Басты бет / Жаңалықтар / Қазақ тілінің сөйлеу дағдылары үйретілуде
Қазақ тілінің сөйлеу дағдылары үйретілуде

Просмотров: 807

«Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ-ның 2024-2029 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Профессорлы-оқытушылық жұмыс орталығында «Күміс университеті» моделі аясында  «Қазақ тілі: сөйлеу дағдылары» тақырыбы бойынша егде жастағы азаматтарға ақысыз негізде курс өткізілуде. Курс базалық деңгейге арналған тілдік тәжірибеден тұрады. Курс жетекшісі - ф.ғ.к., профессор м.а. Тілектес Жаңабергенқызы Тоқсанбаева.

Курстың басты мақсаты – тыңдаушылардың негізгі тілдік дағдылары: 

- жазбаша және ауызша сөйлеу;

- оқу, тыңдау, жазу және сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Қазақ тілін үйрену бойынша курс бағдарламасында қоғамдық орындарда, яғни, дүкендерде, асханада, дәріханада, көлікте демалыс орындарында және т.б. жерлерде тыңдаушылардың қазақ тілінде еркін сөйлеу дағдыларын қалыптастыру және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту жолдары қамтылған.

Курс барысында тыңдаушылар күнделікті қарым-қатынасқа арналған сөз тіркестерін оқуға, жазуға, ауызша дұрыс қолдануға үйренеді. Сондай-ақ қазақ халқының салт-дәстүрі, мәдениеті мен өнері туралы  танымдарын кеңейту  қарастырылған. 

Курс бағдарламасын толық игерген тыңдаушыларға тіл үйрену курсынан өткендігі бойынша арнайы үлгідегі сертификат беріледі.