Басты бет / Жаңалықтар / Өлеңмен өрілген өмір
Өлеңмен өрілген өмір

Просмотров: 415

12 маусым күні сағат 11:00-де Бас ғимараттың М.А.Гендельман мәжіліс залында «Өлеңмен өрілген өмір» атты әдеби-танымдық кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Қазақстанның құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, «Қазақстан» телерадиосының ардагері Қазына Сәдуақасқызы Нұрқанова қатысып, отбасы құндылықтары, поэзия әлемі және өмірлік зайыбы Жарасбай Әнесұлы Нұрқановтың шығармашылығы жайлы және белгілі ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері туралы ерекше естеліктерімен бөлісті. Ақын-жазушылар Сәбит Мұқанов, Герольд Бельгер, Бексұлтан Нұржекеев, Дулат Исабеков және Тахир Балықбаев сияқты қыл қалам шеберлерімен болған поэзиялық және әдеби-шығармашылық кештердегі қайталанбас естеліктер кездесудің сәнін келтіріп, тыңдармандарды әдебиет әлемінің көкжиегіне апарғандай әсер қалдырды.  

 Кеш барысында, Қазына Сәдуақасқызы халқымыздың рухани құндылықтары жайлы баяндай келіп, ақын апамыз өзінің өмірлік жолдасы, Жарасбай Әнесұлының өлеңдерін оқып, тыңдармандарды өзінің асқақ дауыс ырғағымен тәнті етті.

 С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Басқарма мүшесі - ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі проректор, физика-математика ғылымдарының кандидаты Ержан Өмірханұлы Сырғалиев құрметті қонағымызды университетіміздің ең жоғарғы марапаты «С.Сейфуллин» медалімен марапаттап, сертификат пен куәлікті табыс етті.