Басты бет / Жаңалықтар / Республика бойынша ЖОО қабылдау комиссиялары өз жұмыстарын бастады
Республика бойынша ЖОО қабылдау комиссиялары өз жұмыстарын бастады

Просмотров: 1068

«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ қабылдау комиссиясы 2024-2025 оқу жылына талапкерлерді қабылдау жұмысын 20-маусымнан бастады.

Қазақстандағы ең ірі аграрлық және техникалық жоғары оқу орнына қош келдіңіз!

Сұранысқа ие, тұрақты табыс көзі болатын білім алығыңыз келсе біздің есігіміз әрдайым ашық.

«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ барлық талапкерлерді қабылдауға дайын. Құжат тапсырып, білім бәйгесіне қатынасып өз өмірін алтын бесігіміз ауылмен байланыстырамын деген талапкрлерге барлық мүмкіндіктер жасалған. Сонымен қатар www.kazatu.edu.kz виртуалдық қабылдау комиссиясы арқылы да құжат қабылданады. Қызмет көрсету өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Қабылдау комиссиясының жұмысына 50 қызметкер жұмылдырылған. Құжат тапсыруға келген талапкерлер және олардың ата-аналарына ыңғайлы болу үшін барлық жағдай бар: 2 қызмет көрсету залы, 300 орындық күту залы, электронды кезек жүйесі, ақпараттық жүйе арқылы да құжат қабылдау жұмыстары жүргізіледі.

Қабылдау комиссиясы таңертеңгі сағат 09:00-ден бастап, кешкі 18:00-ға дейін жұмыс істейді.

Талапкерлер университеттегі мамандықтар туралы толық ақпаратты (https://kazatu.edu.kz/) сайтынан және әлеуметтік желілердегі парақшаларынан таба алады.

Құрметті жас түлек!

Алтын бесік ауылдың тірегі бола білуге дайын болсаңыз бізге келіңіз! 

Біз Сіздерді күтеміз!

 

Мекен жайымыз: Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 62.

Қабылдау комиссиясы:

Тел.: 8(7172) 317-556, 398-018