Басты бет / Жаңалықтар / Экономика факультетінің студенті «Білімнің жұлдызы – 2024» байқауының жеңімпазы атанды
Экономика факультетінің студенті «Білімнің жұлдызы – 2024» байқауының жеңімпазы атанды

Просмотров: 591

«Білімнің жұлдызы» шәкіртақасы «Dauletten» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен 2020 жылдан бері білімді, талантты жастарды қолдау мақсатында ұйымдастырылып келеді.

Шәкіртақы тағайындау мақсаты – еліміздегі колледж және жоғары оқу орындарында оқитын үздік студенттерді әлеуметтік жағдайына байланысты қаржылай қолдау, олардың заманауи қоғамдық талаптарға сай дағдыларын дамыту. Шәкіртақы оқуда, ғылымда және қоғамдық өмірде белсенді, талантты үздік студенттерді ынталандыру үшін беріледі.

«Білімнің жұлдызы – 2024» байқауына Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және еліміздің 17 облысынан шәкіртақы алуға ниетті 987 студенттен өтінім келіп түсті. Биылғы байқау колледж және ЖОО-ның тек ақылы бөлімінде оқитын студенттеріне арналды. Ең үздік 200 студент 100.000 теңге көлеміндегі бір реттік шәкіртақыға ие болды.

2024 жылдың 30-31 мамыр күндері Астана қаласында Республикалық «Білімнің жұлдызы» жастар форумын өткізу жоспарлануда. Форумға Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаттары, министрлік өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысады.

Форум аясында «Білімнің жұлдызы – 2024» байқауының жеңімпаздарын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Dauletten» ҚҚ  кеңесінің Төрағасы Даулет  Мұқаев, ҚР Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау салтанатты түрде марапаттады.

«Білімнің жұлдызы – 2024» байқауында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Экономика факультетінің «Менеджмент және басқару» мамандығының 3 курс студенті Хасен Айым жеңімпаз атанды.