Басты бет / Жаңалықтар / «Қаржы орталығы» АҚ өкілімен кездесу
«Қаржы орталығы» АҚ өкілімен кездесу

Просмотров: 784

2024 жылғы 4 маусымда С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ базасындағы ынтымақтастық аясында  «Қаржы орталығы» АҚ өкілі Серікқали Ақзир Серікқалиқызымен университет факультет декандары мен кафедра меңгерушілері арасында кездесу өтті. Отырыста мемлекеттік грант бойынша оқитын түлектерден жас мамандарды міндетті түрде даярлау және «Қаржы орталығы» АҚ мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелерін ойдағыдай біріктіру мәселелері қаралды. Сондай-ақ, мемлекеттік тапсырыс негізінде оқитын жоғары оқу орындарының студенттері мен түлектерінен «электрондық үкімет» порталының 1414 бірыңғай байланыс орталығына жеке мәліметтерін сұрау туралы SMS хабарламалар жіберілді.

Қаржы орталығының бас маманы Ақзира Серікқалиқызы осынау жаңашылдық пен оның артықшылықтарына тоқталып, нәтижесінде мемлекеттік білім беру базасында жеңілдетілген білім алған жас мамандарды – түлектерге жолдама бөлуде Қаржы орталығы мен университеттің түлектеріне мониторинг жүргізу тәртібі туралы айтты.