Басты бет / Жаңалықтар / Құдіретті күй күмбірі
Құдіретті күй күмбірі

Просмотров: 562

С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық зерттеу университетінің қолдауымен Шығармашылықты дамыту орталығы жанындағы «Шабыт ұлт-аспаптар» ансамблінің ұйымдастыруымен «Алтын домбыра 2024» күйшілер байқауы болып өтті.

Байқауда С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Тұран Астана, Астана халықаралық университеті, Қазақ ұлттық өнер колледжі және Еуразия ұлттық университетінен топқа қосылған 8 үміткер өзара бақ сынасты. Дүбірлі додаға Байсағатов Бекболат Төкешұлы, Сүлейменова Мөлдір Айдынбекқызы, Темірбеков Ерғали Құлбайұлы сынды мәдениет саласының майталмандары қазылық жасады.

Конкурс қортындысы бойынша қатысушылар жүлделі орындарға ие болып, бағалы сыйлықтармен мараппатталды.

Алдағы уақытта байқаудың ауқымы кеңейіп, дәстүрлі түрде жалғасын таппақ.

Ұлттық өнеріміздің бәсі биік болғай!