Басты бет / Жаңалықтар / С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ экономика факультетінің оқытушысы ТМД-ның үздік жас ғалымдарының қатарында!
С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ экономика факультетінің оқытушысы ТМД-ның үздік жас ғалымдарының қатарында!

Просмотров: 634

2024 жылғы 28 маусымда университеттің Ғылыми кеңесінің отырысында басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі Проректор Абишева Роза Джанысбековна "Экономика" кафедрасының қауымдастырылған профессорының м.а. Дамира Алматайқызы Айтмұханбетованы "ТМД-ның ҮЗДІК ЖАС ҒАЛЫМЫ-2024" халықаралық жобасының жеңімпазын марапаттау рәсімін өткізді.

Бұл жобаға бүкіл ТМД ғылымының дамуына баға жетпес үлес қосқан үздік ғалымдар қатысты. Бұл жобаның негізгі мақсаты жас ғалымдардың үздік маңызды және инновациялық жобаларын анықтау, ғылыми мүдделерді ілгерілету, ғылымды дамыту үшін ортақ біріктіруші алаң құру болып табылады.

Айтмұханбетова Дамира 30-дан астам ғылыми еңбектердің авторы, Хирш индексі-2. "Үздік педагог-2023" сыйлығының иегері.

Кезекті жетістігіңізбен құттықтаймыз және шығармашылық жеңістер тілейміз!!!