Басты бет / Жаңалықтар / Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының өкілдері Сейфуллин университетінде
Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының өкілдері Сейфуллин университетінде

Просмотров: 817

Бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) Венгриядағы Аймақтық кеңсесінің және Қазақстан Республикасындағы ФАО-ның серіктестік және байланыс кеңсесінің өкілдері С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде болды.

Делегация Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы, Орман шаруашылығы, Жануарлар дүниесі және қоршаған орта, Жерге орналастыру, Сәулет және дизайн, Техникалық-экономикалық факультеттерінде болып, олардың қызметімен танысты.

 

ФАО-ның корпоративтік саясатына сәйкес, өкілдер Қазақстандағы ФАО-ға қатысты жобаларды суретке түсіру үшін Қазақстанның оңтүстік және солтүстік аймақтарына барады. Ал, ФАО мен ҚазАТЗУ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында өкілдер университет қызметкерлерімен жұмыс кездесулерін өткізіп, фото және бейне түсірілімдер жүргізді. Кадрлар мүдделі тараптар мен қалың жұртшылық арасында азық-түлік қауіпсіздігі, БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттары, ғылым мен білім саласындағы бірлескен іс-шаралардың нәтижелерін көрсету мақсатында  пайдаланылады.

Делегация құрамында ФАО-ның Будапешттегі аймақтық кеңсесінің коммуникациялар жөніндегі маманы Романо Маттиа, Қазақстандағы ФАО бағдарламасының үйлестірушісі Жаңыл Бозаева, ФАО-ның Қазақстандағы өкілі Самат Қайырбеков болды.

Делегация үшін университетіміздің оқу бағдарламасына ФАО «Rural Invest» білім беру құралын енгізген ҚазАТЗУ екенін ерекше атап өткен жөн.

Жалпы, 2022 жылдан бері осы оқу құралды енгізу бойынша 6 оқыту іс-шарасы өткізілді. Тренинг ФАО мамандары әзірлеген Rural Invest арнайы бағдарламалық өнімін пайдалана отырып, қаржылық көрсеткіштерді есептеу және кейіннен инвестиция тарту, қаржы институттарынан несие алу үшін бизнес-жоспар құру бөлігінде қатысушылардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Тренингтердің нәтижелері бойынша «Ауыл шаруашылығына инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу», «Модельдеу, талдау және аудит бойынша қолданбалы бағдарламалар» сияқты пәндер бойынша оқу бағдарламасына Rural Invest құралдарын зерттеу енгізілді.

Ветеринариялық медицина факультеті делегация өкілдері үшін өте қызықты болды: делегация Қазақстан-Қытай бірлескен зертханасын, Қазақстан-Чех акваөсіру бірлескен орталығын, Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі зертханасын және Паразитология мұражайын тамашалады.

Содан соң делегация мүшелері биотехнологиялық орталық пен Агроэкологиялық сынақ орталығына барды.

Техникалық факультет ғимаратында қонақтарға 3D визуализация орталығы, Робототехника және мехатроника орталығы және тамақ өнімдерін өңдеу зертханасы таныстырылды.

ҚазАТЗУ қызметкерлерімен кездесулер барысында ауыл шаруашылығының экономиканы дамытудағы маңыздылығы мен рөлі туралы қоғамның кең ауқымын хабардар ету мақсатында науқандарға материалдарды бірлесіп дайындау саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері көтеріліп, осы салада бірлесіп жұмыс атқару туралы жоспарлары талқыланды.