Басты бет / Жаңалықтар / С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің беделі арта түсті. Жұмыс берушілер арасындағы Quaquarelli Symonds жаһандық рейтингтік агенттігі осыны айғақтады
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің беделі арта түсті. Жұмыс берушілер арасындағы Quaquarelli Symonds жаһандық рейтингтік агенттігі осыны айғақтады

Просмотров: 885

2024 жылдың 5 маусымында QS World 2025 әлемдегі ең үздік университеттер рейтингінің нәтижелерімен таныстырды. Жұмыс берушілер арасындағы Quaquarelli Symonds жаһандық рейтингтік агенттігінің мәліметінше С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің беделі арта түскен. 2025 жылы QS рейтингінің іріктеуіне әлемнің түкпір-түкпірінен 5 663 университет іліксе, оған Қазақстанның 21 университеті енген.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің беделі биылғы жылы біршама көтерілді. Университеттің жұмыс берушілер арасындағы беделі 130 позицияға көтеріліп, осы көрсеткіш бойынша әлемнің ең үздік 800 университетінің қатарынан көрінді. Бұл бағыттағы жетістіктің көзі – жұмыс берушілер тарапынан университеттің білім беру бағдарламаларының сапасына сай сұранысының артуында. «Атамекен» ҰКП рейтингісінің нәтижесі осыған дәлел. Осылайша, 2023 жылы бұл рейтинг бойынша, университетіміздің 15 білім беру бағдарламасы қолдауға ие болып, оның ішінде 9 білім беру бағдарламасы ең жоғары орынға шықты. Аккредиттеу және рейтинг жүргізетін тәуелсіз агенттігінің мәліметіне қарағанда, Қазақстандық университеттердің жалпы рейтингісі бойынша Сейфуллин университеті еліміздегі ең мықты үш жоғары оқу орнының бірі. «IAAR Eurasian University Ranking (IAAR-EUR) - 2023» халықаралық рейтингінде Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ сегізінші орында.

Сейфуллин университетінің білім беру бағдарламаларының жоғары бәсекеге қабілеттілігі оның оқу процесіндегі міндетті практикалық құрамдас бөлігімен қамтылуында. Бұл бағытта мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Жұмыс берушілермен тығыз байланыс, дуальды оқытуды жүзеге асыру, жұмыс берушілермен бірлесіп білім беру бағдарламаларын әзірлеу - университет түлектерінің жұмысқа орналасуының жоғары деңгейін қамтамасыз етуде. Студенттерге арналған тәжірибе базаларына еліміздің 140-тан астам ірі кәсіпорындары кіреді. Олар: «Агрофирма Родина» ЖШС, «Атамекен-Агро» АҚ, «Астана-Өнім» АҚ, «Астана-Зеленстрой» ЖШС, «ЖасылАймақ» РМК және т.б.

Германия үкіметінің және Германияның Ниенбург қаласындағы DEULA-Nienburg ауыл шаруашылығы бойынша тәжірибе-оқыту орталығының қолдауымен университететімізде LOGO e.V коммерциялық емес бірлестігі аясында шетелдік тәжірибе базалары құрылған. Осылайша, 2022-2023 оқу жылында студенттердің теориялық және практикалық оқыту бағдарламасы бойынша 2022-2023 оқу жылында ҚазАТЗУ 28 студенті Германияның жетекші шаруашылықтары мен кәсіпорындарында тәжірибеден өтуге шақырту қабылдаса, биылғы 2024 жылы олардың саны екі есеге өсті.

Әлемдегі ең беделді QS рейтингінің нәтижелері, осылайша, ел экономикасының серпінді дамуын қамтамасыз ететін бәсекеге қабілетті кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған университет дамуының дұрыс бағытта екендігін айқындайды.