Басты бет / Жаңалықтар / Ересек жастағылардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде
Ересек жастағылардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде

Просмотров: 651

    Бүгін «С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ» КЕАҚ Профессорлы-оқытушылық жұмыс орталығында «Күміс университетінің» оқыту курсын аяқтаған тыңдаушыларға сертификаттар тапсырылды. Тыңдаушылар «Компьютерлік сауаттылық негіздері» тақырыбы бойынша 2024 жылдың 13 мамырында басталған  оқыту курсын сәтті аяқтады.

Курс тыңдаушылары зейнет демалысындағы қалыпты өмірлерін түрлендіріп, қайтадан партаға отырып, заман талабына сай білім алып, жаңа ақпараттық технологиялар бойынша дағдылар мен машықтарды игергендеріне өте қуанышты.

Назарларыңызға Людмила Викторовна Никифорованың  тыңдаушылар  атынан курс туралы білдірген оң лебізін ұсынып отырмыз. 

«Университет басшылығына, Профессорлы-оқытушылық жұмыс орталығының менеджерлеріне «Күміс университеті» моделі бойынша курстар ұйымдастырып, өткізгендері үшін ризашылық білдіреміз. Сондай-ақ курс бағдарламасын зерделеу барысындағы мазмұнды дәрістер мен қызықты  практикалық сабақтар үшін курс тренері Даут Мухарбекович Цицкиевке жеке алғысымызды білдіргіміз келеді. «Күміс университеті» тамаша жобасы аясында өткізілген оқыту курсы бізге зейнет жасында да  белсенділік танытып, үздіксіз білім алу жолында жаңа дағдылар мен машықтарды игеруге, өз қалауымыз бен мүмкіндіктерімізді қанағаттандыруға жол ашты», - деп атап өтіп, ол Университет ұжымына зор шығармашылық табыс, тұрақты даму және өркендеу тіледі.

Күміс университетінің тыңдаушылары үшін IT-технологиялар, компьютерлік сауаттылық негіздері және мессенджерлермен жұмыс сұранысқа ие болды.