Басты бет / Жаңалықтар / Қазақстандықтар дүйсенбі – Құрбан айт күні демалмайтын болды
Қазақстандықтар дүйсенбі – Құрбан айт күні демалмайтын болды

Просмотров: 701

17 маусым демаламыз ба? ҚМДБ және Еңбек министрлігінің Құрбан айт мерекесі туралы түсіндірмесін ұсынамыз. Бүгін, 2024 жылғы 7 маусымда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) Құрбан айтқа қатысты маңызды мәлімдеме жасады.

Бүгін һижри жыл санауы бойынша зул-хижжа айы басталды. Яғни Арапа күні биыл 15 маусымға сәйкес келеді. 16 маусым – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні.

Ислам дінінде қасиетті күндер, түндер және айлар қамари жыл санауы негізінде анықталады. Мұндай жыл санақ ай фазасының өзгеруіне қарай есептеледі. Жаңа айдың (һиләлдың) көрінуімен жаңа ай басталады. Қамари ай кейде 29 не 30 күн болады.

Зул-хижжа айын анықтау үшін зул-қағда айының 29-нда айды бақылайды. Күн батқан кезде жаңа ай көрінсе, келесі күні зул-хижжа айы басталған болып саналады. Егер ауа бұлтты болып, ай көрінбесе, зул-қағда айын 30 күнге толықтырады. Осыған орай, 2024 жылы 6 маусымда жаңа айдың көрінуіне байланысты биыл зұлхижжа айы 7 маусымда басталып, арапа 15 маусымға, ал құрбан айт 16 маусымға сай келеді.

Бұған дейін хабарланғандай, күнтізбе бойынша 2024 жылы Құрбан айт 17 маусым, дүйсенбіге сәйкес келеді және бұл күн демалыс күні болады деп айтылған.

Заң бойынша, діни мейрам демалыс күндерге түссе, демалыс басқа күнге ауыстырылмайды.

Сондықтан, қазақстандықтар дүйсенбі – Құрбан айт күні демалмайтын болды.