Басты бет / Жаңалықтар / БАҚ қызметкерлері күні құтты болсын!
БАҚ қызметкерлері күні құтты болсын!

Просмотров: 740

Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

 

 Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - БАҚ қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазіргі әлемде бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі өте зор. Журналистер ел өмірінің маңызды оқиғаларымен және құбылыстарымен таныстырып қана қоймай, қоғамдық пікірді белсенді түрде қалыптастырып, сындарлы күштердің бірігуіне, ізгілік пен әділеттіліктің шынайы мұраттарын бекітуге ықпал етіп келеді. Ақпараттың шынайылығы мен объективтілігі, принциптілігі, жеделдігі және бейтараптылығы, үнемі оқиғалар ортасында болуға деген ұмтылыс, адамдарға көмектесуге дайын болу - бұл тамаша қасиеттер біздің баспа және электрондық басылымдарымыздың лайықты жетістіктерінің құрамдас бөлігі. Журналистеріміз алдыңғы толқын қаламгерлердің даңқты дәстүрлерін жалғастырып, оқырманмен немесе көрерменмен кері байланыс орнатуда. Осыған байланысты оқырмандарды толғандыратын сұрақтарға университет басшылары мен ғалымдарының жауаптарын кез-келген уақытта ала алады. Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің еңбегі өте күрделі және жауапты, өйткені олардың қолындағы - сөз, жер бетіндегі ең қуатты қарулардың бірі. Біз бұл жұмысты әрдайым бағалаймыз. Өйткені, университет тарапынан өткізілетін іс-шаралардың халық арасында таралуына, оқырмандарға түсінікті болуына журналистер атсалысып келеді. С.Сейфуллин университеті үшін БАҚ-пен жемісті және өзара мүдделі ынтымақтастық - ақпараттық саясаттың негізі болып табылады. Бұл ретте университетіміздің Медиа қызметі – қоғамды біріктіру, руханият пен патриотизмді арттыру, жастарды тәрбиелеу сынды міндеттерді абыроймен атқаруда.

Осы айтулы күні журналистердің адал еңбегі, жоғары кәсіби шеберлігі, таңдаған мамандығына адалдығы үшін шынайы алғысымды білдіремін!

 

Құрметті БАҚ қызметкерлері!

Сіздерге шын жүректен шабыт, жаңа идеялар мен шығармашылық жобалардың сәтті жүзеге асуын тілеймін.

Игі тілекпен С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ

Басқарма төрағасы-ректоры,

ҚР ҰҒА академигі Қ.М.Тіреуов