Басты бет / Жаңалықтар / ЕҰУ студенттері Сейфуллин университетінде молекулалық биология және иммунохимия курстарынан өтті
ЕҰУ студенттері Сейфуллин университетінде молекулалық биология және иммунохимия курстарынан өтті

Просмотров: 471

«С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ» КЕАҚ Профессорлық-оқытушылық жұмыс орталығында 2024 жылдың 2 сәуірінде басталған «Молекулярлық биология» және «Иммунохимия» тақырыбы бойынша оқыту курстарын сәтті аяқтаған тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.

Аталған оқыту курстарына Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ 3 курс студенттері қатысып, білімдерін арттырды. Студенттер Университеттің Ауыл шаруашылығы биотехнологиясы ғылыми-өндірістік платформасының (АШБҒӨП) базасында өткізілген экскурсиядан кейін, олардың зертханада жүргізіліп жатқан зерттеулер мен заманауи жабдықтарға қызығушылықтары артып, оқыту курсына ұсыныс жасады.

Курстың мақсаты: молекулалық биология мен иммунохимияның теориялық және практикалық негіздерін оқыту.

Екі бағыт бойынша курстық бағдарлама нуклеин қышқылдарын (ДНҚ/РНҚ) бөліп алудың әртүрлі әдістерін, талдау нәтижелерін ескере отырып  полимеразды-тізбекті реакцияны (ПТР) қою және жүргізу негіздерін, иммуноферменттік талдауды (ИФТ), электрофорезді және иммуноблотингті жүргізуді, сондай-ақ макрофагтар мен иммундық спленоциттерді оқшаулау, жануарлар жасушаларын криоконсервациялау сияқты жасушалық жұмыстарды жүргізуге арналған қоректік орталарды дайындауды қамтыды.

Курстар сәтті аяқталып, тыңдаушылар әр тақырып бойынша жаңа теориялық білім мен практикалық дағдыларға ие болды.

«Университет басшылығына, профессорлық-оқытушылық жұмыс орталығына, ауыл шаруашылығы биотехнологиясы ғылыми-өндірістік платформасының ғылыми қызметкерлері Жұмалин Айбек Хасиетұлы мен Сыздықова Альфия Сафиоллақызына дәрістерді кәсіби деңгейде өткізгендері үшін және зертханада жұмыс істеу барысында берген жаңа білім мен тәжірибелік дағдылары үшін зор алғысымызды білдіреміз»,- деп Даниал Концевой курс тыңдаушылары атынан өз ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ, олар университет ұжымына жаңа ғылыми жетістіктер мен өркендеу тіледі.