Басты бет / Жаңалықтар / Екі жақты әріптестік шеңберінде атқарылған іс-шаралардың жыл қорытындысы жасалды
Екі жақты әріптестік шеңберінде атқарылған іс-шаралардың жыл қорытындысы жасалды

Просмотров: 340

«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ мен «ЖАС ЛИДЕР» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ернар Қайсарұлының 2023-2024 оқу жылына арналған КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ аясындағы ұйымдастырылған іс-шаралар бойынша жыл қорытындысы жасалынды.

«ЖАС ЛИДЕР» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ернар Қайсарұлы ұйымдастырылған іс-шаралар бойынша белсенділік танытқан «Үздік белсенді студент» номинациясы бойынша экономика факультетінің «Жастар ісі жөніндегі комитетінің» төрағасы, 4-курс студенті Қозыев Шыңғыс Уалиханұлы мен «Үздік топ кураторы» номинациясы бойынша «Есеп және қаржы» кафедрасының аға кураторы Бекбосынова Луйза Жапбаровна және «Экономика» кафедрасының меңгерушісі Темирова Ақмарал Болатовнаны «Алғыс хат» сыйлығымен марапаттады.

Университет басшылығы атынан Басқарма мүшесі - студенттік істер жөніндегі проректор, филология ғылымдарының докторы Құсайынова Жайнагүл Айтмағамбетқызы өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстары мен мемлекеттің гүлдену жолындағы абыройлы істеріне толымды табыс тілеп, «С.Сейфуллиннің 130 жылдығына» орай «Алғыс хатпен» студенттеріміздің туынды сурет естелігін табыстады.

Іс-шара соңында Экономика факультетінің деканы М.Е.Сабырова осы екі жақты әріптестік шеңберінде жыл бойы көптеген қайырымдылық іс-шаралар, тұлғалық, жастарға мотивация мен ұлттық құндылығымызды дәріптеу мақсатында ұлттық ойындар мен түрлі тақырыптағы мағыналы кездесулер ұйымдастырғаны үшін шынайы алғысын білдіріп, келер оқу жылына жаңа жоспарлар бекітуге шақырды.