Басты бет / Жаңалықтар / «Ел рәмізі - елдігім»
«Ел рәмізі - елдігім»

Просмотров: 964

 Жуырда С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ-де Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің күні қарсаңында  университет аралық дебатөтті. Сайысқа Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің дебат клубы мен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің  дебат клубы қатысты. Сайыстың ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Архив, кітап ісі және құжаттама басқармасы», «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ директоры Қалқаман Сарин, директордың орынбасары Арай Бекбаулина, «Геральдика зерттеулер» бөлімінің басшысы Асылжан Бижанов, «Рәміздерді насихаттау» бөлімінің басшысы Ажар Ерболғанова, «Ведомстволық және өзге де наградалар» бөлімінің басшысы Әділқайыр Ерзатұлы мен бас мамандар Сұлтан Оразаев пен Әлия Әліпбекова қатысты.

Дебат Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы сауда бренді және Сауда белгілеріндегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы деген тақырыптарда өрбіді. Дебат клубының мүшелері мемлекеттік рәміздердің тауар белгісі ретінде өнеркәсіптің көптеген саласында қолданылуына байланысты өз пікірлерін ортаға салып, ой бөлісті.