Басты бет / Жаңалықтар / Егіншілік және өсімдік шаруашылығы кафедрасының себу науқаны
Егіншілік және өсімдік шаруашылығы кафедрасының себу науқаны

Просмотров: 858

Себу алдындағы жүргізілетін көктемгі танаптық жұмыстар аяқталғаннан кейін жақында кафедраның профессорлық - оқытушылар құрамы, докторанттар мен магистранттары «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС танаптық учаскесінде себу жұмыстарын сәтті өткізді.

Көптеген жылдар бойы 1 га учаскеде «Егіншілік және өсімдік шаруашылығы» кафедрасы дәнді, дәнді-бұршақ, майлы, жем-шөп және техникалық дақылдарды себеді, оның ішінде 0,5 га алқапты кафедраның «егіншілері»  айналысатын сүр танапқа қалдырады.  Себу жұмыстары оқытушылар мен білім алушылардың зерттеулері шеңберінде жүргізіледі. Кафедраның докторанттары қорғаған диссертациялық зерттеулердің жартысынан көбі осы учаскеде жүргізілген. Ғылыми-зерттеулерден басқа, білім алушыларға дақылдардың түршелерін оқытуда қолданылатын оқу материалдарын жинау үшін жыл сайын коллекциялық питомник себіледі.

Ағымдағы жылы «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ 2016 жылдан бастап серіктесі Солтүстік - батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінің (Қытай) ғалымдары қытайлық селекция сорттарынан тек бұршақ дақылдарының тұқымдарын ғана емес, сонымен қатар картоптың микротүйнектері де жіберілді, картоп дақылы суаруды қажет ететіндіктен оларды отырғызу жұмыстары «Найдоровское» ЖШС танаптарында жүзеге асырылатын болады. Кафедра оқытушыларының картопты отырғызу жұмыстары ауа-райын ескере отырып, ағымдағы аптаға жоспарланды.

Себу науқаны сәтті аяқталды - ендігі өнімділік ауа-райына және вегетациялық кезеңде жүргізілетін күтіп – баптауға байланысты болады.