Басты бет / Жаңалықтар / Кәсіби бағдар беретін кездесу
Кәсіби бағдар беретін кездесу

Просмотров: 992

«Топырақтану және агрохимия» кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а. Кекілбаева Гүлнұр Рахманқызы 2024 жылдың 20-21 мамыры аралығында Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының Сунақата ауылы №194 орта мектебінің, Сүттіқұдық ауылы №52 Б.Аралбаев атындағы орта мектебінің, Төменарық ауылы №53 А.Д. Романов атындағы жалпы орта мектебі мен №223 орта мектебі, Қожамберді ауылының №162 орта мектебінің бітіруші түлектерімен кездесіп, кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді.

Кәсіптік бағдар жұмысы бойынша кездесулер әр мектепте жеке-жеке жүргізілді. Мектеп түлектерімен кездесуде «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ бойынша факультеттер және олардың білім беру бағдарламалар тобымен таныстырып, буклеттер таратылды. Кездесу соңында оқушылар қойған сұрақтарға жауап берілді. Бұл алдағы уақытта талапкерлерге дұрыс таңдау жасауға үлкен септігін тигізеді деп сенеміз.