Басты бет / Жаңалықтар / Қазақстан және Румыния өкілдері екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады
Қазақстан және Румыния өкілдері екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады

Просмотров: 152

Бүгін, Сейфуллин университетінің Гендельман атындағы залында Румыния делегациясы мен «SOYTEK» компаниясының басшылығы арасында кездесу өтті. Делегация құрамында Румынияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің Сауда-экономикалық жәрдемдесу бюросының басшысы Себастьян Шалару, «Soytek» компаниясының басшысы, Румынияның бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі Стелян Фуя, Елшілік серіктесі Иринел Плоска мен Қазақстан Республикасындағы Румыния Елшілігінің Шығыс Еуропа бойынша менеджері Сюзана Григоренко болды.

Кездесудің беташарын ашқан С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ басқарма төрағасы-Ректоры, экономика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Қ.М.Тіреуов екі ел арасындағы 1992 жылдан бергі орнатылған мәдени, экономикалық, ғылыми және ауыл шаруашылық салаларындағы байланыстар жөнінде әңгімелей келіп, Қазақстан-румын стратегиялық қарым-қатынастары бүгінде достық, өзара түсіністік пен ынтымақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

- Румыния сияқты Қазақстанның ауыл шаруашылығының жетекші салаларының бірі – өсімдік шаруашылығы, ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциялық және тұқым шаруашылығы болып табылады. Жалпы республика бойынша майлы дақылдардың егіс көлемі 2018 жылғы 2800 мың гектардан 2023 жылы 3000 мың гектарға дейін аздап өсті. Егіс алқаптарының өсуімен қатар майлы дақылдар өндірісі де ұлғаюда, ол 2023 жылы 3050 мың тоннаға жетіп, 2018 жылмен салыстырғанда 29%-ға өсті, - деді өз сөзінде Қанат Маратұлы.

Кездесу барысында «Soytek» компаниясының басшысы, Румынияның бұрынғы ауыл шаруашылық министрі Стелян Фуя компания туралы толық ақпарат берді.

«Soytek» – румынияның технологиялық және инновациялық компаниясы бүгінгі күні Еуропаның 15 елінде, соның ішінде Франция, Польша, Германия, Венгрия, Сербия, Румыния және Украинада Штайн генетикасын дамытуда. H2 Optimym инновациялық технологиясын әзірлеп, танаптық дақылдардың суды пайдалануын оңтайландыруымен айналысып келе жатқан STINE SEED - соя тұқымын өндіретін ең ірі компания. 45 млн га алаңы бар АҚШ соя нарығының 2/3 бөлігіне иелік етіп, лицензияланған Stine маркалы тұқымдары арқылы, STINE – жүгері генетикасының жаңа түрін енгізуде әлемдік көшбасшы болып келеді.

Қос тарап таныстырылымнан соң, екі жақты өзара тиімді қатынастарды талқылап, ұзақ мерзімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге деген өзара қызығушылықтарын растады.

Мақпал Орынбетова