Басты бет / Жаңалықтар / Шеберлік сырымен бөліскен сағаттар
Шеберлік сырымен бөліскен сағаттар

Просмотров: 724

Ұлттық ветеринариялық конференция аясында С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Ветеринариялық медицина» кафедрасында «Профессорлық-оқытушылық жұмыс орталығының» көмегімен 2024 жылдың 30 мамыр мен 4 маусым аралығында ветеринария саласының келесі бағыттары ветеринариялық анестезиология, ветеринариялық офтальмология және пульмонология, нефрология, неврология, электрокардиография, эндокринология бойынша шеберлік сабақтары өткізілді. Шеберлік сабақтарын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының жетекші мамандары өткізді.

Анестезиология секциясы бойынша шеберлік сабақтарын: Цинн Владислав, Өскемен қаласы. ("ZOOVITA" ВМО маманы) және Малышева Дарья, Санкт-Петербург қ., ("Доктор Котова" ветеринариялық клиникасының дәрігері) аймақтық анестезия мен эпидуральді анестезияның ерекшеліктері, жергілікті анестетиктердің ықтимал нұсқалары зерттелді.

"Офтальмология: Офтальмологический прием,офтальмоскопия, УЗИ глаза" бағыты бойынша мастер-класста Олег Ястребов, Санкт-Петербург ветеринар-офтальмолог, ESVO (European Society of Veterinary Ophthalmology), ISVO (International Society of Veterinary Ophthalmology), RSVO (Russian Society of Veterinary Ophthalmology) қазіргі мүшесі. Мастер-класста отандық офтальмологияның заманауи шындығына бейімделген ақпараттар мен материалдар, диагностика мен терапияның қазіргі заманғы әдістері талқыланды

"Пульмунология для всех" секциясын мастер-классты Малышева Дарья, Санкт-Петербург қ., ("Доктор Котова" ветеринариялық клиникасының дәрігері) өткізді және келесі тақырыптар зерттелді: тыныс алу жүйесінің жиі кездесетін аурулары, анатомия, физиология, диагностика мәселелері қаралды, созылмалы ауруы бар пациентті тексеру схемалары қарастырылды.

1-2 маусымда «Rixos President Astana» қонақ үйінде Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының білікті мамандары мен ғалымдарының қатысуымен Ұлттық ветеринариялық конференция өтті. Конференцияға С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің оқытушылары мен студенттері қатысты. Конференцияда жануарлармен жұмыс істейтін әрбір маманның заманауи білім алу мүмкіндігі, емдеу-диагностикалық және зертханалық жабдықтар, заманауи профилактикалық және емдік препараттар, ең жақсы азық, иттер мен мысықтар ауруларының алдын алу мен емдеудегі жаңа технологиялар бағыттары бойынша тақырыптар талқыланды. Кардиология, анестезиология, офтальмология, нефрология гастроэнтерология, травматология және ортопедия, неврология, жануарлардың мінез – құлқы, менеджмент, онкология, визуалды және лабораториялық диагностика, онкология секциялары бойынша мәселелер қарастырылып талқыланды.

"Электрокардиография:эхокардиография бойынша гемодинамиканы бағалау" мастер-классы өтті. Мастер класта эхокардиографияда жүрек өлшемдерін, жүрек камераларын,жүрек камераларының жиырылуын,ағындардың жылдамдығын, жүректің диастолалық қызметін бағалау әдістері қаралды.Шеберлік сабағын -  Мәскеу қаласынан, ветеринарлық кардиолог, "Белый клык" клиникалар желісінің кардиологиялық бөлімінің меңгерушісі. Ветеринариялық кардиологиялық қоғамның президенті, ғылыми комитеттің мүшесі Комолов Андрей өткізді.

"Остеосинтез" Мастер-класында остеосинтез жайлы толық ақпарат бере отырып тәжірибеде бекіту және қолдану әдістерін көрсетті.  Мәскеу қаласынан жетекші хирург және "Skolkovo Vet" ветеринарлық госпиталінің хирургия бөлімінің басшысы. ветеринария ғылымдарының кандидаты, Аovet халықаралық травматологтар қауымдастығының мүшесі, ветеринариялық хирургия кафедрасының доценті, ғылыми комитеттің мүшесі Акимов Антон өткізді.

Зәр шығару жүйесінің патологиялары арасында денсаулыққа және көбінесе өмірге ең үлкен қауіп - бүйрек ауруларынан туындайды. Осы мақсатта Мәскеу қаласынан Крутицкая Надежда, ветеринарлық терапевт, нефролог, уролог. "Нефроуровет" ветеринариялық дәрігерлер қауымдастығының президенті және Викторова Ирина, "Веттеритория"ветеринариялық клиникасының анестезиолог-реаниматолог дәрігері өткізген "Нефрология:уремический криз" шеберлік сабағында зәр шығару жүйесінің патологиясын әлдеқайда ертерек және дәлірек диагностикалау әдістері қаралды.

Эндокринология шеберлік сабағында жиі кездесетін эндокринологиялық ауруларды және бастапқы және қайталама эндокриндік бұзылуларды ажырату қарастырылды. Диагностика және диагноз қою алгоритмдерін анықталды. Шеберлік сабағын Пожарская Дарья, Мәскеу қ., МВА АЕО Дерматология/Эндокринология бөлімінің ғылыми жетекшісі, ветеринар-дерматолог-эндокринолог өткізді

Мастер-класс аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар табысталды.