Басты бет / Жаңалықтар / Бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз
Бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз

Просмотров: 47

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің басшысы, генерал-майор Д.М.Малахов С.Сейфуллин атындағы ҚаАТ3У Басқарма төрағасы-Ректоры, ҚР ҰҒА академигі  Қ.М.Тіреуовтің атына еліміздің жастарыныдың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған бірінші форумын ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін зор алғысын білдіріп, өзінің игі тілектерін білдірген болатын.

Өз кезегінде С.Сейфуллин атындағы ҚаАТ3У Басқарма төрағасы-Ректоры, ҚР ҰҒА академигі  Қ.М.Тіреуов ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің басшысы, генерал-майор Д.М.Малаховқа өскелең ұрпақтың жан-жақты, үйлесімді дамуы үшін бірлесе жұмыс істеуге дайындығын білдірді.

«Құрметті Дмитрий Михайлович!

Сіз жіберген Алғыс хатқа рахметімді айта отырып, жастардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмыстарды бірлесе атқаруға әрдайым дайын екендігіміді білдіргім келеді.  

 Қазіргі кезде еліміздің ауыл шаруашылығына қаржылық тұрғыда сауатты, дайындығы мықты жастардың барып, агросекторымызда жұмыс істеуі біз үшін өте маңызды. Сондықтан, біз ҚР Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп жұмыс істеуге және жастарға қаржылық білім беру жұмыстарын бірге жүзеге асыруға дайынбыз»,- деді С.Сейфуллин атындағы ҚаАТ3У Басқарма төрағасы-Ректоры, ҚР ҰҒА академигі  Қ.М.Тіреуов.