Басты бет / Жаңалықтар / Білім күні құтты болсын!
Білім күні құтты болсын!

Просмотров: 74

Құрметті Сейфуллин университетінің студенттері мен оқытушылары!

Білім күні мерекесімен тұспа-тұс келген 2024-2025 жаңа оқу жылымен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

1 қыркүйек - студенттер үшін білім мен ғылымға саяхат сыйлайтын мереке ғана емес, жастық шақтың ұмытылмас атмосферасына енуге мүмкіндік беретін күн.

Мен баршаңызды Білім күнімен құттықтаймын, осы оқу жылы біздің студенттерге өз қабілеттері мен таланттарын көрсетуге мүмкіндік берсін деп тілеймін. Әр күндеріңіз жаңалықтарға толы болсын!

Құрметті оқытушылар, сіздердің қажырлы еңбектеріңізге табыс, өздеріңізге зор денсаулық пен оптимизм тілеймін!

Білім күні студенттеріміздің Сейфуллин университетінде биік арман-мақсаттарға қадам басқан күні болсын. Қайырлы жол тілеймін!

Ізгі ниетпен,

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Басқарма төрағасы-Ректоры, ҚР ҰҒА академигі Қ.М.Тіреуов