірі болып табылады.

Осы бағытта жасы ұлғайған азаматтарды қоғамға әлеуметтендірудің маңызын ескере отырып, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ «Күміс университеті» жұмысын жалғастырып келеді.

Бүгін 31.05.2024 ж. «С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ» КЕАҚ Профессорлы-оқытушылық жұмыс орталығында «Компьютерлік сауаттылық: дағдылар мен машықтар» тақырыбы бойынша оқыту курсын аяқтаған Күміс университеттің  кезекті тобына сертификаттар табысталды.

«Күміс университеттер» моделі зейнеткерлер мен егде жастағы адамдарға өмірдің жаңа мәнін табуға, өзін-өзі жаңа қырынан көрсетуге, өмірлік белсенділікті арттыруға және қарым-қатынас шеңберін кеңейтуге көмектеседі.