Басты бет / Жаңалықтар / Қалдықтарды қалай басқаруға болады?
Қалдықтарды қалай басқаруға болады?

Просмотров: 481

2024 жылғы 26-28 маусымда  «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ-да EU ERASMUS+618715-EPP-1-2020-1-DE-EPPKA2-CBHE-JP «Қалдықтарды басқару» / Un Waste магистрлік бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жолымен серіктес елдерде тұйық цикл экономикасын дамыту» арқылы серіктестер халықаралық білім беру жобасы шеңберінде өткізілетін «Айналмалы экономика және тұрақты даму» атты 7-шы семинар өтеді.

Семинар жұмысына серіктес жоғары оқу орындарының өкілдері қатысады: Висмар қолданбалы ғылымдар, технологиялар, бизнес және дизайн университеті, Висмар, Германия (жобаның грандхолдері); Таллин технологиялық университеті, Таллин, Эстония; А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті (жобаның елдік координаторы), Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті және С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті.

Семинар барысында қалдықтарды басқарудың еуропалық және қазақстандық жүйелерінің ерекшеліктері талқыланып, қазақстандық серіктес университеттердің профессорлық-оқытушылық құрамы, магистранттары мен студенттері үшін кәсіпорындардағы айналмалы экономика және тұрақты кәсіпкерлік бойынша дәрістер, практикалық сабақтар мен шеберлік сабақтары өткізіледі.

Өтетін орны: техникалық факультет, BigData аудиториясы (4204)