Басты бет / Жаңалықтар / Қазақстан Республикасының Конституциясы күні құтты болсын!
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні құтты болсын!

Просмотров: 175

Құрметті Сейфуллин университетінің студенттері мен оқытушылары!

Сіздерді – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуі Негізгі Заңның барлық қағидаларын толық жүзеге асыруына тікелей байланысты. Ата Заңымыз -  егемендігіміздің берік іргетасына, еліміздің табысты дамуы мен әлемдік деңгейдегі беделінің тұрақты кепілі.

Конституция салауатты және табысты қоғамның негізгі құндылықтарын белгілей отырып, азаттық, таңдау құқығы,  бірлік, экономикалық өрлеу мен әл-ауқат,білім алу,  еңбек ету құқығы, ар-ождан бостандығына қол жеткізді.

Негізгі Заңның қабылдануы -  еліміздегі баға жетпес құндылық болып  Адам танылып, демократиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет құру бағыты айқындалды.

Ата Заң біз үшін Қазақстан халқының ынтымағының белгісі. Еліміздің одан әрі дамуы мен гүлденуі үшін қызмет ететін ауыл шаруашылығы ғылымының орны ерекше. Сейфуллин университетінің ғалымдарының болашақ мамандарға білім бере отырып, кәсіби тұрғыдан жан-жақты дамуына атсалысып келеді. Біздің бұл жұмысымыз ел өркендеуінің берік іргетасы. Осындай құқықтармен қамтамасыз еткен Ата Заңымызды ұлықтау – егеменді еліміздің әрбір азаматының қасиетті борышы.

Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, ғылымда үлкен жетістіктер мен  сәттілік тілеймін!

Ізгі ниетпен,

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Басқарма төрағасы-Ректоры, Қр ҰҒА академигі Қ.М.Тіреуов