Басты бет / Жаңалықтар / Қытайлық ғалымдармен кездесу
Қытайлық ғалымдармен кездесу

Просмотров: 644

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры, ҚР ҰҒА академигі Қ.М.Тіреуов Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университет кеңесінің Төрағасы Хуан Сигуан мырзамен және Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінің өкілдерімен кездесіп, серіктестікті арттыру бойынша өзара пікір алмасты.

- Өздеріңіз білетіндей, университетіміз студенттер мен оқытушылар құрамымен алмасу, кәсіби құзыреттілігін арттыру, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру мақсатында тағылымдамадан өту және мамандарды даярлау аясында Қытай елінің жетекші университеттерімен ынтымақтастықты дамытып келеді. Соның ішінде Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетімен бірлесе атқарып отырған іс-шараларымыздың орыны біз үшін өте маңызды,- деді Қанат Маратұлы кездесу барысында.

Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университет кеңесінің Төрағасы Хуан Сигуан мырза өз кезегінде ілтипат білдіргені үшін және ҚазАТЗУ базасындағы екі жақты кездесу үшін оқу ордасының басшылығы мен ұжымына ризашылығын жеткізді. Өз сөзінде Хуан Сигуан мырза университеттің негізгі міндетіне тоқталып, бірқатар ұсынысын ортаға салды.

Жүздесуде ҚазАТЗУ басшысы Қ.М.Тіреуов орман шаруашылығы маңызды салалардың бірі екенін айта келе, Қытай ғалымдарының айтқан ұсыныстарын қарастыруға әзір екендігін  жеткізді.

- Біздің университетізде «Қытай-Қазақстандық азық-түлікті өңдеу және қауіпсіздікті бақылау технологиясының демонстрациялық паркінің» ашылуына дайындық жұмыстарын Солтүстік-батыс ауыл және орман шаруашылығы университетіндегі әріптестерімізбен бірлесе отырып, жүзеге асыру жолындамыз. С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ өзара ынтымақтастықты дамыту және ынтымақтастық салаларын ұлғайту барысында, сонымен қатар олардың даму қарқынын арттыру мақсатында бірлескен іс-шараларды ойдағыдай нәтижеге жеткізу үшін бірқатар жұмыс жасауда, - деп атап өтті Қанат Маратұлы.

Кездесуге  ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің және Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының өкілдері мен Сейфуллин университетінің басшылары қатысты.

Кездесу соңында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры, ҚР ҰҒА академигі Қ.М.Тіреуов Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университет кеңесінің Төрағасы Хуан Сигуан мырзаны университетіміздің ең жоғарғы наградасы С.Сейфуллин медалімен марапаттап, қос тарап сыйлықтармен алмасты.

Бүгінгі кездесу ғылым мен ауыл шаруашылығы саласында технологиялар мен тәжірибе алмасу барысында ықпалды іс-шара болатынына сенім білдіреміз.

                                                                                                 Мақпал Орынбетова