Басты бет / Жаңалықтар / «Қаржы пирамидаларын қалай анықтаймыз, дроптар деген кім және әлеуметтік желілерде заңды бұзбау жолдары» тақырыбында Форум өтті
«Қаржы пирамидаларын қалай анықтаймыз, дроптар деген кім және әлеуметтік желілерде заңды бұзбау жолдары» тақырыбында Форум өтті

Просмотров: 215

Бүгін,  4 маусымда, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ұйымдастыруымен "АФМ Online 2024" «Қаржы пирамидаларын қалай анықтаймыз, дроптар деген кім және әлеуметтік желілерде заңды бұзбау жолдары" тақырыбында Қазақстанның алдыңғы қатарлы 35 жоғары оқу орындарымен Форум өтті.

Форумға ҚАТЗУ ғимаратындағы ақпараттық орталықтан қатысу үшін арнайы ҚР Қаржы мониторингі агенттігі Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу қызметінің жетекшісі, генерал-майор Д.Д.  Әлиев,  Астана қаласы ішкі саясат басқармасының басшысы Н.И. Әлмұханов, "Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы"ММ Оқу орындары және жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлім басшысының м. а. Е.Н. Айдар  келді.

Форумда Ғылым және жоғары білім министрі С. Нұрбек, Мәдениет және ақпарат министрі А. Балаева, Қаржы министрі М.Тақиев, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Ж. Мәдиев, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы М. Әбілқасымова, Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы Д. Малахов, MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY Басқарма Төрағасы Т. Нәрікбаев, қазақстандық журналист, тележүргізуші Д.Сатжан және қаржы саласындағы белгілі сарапшылар мен блогерлер сөз сөйледі.

Форумда "Қаржы пирамидасын қалай анықтаймыз?", "Алаяқтарға алданса, кім көмектеседі?", "Заң мен жаза қандай?", "Қаржы пирамидасы: қулықтың құрбаны болмас үшін нені білу керек?" т.с.с. өзекті сұрақтар талқыланды.

Форум соңында әрбір азамат Қаржы пирамидалары қаржылық шығындарға әкелетінін және көптеген адамдардың өмірін бұзуы мүмкін күрделі мәселе екенін біліп жүруді тағы да бір ескертті.

Студент-жастарға пайдалы, маңызды ақпараттар талқыланды.